Жаңалықтар

03.02.2023

Қылмыстық қудалау тоқтатылды

173

Шымкент қаласы

24.01.2023 жылы Шымкент қаласының прокуратурасы «Бо Та-Түркістан» мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігіне қатысты қылмыстық қудалауды қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатты!

«Атамекен» ҚР ҰКП-на және Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілге адвокат Б.Т. Асқаров Қоғамның мүддесі үшін жүгінді, ол Шымкент қаласының Экономикалық тергеу департаменті мен прокуратурасы тарапынан заңсыз қылмыстық қудалаудан қорғауға жәрдемдесуді өтінді.

Белгілі болғандай, 26.08.2022 ж. ЭТД тергеушісі Шымкент қаласының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» ММ-нің (бұдан әрі-ЖҚӘҚБ) және Қоғамның басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізген. «ЭКСПЕРТ АУДИТ KZ» ЖШС тәуелсіз аудиторының 03.08.2022 ж. аудиторлық қорытындысы бұған негіз болды.

Өтініш беруші аудиторлық тексеру ЖҚӘҚБ және Қоғам өкілдерінің қатысуынсыз жүргізілгенін, ол бойынша қорытынды Қоғам орындаған жұмыстар актілерінің көшірмесі және азаматтардың өтініштерінің негізінде жасалғанын атап өтті.

Бас прокуратурамен бірлескен жұмыс нәтижесінде қылмыстық қудалау тоқтатылды!

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Жүрсінов Р.М.

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
service.pravstat.kz
www.e-gov.kz
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі