Жаңалықтар

13.06.2022

Сарапшылар Қазақстанның экономикалық саясатын қайта жүктеу қажеттігін талқылады

240

«Казахстанская правда»

Заңсыз кедергілер

Прокурорлар «Бизнесті бірге қолдаймыз» форумында кәсіпкерлерге әкімшілік кедергілерді жеңуге көмек көрсетуге назар аудара отырып, мемлекеттік органдар қызметіндегі тұжырымдамалық тәсілдерді өзгертуді ұсынды.

«Дөңгелек үстелге» Батыс Қазақстан облысының әкімдігі мен прокуратурасының басшылары, Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасары Ербол Өстеміров, өңірдің бизнес-қоғамдастығының өкілдері жиналды. Біршама мәселе талқыланды.

Кәсіпкерлікті қолдаудың қолданыстағы тетіктеріне қарамастан, бизнес мемлекеттік органдардың іс-әрекетінен немесе әрекетсіздігінен әлі де зардап шегеді, деп атап өтті облыс әкімі Ғали Есқалиев. Бұған себеп- заңнаманың жетілмегендігі және сыбайлас жемқорлық фактілері.

Экономикалық саясатты қайта жүктеу қажеттігін айта келе, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов бизнес-омбудсмен институты қызметінің 6 жылы ішінде бизнес саласындағы шағымдар санының төмендегенін атап өтті. Жерге орналастырумен, мемлекеттік сатып алумен, салық салумен байланысты мәселелер өзекті болып қала береді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша прокуратура органдарымен бірлесіп бизнесті қылмыстық қудалау шеңберіне заңсыз тартудан қорғау бойынша бірлескен жұмыс жүргізілуде.

– Өткен жылдың қорытындысы бойынша ҚР ҚК-нің 8-тарауы «Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар» бойынша бизнесмендерге қатысты 1 707 іс қозғалды. Бір жағынан, бұл айтарлықтай көрсеткіш. Бірақ 2015 жылы бұл көрсеткіш 7 800 болған еді, бүгінде төмендеуді көріп отырмыз. Екінші жағынан, 1707 істің 444-і немесе 26%-ы оңалту жағдайлары бойынша жабылды. Сонда кәсіпкерлердің төрттен бірі қылмыстық қудалау шеңберіне негізсіз тартылатын болғаны ғой, - деп атап өтті Рустам Жүрсінов.

«Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Ербол Өстеміровтің айтуынша, бүгінде палата Бас прокуратурамен бірлесіп кәсіпкерлерді заңсыз қудалау бойынша есептің жаңа нысанын әзірлеуде.

– Біз қылмыстық және әкімшілік істер бойынша құқық қорғау практикасын, мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау қызметін қорытындылауды жоспарлап отырмыз, – деді ол.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының бизнесті қорғау және әкімшілік кедергілерді жою жөніндегі жұмысының басты бағыттарына тоқтала келе, «Атамекен» ӨКП директоры Нұржан Мақсотов ағымдағы жылдың төрт айының қорытындысы бойынша бизнесмендерден 40-тан астам өтініш келіп түскенін, олардың жартысынан көбі кәсіпкерлердің пайдасына оң қаралғанын атап өтті.

140 млн теңгеге жуық сомаға мүліктік құқықтар қорғалды. Кәсіпкерлерден түсетін өтініштер негізінен мемлекеттік сатып алу, жер қатынастары, субсидиялау, салықтық, кедендік, тарифтік реттеу, кәсіпкерлер арасындағы азаматтық-құқықтық даулар сияқты мәселелерге қатысты. 2021 жылдың басынан бері республикалық деңгейдегі – 27 және өңірлік деңгейдегі -18 әкімшілік кедергі анықталды. Олардың барлығы республикалық тізілімге енгізіліп, тиісті министрліктер мен уәкілетті ведомстволардың қарауына жіберілді.

Кәсіпкерлер палатасы жанынан құрылған Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес жұмысының нәтижесі де көріне бастады. 2021 жылдың қорытындысы бойынша құрылымның 16 отырысы, ағымдағы жылы – бес отырыс өткізілді, кәсіпкерлердің жүйелі түрде кездесетін проблемаларына қатысты 32 мәселе қаралды. Кедергілерді болдырмауға және жоюға бағытталған 90-нан астам ұсыныс тиісті органдарға жіберілді.

Спикердің айтуынша, ӨКП жұмысындағы басымдықтардың бірі прокуратура органдарымен өзара қарым-қатынас болып табылады, өйткені бұл әкімшілік кедергілер мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін уақтылы анықтауға және тиісті шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.

Келесі сандарға тоқталсақ, бизнестің қорғауды қаншалықты қажет ететінін көреміз. Соңғы екі жылда прокурорлар 14 мыңнан астам кәсіпкердің, оның ішінде кәсіпкерлердің 801 млн теңгеден астам сомадағы материалдық құқықтарын қорғады, сондай-ақ тыйым салу-шектеу сипатындағы заңсыз қолданылған шаралардың күшін жойды.

Мысалы, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ облыстық филиалы өзінің үстем жағдайын пайдалана отырып, газды бөлшек саудада өткізу шарттарына газды тұтынудың орташа тәуліктік нормасынан асқан кезде жоғары коэффициентті қолдану туралы талаптарды негізсіз енгізген. Бұдан басқа, заңнаманы бұза отырып, 3 мыңнан астам кәсіпкер күн сайын нақты тұтынған газ көлемі туралы ақпаратты беруге міндеттелді, ал бұл жұмыспен газбен жабдықтау компаниясының бақылаушылары айналысуы тиіс.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша монополистің заңсыз тәжірибесі тоқтатылды.

Тасқала ауданында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жалға беру шарттарын жасасу кезінде бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, шарттарда аудан әкімдігі жалға беру мерзімі аяқталатын күнді көрсетпеген. Бұл кәсіпкерлердің ұзарту мерзімін өткізіп алу салдарынан жерінен айырылуына әкеп соқты. Прокуратураның араласуынан кейін 60-тан астам кәсіпкер жалдауды ұзарту құқығын қайтарып алды.

Батыс Қазақстан облысының прокуроры Жандос Өмірәлиев бизнесті қолдау туралы айта келіп, шектен тыс бюрократизм сияқты проблеманы атап өтті.

- Тіпті қарапайым фаст-фуд дүкенін ашу үшін 30-дан астам шарттар мен келісу рәсімдерін орындау қажет. Бүгінгі таңда бұл ескірген нормалар жеке кәсіпкерлерге ауыртпалық болып табылады, олар жұмыс істеп, табыс табудың орнына бірнеше ай бойы құжат жинаумен айналысады. Сондықтан көбісі үйде қызмет көрсетуді жалғастыруда. Бизнес дамымайды, ол әкімшілік кедергілермен, кейде көңілге қонымсыз нормалармен және ережелермен шектеледі, – деп атап өтті облыс прокуроры. - Сондықтан мемлекеттік органдар қызметіндегі тұжырымдамалық тәсілдерді толық қайта қарау және өзгерту ұсынылады, қолданыстағы тыйымдар мен шектеулерді еңсеру үшін бизнеске нақты көмек көрсетуге назар аудару қажет.

Мұндай тәсіл кезінде прокурорлық өкілеттіктер уәкілетті органның кәсіпкердің талаптарын қанағаттандырудан бас тартуы үшін негіз болған нормативтік және заңға тәуелді актілерге наразылық білдіру және олардың күшін жою үшін пайдаланылатын болады. Мұндай Тұжырымдаманы қабылдау және оны қолдану бизнесті дамыту үшін жағдай жасауға, сондай-ақ оған жаңа іскер жас бизнесмендерді тартуға, өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың «көлеңкеден» шығуына ықпал ететін болады.

Тағы бір маңызды бөлігі – қылмыстық сот ісін жүргізу саласында прокурорлық қадағалауды жүзеге асыру тәртібі.

– Бүгінде біз үш буынды жүйе аясында қылмыстық қудалау тәжірибесін қайта қарадық, - деп атап өтті прокурор. - Бизнес субъектілерін қылмыстық процеске тарту барынша төмендеді. Облыс бойынша мұндай істерді тіркеу екі есеге төмендеді. 20-дан астам кәсіпкерге қатысты іс тоқтатылды. Біз ішкі мемлекеттік аудит департаментінің актілеріне тек мемлекеттік органдардың ғана шағымдану мүмкіндігі туралы норманың күшін жою мәселесін көтердік. Салық актілеріне шағым жасау ұқсастығы бойынша барлық тексерілетін субъектілерге шағым жасау құқығын беру ұсынылады.

Мысалы, 2019-2021 жылдары салық заңнамасын бұзу фактілері бойынша облыста тіркелген 13 қылмыстық істің тек біреуі ғана (!) істі есептен шығармуен тоқтатылды, ал Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің актілері бойынша басталған 41 істің жартысынан көбі кейіннен аудит қорытындыларының расталмауына байланысты тоқтатылды.

– Тексерулерге қатысудың және мемлекеттік аудит актілеріне шағымданудың құқықтық тетігінің болмауы кәсіпкерлерді қылмыстық қудалау шеңберіне тартуға, адвокаттарға жұмсалатын қаржылық шығындарға, қымбат тұратын тәуелсіз сараптамалар жүргізуге қаражат бөлуге әкеп соқтырады, - деп атап өтті Жандос Өмірәлиев. - Ұсынылып отырған түзетулер бизнес құқықтарының бұзылуына дер кезінде ден қоюды қамтамасыз етеді және олардың теріс салдарлары туындағанға дейін жолын кесуге мүмкіндік береді.

Форум қорытындысы бойынша 2022-2023 жылдарға арналған бизнесті қорғау бойынша бірлескен жол картасына қол қойылды. Оны іске асыру көптеген жүйелі проблемаларды, атап айтқанда, несие беру, жер қатынастары, мемлекеттік сатып алу, кәсіпкерлерді негізсіз қудалау фактілерінің жолын кесу және оларды қылмыстық сот ісін жүргізу шеңберіне тарту мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.

 

НАТАЛИЯ ПОРТНЯГИНА, ОРАЛ

 

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Нұров Қанат Ілияұлы

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі