Жаңалықтар

28.06.2022

Бизнес-омбудсмен: Әрбір екінші кәсіпкер құқық бұзушы болғаны ма?

119

Фото: propozitsiya.com/

 

Қазақстанда бизнеске қойылатын міндетті талаптардың нақты саны қанша екенін ешкім дөп басып айта алмас.

«Біз бизнес субъектілері үнемі әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын көріп отырмыз және жауапкершілікке тартылғандар саны жыл санап өспесе, кеміген жоқ. Егер 2015 жылы бұл сан жылына 235 мыңды құраса, 2020 жылы 620 мыңнан астам болды, бізде 1 млн 350 мың жұмыс істейтін кәсіпкер бар екенін ескеретін болсақ, әрбір екінші кәсіпкер құқық бұзушы болғаны ма», - деді Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов Astana Finance Days 2022 форумында, деп хабарлайды Kazakh24.info тілшісі

Ол сондай-ақ Бас Прокуратураның құқықтық статистика талдауына тоқталып өтті, талдау лауазымды тұлғалардың әрекеттері мен әрекетсіздіктеріне қатысты органдарға түсетін шағымдардың төрт есе артқанын көрсетті, Егер 2015 жылы бұл көрсеткіш жылына 17 мың шағымды құраса, 2020 жылы ол 73 мыңнан асты.

«2016 жылы құрылған сәттен бастап біздің кеңсеге 32 мың өтініш келіп түсті, 42 жағдайда біз кәсіпкерлерге көмектесе алдық. Біз қорғаған мүліктік құқық -  бұл айыппұл санкциялары, мүлікке тыйым салу 260 млрд теңгеден астам соманы құрайды. Егер хронологиялық талдау жүргізсек, институт құрылған бірінші жылы бізге 7200 шағым түсті. Ал өткен жылдың көрсеткіштерін алатын болсақ, 4200 шағым түсті, шағым саны айтарлықтай төмендеген», – деді Рустам Жүрсінов.

Оның пікірінше, шағымдардың төмендеуі омбудсмен бизнесмендердің проблемаларын шешу туралы өтініш білдірген өңірлер әкімдерімен  жүргізіліп жатқан жұмысқа байланысты. Сонымен қатар, Бизнестің 1 103 проблемасынан тұратын республикалық тізілім бар. Оның 620-сы шешілді, қалғандары талқылануда.

«Бәрі керемет дей алмаймын. Әлі де шешімін таппаған проблемалар бар, ыңғайсыз жағдайда қалатын кездер де болады, дегенмен бұл біздің жұмысымыз», - деді омбудсмен.

Ол сондай-ақ Қазақстандағы инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды. Қазіргі уақытта бизнес-ортаны жақсарту бойынша тоғызыншы пакет жұмыс істейді. Егер бұрын 1115 лицензия мен рұқсат болса, бүгінде олар 73%-ға қысқарды. Түрлі мемлекеттік органдарда бақылау функцияларының саны 30%-ға төмендеді, бұрын олар 544 болатын. Мораторийдің арқасында ШОБ тексерістері 9 есе қысқарды.

«Реформалар жүргізген кезде біз қателік жасаған тәріздіміз – о баста мемлекет бизнесті қашан және қайда реттейтіні туралы, ал қашан және қайда реттеуге болмайтыны туралы келіспеген екенбіз. Қандай да бір базалық шарттарды енгізген жоқпыз. Біздің ойымызша, әрбір мемлекеттік қызметші тәуекелдерді басқаруы тиіс. Яғни, адамдардың өмірі мен денсаулығына, экологияға, құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікке, парасаттылыққа қауіп төнсе. Ал қалған жағдайда кәсіпкерлерге еркіндік беру қажет, тек осы жағдайда ғана біз Қазақстанда жақсы бизнес-ахуал қалыптастыра аламыз», - деген пікірде Рустам Жүрсінов.

Бірақ іс жүзінде, мемлекеттік машина күн сайын нормативтік-құқықтық актілер мен бизнеске қойылатын талаптарды жасап шығарады, олар көбінесе бизнестен дербес қабылданады.

«Мен бір кездері бүкіл департаменттен, яғни он адамнан бизнеске қойылатын міндетті талаптардың қанша екенін есептеуді өтінген едім. Олар іске кірісіп те кетті, бірақ алты айдан кейін маған жұмыстан босату туралы өтінішпен келді. Олар талаптардың нақты санына жете алмадық деді, өйткені есептеу мүмкін емес. Алты айдан кейін олар қандай санға тоқтағанын білесіз бе? 30 540. Бұл қусаң жетпейтін сағым тәрізді. Қазақстанда бизнеске қойылатын міндетті талаптардың нақты саны қанша екенін ешкім айта алмайтынына сенімдімін. Біреу 100 мың, біреу 200 мың дейді, және бұл талаптардың барлығы бізге Кеңес Одағынан қалған, ол кезде жеке меншік институты болмаған», - дейді кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл.

Мемлекет басшысы реттеуді таза парақтан енгізуді тапсырды. Омбудсмен әрбір мемлекеттік орган өзінің барлық талаптарын алып, үкіметке комиссияға келуі тиіс деп есептейді, онда 50 де 50 Ұлттық палатаның, бизнес пен мемлекеттік органдардың сарапшылары қатысады. Шенеуніктер өздерінің әр талабын жеті сүзгіге сәйкестігін дәлелдеуі керек, қойылатын талаптар ашық және қол жетімді, салыстырмалы және ұтымды, ғылыми-техникалық прогреске сәйкес келуі тиіс.

«Әрбір талап, әрбір нормативтік-құқықтық акт келісілуі тиіс. Келісілген талап пен нормативтік-құқықтық акт Әділет министрлігінің Заңнама институты жүргізетін міндетті талаптар тізілімінің ақпараттық жүйесіне енгізіледі», - деп атап өтті кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл.

Егер қандай да бір себептермен мемлекеттік орган ұмытып кетсе, сапасыз жасаса немесе мүлдем жасамаса, онда Жүрсіновтің пікірінше чек-парақтан өтпейтін талаптар бойынша 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап бизнес әкімшілік жауапкершіліктен босатылуы тиіс. Бұл реттеуші гильотина деп аталады. Комиссияда қорғалмаған талаптар бойынша мемлекеттік органдар жарты жыл ішінде заңдарға өзгерістер енгізіп, оларды алып тастауы тиіс, ал үш ай ішінде заңға тәуелді актілерге енгізуі тиіс.

«Ескірген талаптар өте көп: қоғамдық тамақтандыру саласында жұмыс істеу үшін жұмыртқамен жұмыс істейтін үш бөлме болуы керек. Біреуінде оларды сақтау керек, екіншісінде – жуып, үшіншісінде – пісіру керек. Күлкілі, дегенмен мұндай жағдайлар өте көп. Терең салалық реформалар жүргізу керек. Бізге құрылыс саласында өз қызметін атқаратын кәсіпкерлерден көптеген шағым түседі. Бұл қаржыландыру, баға белгілеу, бюджеттеу, қабылдау және т.б. Тиісінше, әлемдік тәжірибеге негізделген жаңа реттеуге көшетін уақыт жетті, сондықтан біз жаңа қала құрылысы кодексін әзірлеу бастамасын қолға алдық. Қазір Үкіметпен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Сонымен қатар азық-түлік қауіпсіздігі және сатып алу мәселелерін де көтердік», - деп қорытындылады Рустам Жүрсінов.

 

Ботагөз Ысқақова

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Нұров Қанат Ілияұлы

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі