Жаңалықтар

19.06.2022

Қазақстан бизнес-омбудсмені Алматы кәсіпкерлерімен кездеседі

264

20 маусымда Алматы қаласына жұмыс сапарымен Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов келеді.

Күннің бірінші жартысында бизнес-омбудсмен «Атамекен» ӨКП ғимаратында кәсіпкерлерді жеке қабылдайды. Содан кейін қаланың мемлекеттік органдарының өкілдерімен кездеседі.

Келесі күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және Мемлекеттік кірістер департаменттері ұйымдастырған іс-шараға қатысады, Мемлекеттік органдардың, БАҚ және СЭҚ субъектілері өкілдерінің қатысуымен кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізу мәселелері талқыланады. 

Одан кейін Алматы қаласының адвокаттық қоғамдастығымен және Заң консультанттары палаталарының басшыларымен кездесу жоспарланған.

22 маусымда Алматы қаласының прокуроры Б. Жұрықтаевпен, Алматы қалалық сотының төрағасы А. Смайыловпен, МКД басшысымен, өңірлік кәсіпкерлер кеңесі және Кәсіпкерлер құқығын қорғау кеңесімен кездесу өтеді.

Сондай-ақ, Алматы қаласының әкімі Е. Досаевпен кездесу жоспарланған.

Жеке қабылдау өтетін күні мен орны: 2022 жылғы 20 маусым, 11.30 – 13.00, ӨКП ғимараты, Жібек жолы көшесі, 135 үй, Амангелді көшесінің қиылысы, 2-блок, 8-қабат, «Медеу» залы.

Кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізу мәселелері бойынша іс-шараның өтетін күні мен орны: 2022 жылғы 21 маусым, 10.00-12.00, Алматы қ., Құрманғазы к-сі, 40, «Достық үйі» конференц-залы.

Алматы қаласының әкімі Е. Досаевпен кездесу өтетін күні мен орны: 2022 жылғы 22 маусым, 16.45 – 18.00, қалалық әкімдік ғимараты.

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Жүрсінов Р.М.

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
service.pravstat.kz
www.e-gov.kz
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі