Жаңалықтар

12.03.2021

Рустам Жүрсінов: Бизнеске қатысты заң жұмыс істеуі үшін не қажет

448

Forbes.kz

Бизнес-омбудсмен міндетті талаптар тізілімін — бизнеске қойылатын барлық талаптардың толық тізбесін қамтитын бірыңғай базаны енгізуді ұсынады

11 наурызда өткен "Кәсіпкерлік саласындағы прокуратура қадағалауы" бизнесті қорғау жөніндегі V форумда Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов соңғы жылдары тексерулерді қысқарту, кәсіпкерлердің шығындарын төмендету бойынша үлкен жұмыс атқарылғанын атап өтті. Бірақ соған қарамастан, проблемалар мен шағымдар саны төмендер емес.

- Мемлекеттік машина жыл сайын бизнеске қойылатын жаңа талаптарды енгізеді. Бүгінде олардың нақты санын ешкім білмейді. 2019 жылы ҰКП Үкіметпен бірлесіп талаптарды санап, қысқартуға тырысты. Біз 30 500 талапты анықтадық, 13 мыңға дейін қысқарттық, - деді бизнес-омбудсмен.

2 жыл бұрын Бас прокуратурамен бірлесіп жүргізілген талдау еңбек жөніндегі инспекциялар жүргізетін тексерулердің 63%-ы өндірісте жазатайым оқиға орын алғаннан кейін ғана жүргізілетінін, экологиялық инспекцияда тексерулердің 81%-ы есептілікті тапсырмау себебінен жүргізілгенін көрсетті.

Сонымен қатар, бізде тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша тағайындалатын тексерулер саны жылдан жылға азайып келеді (2016 жылы тексерулердің 43%-ы және 2018 жылы 37%-ы), ал дамыған елдерде бұл көрсеткіш 90-95%-ды құрайды.

Мемлекеттің реттеушілік саясаты іс жүзінде бизнеске деген сенім дәрежесіне негізделмеген. Мемлекеттік органдар барлық проблеманы реттеуге тырысады. Мұның бәрі сенімсіздікке әкеледі. Мемлекет бизнеске сенбейді, ал бизнес мемлекетке сенбейді. Сондықтан да Мемлекет басшысы бұған ерекше назар аударып отыр. Қазақстан халқына қыркүйек айындағы Жолдауында (2020 жылғы 1 қыркүйекте) ел Президенті "жаңадан реттеу" қағидатын енгізу арқылы реттеушілік саясаттың базалық қағидаттарын өзгертуді тапсырды.

Бизнес-омбудсмен реттеу проблемаларын жүйелі шешу үшін мемлекеттік реттеудің шеті мен шегін анықтап алған жөн деген пікірде.

- Мемлекеттік реттеуді енгізу үшін адамдардың өмірі мен денсаулығына, экологияға, құқықтық тәртіп пен имандылыққа қауіп төнуі негіз болуға тиіс. Яғни, қауіп-қатер болмаса реттеу де болмауы керек, қауіп-қатер бар болған жағдайда ғана мемлекет реттеуді енгізуге құқылы.

Мемлекеттік реттеу бизнес үшін де, мемлекет үшін де жоғары талаптар қоймауға тиіс. Ол технологияның даму деңгейіне сәйкес келуі керек, сондай-ақ ақылға қонымды, жүйелі және дәйекті болуы керек, бизнес үшін негізсіз кедергілер туғызбауы керек, - деді Рустам Жүрсінов.

Ол Бизнеске қойылатын талаптар негізделген, ашық және болжамды, орындалатын, белгілі, тұрақты, ұтымды, мөлшерлес болуға және кәсіпкерлік субъектілерінің теңдігін қамтамасыз етуге тиіс деп есептейді. Осы шарттар орындалған жағдайда ғана жаңа талап енгізілуі мүмкін.

- Тиісті құралдар болмаса заңдар жұмыс істемейтінін түсіну керек. Сондықтан біз міндетті талаптар тізілімін енгізуді ұсынамыз. Бұл бизнеске қойылатын барлық талаптардың толық тізбесін қамтитын бірыңғай база болады, - деп атап өтті Рустам Жүрсінов.

Реттеудің барлық массивін қайта қарауға 3 жыл бөлінді және 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап реттеуші гильотина жұмыс істей бастайды – мемлекеттік реттеудің жаңа қағидаттарына сәйкес келмейтін талаптар заңсыз деп танылады.

- Әрине, барлық салаларды бірден қамту мүмкін емес, сондықтан біз кәсіпкерлердің ең көп саны жұмыс істейтін 4 саладан бастауды ұсынамыз, онда кәсіпкерлердің жалпы санының 60%-дан астамы жұмыс істейді, атап айтқанда: сауда, ауыл шаруашылығы, қоғамдық тамақтандыру/тұру, көлік.

Бұл біздің күш - жігерімізді алдын алуға, белсенді іс-қимылдарға, бизнесті реттеудің тиімді жүйесін құруға бағыттаудың бірегей мүмкіндігі, - деп қорытындылады Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл.

Кездесу қорытындысы бойынша Бас прокурор бірқатар нақты тапсырмалар берді, соның ішінде мобильді топтардың жұмысын жандандыру, прокуратура мен Палаталар арасындағы жол карталарына қол қою, сондай-ақ өңірлердегі бизнеспен өзара іс-қимыл үшін облыстық прокурорларға жауапкершілік жүктеді.

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Нұров Қанат Ілияұлы

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі