Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.
Жолаушылар тасымалы саласында кадр тапшылығы орын алды
Уақыт өте келе бұл салада кадр тапшылығы арта түседі, дейді қоғам белсенділері. Ал тасымалдаушылар біліктілігі төмен жүргізушілердің қызметіне жүгінуге мәжбүр.
Шығыс Қазақстан тасымалдаушылар қауымдастығы қалалық жолаушылар қоғамдық автокөліктерінің жүргізушілері үшін бұрынғы тартымды жағдайды қайтару туралы талап қойды. Атап айтқанда қолданыстағы заңнамаға түзетулер енгізу, әлеуметтік пакетті ұлғайту, кәсіби мерекені қайтару. Мұндай бастамалар автобус жүргізушілерінің жетіспеушілігінен туындады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Шығыс Қазақстан тасымалдаушылар қауымдастығының төрағасы Николай Масич бизнес-омбудсмен ШҚО-да жұмыс сапарымен болған кезінде ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсіновтың көмегіне жүгінуге мәжбүр болды.
Жүйелі мәселе
«Қалалық қоғамдық көлік жұмысындағы көптеген проблемалардың ішінен кадр мәселесіне назар аударғым келеді. Жүргізуші құрамының шамамен 37%-ы - 55 жастан асқан адамдар. Олардың 15% екі-үш жыл ішінде зейнеткерлік демалысқа кетеді. Жаңа кадрлар ағыны жоқ. Бұл проблема тек Өскемен қаласында ғана емес, бүкіл республика бойынша жүйелі болып табылады, - деп шағымданды Николай Масич. - Қалалық қоғамдық көлік жүргізушісі мамандығы тек жастар үшін ғана емес, сондай-ақ егде жастағы адамдар үшін де беделді болмай қалды».
Николай Масич бұған себеп жалақының төмендігі, екі ауысымды жұмыс режимінің болмауы, мемлекеттік әлеуметтік кепілдіктердің жоқтығы дейді. Қоғамдық жолаушылар көлігі жүргізушілерінің жұмысы қозғалыс қарқындылығына байланысты қиын, оған жолаушылардың қауіпсіздігі бойынша үлкен талаптар қойылады. Сонымен қатар, қозғалыс қарқындылығы соңғы 20 жылда бес есе өсті, деп қосты Николай Масич.
Қайта сақтандыру
Ол Қазақстанның кеңестік даму кезеңінде жоғары жалақыдан және екі ауысымды жұмыс режимінен басқа, жас кадрларды тарту үшін қосымша ынталандыру қалалық қоғамдық көлік жүргізушілерінің еңбек өтілі бойынша зейнеткерлікке белгіленген жастан бес жыл бұрын шығуы болғанын айтты. Сондай-ақ, олар тегін мемлекеттік тұрғын үй алды, өздерінің кәсіби мерекелері болды.
«Өкінішке орай, Қазақстанда зейнеткерлікке жеңілдікті шығу кәсіби мереке сияқты тоқтатылды. 2015 жылы Жол қозғалысы ережелеріне (ЖҚЕ) жаңа талаптар енгізілген кезде кадрлармен байланысты проблема одан әрі ушығып кетті. Жолаушыларды тасымалдауға 25 жасқа толған, кемінде бес жыл жүргізуші жұмыс өтілі, оның ішінде кемінде үш жыл «Д» санатындағы көлік құралдарын басқару өтілі бар адамдарды жібере бастады. Осыған ұқсас норма «Жол қозғалысы туралы» ҚР Заңына енгізілді. 21-ден 25 жасқа дейінгі және 25-тен 28 жасқа дейінгі жүргізушілермен жасалған жол қозғалысы ережелері мен жол-көлік оқиғаларының саны бойынша, атап айтқанда, халықаралық, облысаралық, облысішілік, ауданішілік, қалалық, қала маңындағы тасымалдау түрлері бойынша дәлелді статистика жоқ екеніне қарамастан, ҚР ІІМ жоғарыда көрсетілгендер талаптарды 2019 жылғы «Автомобиль көлігі туралы» ҚР Заңына, сондай-ақ «Жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау қағидаларына» енгізді», - деп наразылығын білдірді Николай Масич.
Ол, әсіресе, қалалық қоғамдық көлік жүргізушілерінің жасы мен жұмыс өтілін артыру дұрыс емес дейді. Олар көлікте, әсіресе қалалық жерде қауіпсіздіктің тиісті деңгейін қамтамасыз етпейді. Бірақ нәтижесінде 2015 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстанда жаңа талаптарды ескере отырып, «Д» санатындағы көлік құралдарын басқару құқықтарын алудың біріен-саран ғана жағдайлары байқалды. Қазір «Д» санатындағы автобус жүргізушілерінің жұмыс күшінің бәсекелі нарығы жоқ, ал тасымалдаушылар өз қызметкерлерінің кепілдіктері болып табылады, деп есептейді қоғамшыл. Нәтижесінде - жолаушыларға қызмет көрсету деңгейі төмендеді.
«Тасымалдаушылар біліктігі төмен жүргізушілердің қызметіне жүгінуге мәжбүр болып отыр. Егер бүгін түбегейлі шаралар қолданылмаса, жолаушылар тасымалы саласында білікті маман қалмайды», – деді Николай Масич.
Жаңаның бәрі ұмытылған ескі
Қоғамдық белсенділер қалалық қоғамдық автокөлік жүргізушілері үшін жасы 25-те, «Д» санаты бойынша үш жыл жұмыс өтілінің болуы туралы шектеулерді алып тастауды сұрайды. Яғни, заңнамалық актілерді Қазақстанда бұрын қолданыста болған талаптарға қайтару қажет. Жолаушыларды автобустармен тасымалдауға тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі және кемінде 3 жыл жүргізуші жұмыс өтілі, оның ішінде кемінде 1 жыл «С» санатындағы көлік құралдарын басқару өтілі бар кемінде 21 жастағы адамдар жіберіледі. Николай Масич қалалық қоғамдық жолаушылар көлігі жүргізушілерінің зейнеткерлік жасын азайтуды, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне «Д» санатындағы кәсіби жүргізушілерге, жол қозғалысы ережелерін бұзған автобус жүргізушілеріне қатысты көлік құралдарын басқарумен байланысты жазаның балама түрлерін енгізуді ұсынды. Қоғамшылдар тіпті республика мен өңірлер деңгейінде 10 жыл жұмыс істейтін қалалық қоғамдық автокөліктің отбасылы жүргізушілерін қызметтік пәтерлермен қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны қабылдауды сұрады. Әрине, Қазақстанда жолаушылардың 90% тасымалдайтын автомобиль көлігі қызметкерлерінің салалық кәсіби мерекесін қайтару керек, дейді қоғам қайраткері.
Рустам Жүрсіновтың айтуынша, дәл осындай проблемалар Қазақстанның көптеген өңірлерінде – Қостанай, Көкшетау, Петропавлда да көтерілуде.
«Сіз көтеріп отырған жас шектеулерінің басты мәселесі - әкімшілік кедергі. Біз Парламент депутаттарына хабарласып, осы мәселені көтерген болатынбыз. Қазір заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар қаралуда, референдумнан кейін депутаттар біз енгізуді сұраған түзетулерді талқылайды. ҚР ІІМ де бізді қолдайды деп сенеміз, - деп хабарлады Рустам Жүрсінов. - Зейнеткерлік жасты төмендетуге және мемлекеттік бағдарламаларды енгізуге қатысты біз еш шара қолдана алмаймыз, бұл мәселеге қатысты арнайы саланың мамандарына жүгінген жөн. Өңірлік бағдарлама болса, әкімдікпен бірлесіп жұмыс істеу керек деп ойлаймын. Салалық мерекеге келетін болсақ, мен жеке бастама ретінде көмектесуге тырысамын».
Сонымен қатар, Өскеменде жүргізуші құрамының тапшылығы шамамен 400 адамды құрайды. Жетіспеушіліктен қаланың кейбір аудандарының, әсіресе шет аймақтарының тұрғындары автобустарды ұзақ уақыт күтеді және қызмет көрсету сапасы да мәз емес. Ал Өскемен тұрғындарының пікірінше осындай тәртіпсіздікке алып келген жергілікті атқарушы органдардың сапасыз жұмысы.
Ольга Ушакова