Жаңалықтар

08.06.2022

Оралда алғаш рет кәсіпкерлерді қолдау форумы өтті

385

«Надежда»

Фото: Оксана Каткова

Бизнес-форумды Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы ұйымдастырды. Бизнесмендермен, құқық қорғау органдарымен және мемлекеттік құрылымдармен кездесуде кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау, әкімшілік кедергілердің алдын алу бойынша маңызды мәселелер талқыланды, бизнесті тексерудегі негізгі бұзушылықтар талданды және тығыз ынтымақтастық жолға қойылды.

 

Бизнестің жағдайын жасау

Форумға жиналғандар өңірлерде осындай кездесу өткізудің маңыздылығын атап өтті. БҚО-да мұндай іс-шара алғаш рет өткізіліп отыр және шенеуніктер мен құқық қорғау органдарының өңірдегі бизнестің дамуын қолдауға мүдделі екенін көрсетеді. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов өз сөзінде Бизнес-омбудсмен институты 2016 жылы құрылғанын және осы жылы аппаратқа 7200 шағым түскенін атап өтті. Өткен жылы шағымдардың саны азайып, 4198 шағымды құрады. Жалпы аппаратқа бизнесмендерден 30 мыңнан астам шағым түсті. Олардың 41%-ы оң шешімін тапты.

«Бірнеше жыл бойы ашық мәселелер бойынша жер, қала құрылысы, сатып алулар және салық мәселелері көш бастап тұр. Бұл тақырыптарға біз тікелей шағымдармен жұмыс істеу тұрғысынан баса назар аударамыз. Қазір Мемлекет басшысының биылғы 19 мамырдағы тапсырмасы бойынша біз прокуратура органдарымен бірлесіп елеулі жұмыс жүргізіп жатырмыз. Биылғы жылдың басымдығы бизнесті қылмыстық қудалау шеңберіне тартудан қорғау болып табылады», - дейді Жүрсінов.

Жүрсіновтың мәліметінше, өткен жылдың қорытындысы бойынша қылмыстық кодекстің 8 тарауы бойынша бизнесмендерге қатысты 1707 іс қозғалды, ал 2015 жылы бұл сан 7800-ді құраған еді, яғни бірнеше есе көп болған.

«Мен қандай бағыттарда жұмыс істеп жатқанымызға тоқтала кетсем деп едім. Біріншісі - еңбекақы төлеу қорына түсетін жоғары жүктеме. Ол бизнесті көлеңкеге кетуге итермелейді. Бүгінде бес төлем бойынша жалпы жүктеме 32,4% құрайды - бұл өте көп. Сондықтан қазір бізде Үкіметпен бес база бойынша уағдаластық бар — жеке табыс салығы, әлеуметтік, медициналық сақтандыру, зейнетақы аударымдары және әлеуметтік қамсыздандыру. Бухгалтерлер үнемі бес регистр тапсырады және іс жүзінде бизнес үшін бұл өте ыңғайсыз. Сондықтан біз мұның бәрін бір төлемге біріктіруге келістік. Ставка мәселесін де талқылап жатырмыз. Үкімет 25% ұсынады, бизнес 20% талап етеді. Неліктен біз 20 талап етіп отырмыз? Егер 32,4% бір базаға біріктірсек, бұл 25% болады, ал егер  20%-ға тоқталсақ, онда жұмысшылар көлеңкеден шығар еді», - дейді Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл.

Сондай-ақ, Жүрсінов қосымша құн салығы бойынша кәсіпкерлерден көптеген шағым түсетінін айтты. Бір жағынан, бұл салық ең әділ болып саналады. Алайда шағымдардың басым бөлігі «үй жанындағы дүкендер» мен бөлшек саудаға тиесілі. Осыған байланысты Бизнес-омбудсмендер институты ҚҚС төлеуші болып табылмайтын субъектілер үшін бөлшек салықты тарату бойынша бастама көтереді. Сондай-ақ, қазір салықтық жеңілдіктерді қысқарту бойынша жұмыс жүргізілуде.

«Бізде 460-қа жуық салық жеңілдіктері бар, олардың жартысы - қосылған құн салығы. Медицина, өнер, спорт, фармацевтика үшін қосылған құн салығының мөлшерлемелерін саралау мәселесін көтеретін кез келгенін түсінеміз. Сондай-ақ, біз Үкіметпен сатып алу мәселелерін талқылап жатырмыз, бүгінде бұл процедураға икемділік беретін уақыт келді, өйткені экономикалық және азаматтық айналым біршама баяулады, қаржыландыру, тендерлік процедуралар, шағымдар ұзақ уақытты алады, мысалы, құрылыс маусымы аяқталды, экономикамыз төмендеді. Сондықтан біз Үкіметке әкімдіктерге көбірек дербестік беруді және тиісінше қабылданған шешім үшін жауапкершілік беруді ұсынамыз», - деп атап өтті Жүрсінов.

Сондай-ақ омбудсмендер ең төмен баға берген кәсіпкерді жеңімпаз деп таңдау қағидатынан алшақтауды ұсынады, өйткені бұл экономикалық мүдделердің тұзағы, мұндай жағдайда тапсырыс беруші, де, мердігер де зардап шегеді.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасы Басқарма төрағасының орынбасары Ербол Өстеміров Бас прокуратурамен бірлесіп бизнесті қорғау бойынша эко-жүйені құру жұмыстары жүргізіліп жатқанын, соның арқасында өзара қарым-қатынас тетігі жетілдірілетінін атап өтті.

«Біз кәсіпкерлерді қылмыстық қудалау шеңберіне заңсыз тарту және мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру кезінде бизнес субъектілерінің құқықтарын бұзу бойынша әдістемелер әзірледік. Бұл эко-жүйеге біз адвокаттар мен заңгерлерді, бизнес-консультанттарды тартатын боламыз. Сондай-ақ, әкімдіктермен бірлесіп, қолайлы бизнес-ахуал қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілетін болады», - дейді Өстеміров.

 

Құқық қорғауда

Облыс прокурорының орынбасары Мәди Сарпеков өз баяндамасында өз ведомствосының жұмысындағы басты жетістіктерге тоқталды. Оның айтуынша, прокурорлар 14 мыңнан астам кәсіпкердің 801 млн.теңгеден астам сомаға құқықтарын қорғады, сондай-ақ тыйым салу-шектеу сипатындағы заңсыз қолданылған шаралардың күшін жойды.

«Мысалы, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ облыстық филиалында монополист өзінің үстем жағдайын пайдалана отырып, газды бөлшек саудада өткізу шарттарына газды тұтынудың орташа тәуліктік нормасынан асқан кезде жоғары коэффициентті қолдану туралы талаптарды негізсіз енгізгені анықталды. Сонымен қатар, заңнаманы бұза отырып, кәсіпкерлерді нақты алынған газ көлемі туралы ақпаратты күн сайын беруге міндеттеді, ал бұл жұмыспен «Қазтрансгазаймақтың» бақылаушылары айналысуы тиіс. Қадағалау актісі бойынша монополистің заңсыз тәжірибесі тоқтатылды», - деп мысал келтірді прокурордың орынбасары.

Сондай-ақ, Тасқала ауданында прокурорлар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жалға беру шарттарын жасасу кезінде орын алған заң бұзушылықтарды анықтады. Шарттарда аудан әкімдігі жалға беру мерзімінің аяқталу күнін көрсетпеді, бұл ұзарту мерзімін өткізіп алу салдарынан кәсіпкерлердің бұл жерлерден айырылуына әкеп соқты.  Прокуратураның араласуынан кейін 60-тан астам кәсіпкер жерді жалға алуды ұзарту құқығын қайтарып алды.

«Бизнесті қолдау мәселесінде әлі де кемшіліктер бар, бұл әкімшілік кедергілер, күрделі рәсімдер. Мысалы, қарапайым фаст-фуд ларегін ашу үшін 30-дан астам келісу шарттары мен рәсімдерін (техникалық, СЭС, ТЖ, МКД, МСҚБ және т.б.) орындау талап етіледі. Бүгінгі таңда бұл ескірген нормалар жеке кәсіпкерлер үшін ауыртпалық болып табылады, олар бірнеше жыл бойы жұмыс істеп, табыс табудың орнына құжат жинаумен айналысады. Сондықтан көптеген адамдар мұндай қызметтерді «өз үйінде» ұсынады, мысалы, тамақ әзірлеу, кондитерлік өнімдерді пісіру, ателье, тұрмыстық техиканы, авто, мототехниканы жөндеу. Олардың бизнесі дамымайды, өйткені әкімшілік тосқауылдармен, кейде көңілге қонымсыз нормалармен және ережелермен шектеледі», — деген пікірде Сарпеков.

Прокурорлар қолданыстағы ресми кедергілер мен шектеулерді еңсеруде бизнеске нақты көмек көрсетуге назар аудара отырып, мемлекеттік органдар қызметіндегі тұжырымдамалық тәсілдерді толық қайта қарап, өзгертуді ұсынады. БҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұржан Мақсотовтың айтуынша, осы жылдың 4 айында кәсіпкерлерден 40-тан астам өтініш түскен, олардың жартысынан көбі кәсіпкерлердің пайдасына шешіліп, 140 млн-ға жуық мүліктік құқық қорғалған. 2021 жылдың қорытындысы бойынша кәсіпкерлерден түрлі мәселелер бойынша 258 өтініш түсті, оның 148-і оң шешімін тапты, яғни 57,4%. Кәсіпкерлердің мүліктік құқықтарын қорғау негізінде 1,2 млрд теңге бизнеске қайтарылды. Кәсіпкерлерден түсетін өтініштер негізінен мемлекеттік сатып алулар, жер қатынастары, ауыл шаруашылығы, субсидиялау, салықтық және кедендік, тарифтік реттеу салаларына қатысты.

Форум соңында бизнесті қорғау жөніндегі 2022-2023 жылдарға арналған бірлескен жол картасына қол қойылды. Жол картасына бизнестің жүйелі проблемаларын шешу, атап айтқанда, несие беру, жер қатынастары, мемлекеттік сатып алу, кәсіпкерлерді негізсіз қудалау фактілерінің жолын кесу және оларды қылмыстық сот ісін жүргізу шеңберіне тарту, сондай-ақ өзге де бағыттар бойынша мәселелер енгізілді.

 

Оксана НАУМОВА

 

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Жүрсінов Р.М.

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
service.pravstat.kz
www.e-gov.kz
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі