Жаңалықтар

19.02.2020

Салық қызметкерлеріне қатысты қазақстандық бизнестің наразылығы артып келеді

181

Депутат елде жалған мәмілелерді анықтаудың нақты әдісі жоқ екенін еске салды

Қазақстанда үш жыл ішінде мәмілелерді жарамсыз деп тану бойынша сот талаптарының саны тоғыз есеге артты, деп хабарлайды  LS.

Мәжілісмен Ерлан Барлыбаевтың айтуынша, салық төлеушілердің негізсіз санкцияларына көңілі толмайтын кәсіпкерлердің саны артты.

"Соңғы үш жылда мәмілелерді жарамсыз деп тану бойынша сот талаптары тоғыз есеге артты, бүгінде олар мыңдап саналады. Бұл ретте соттың кәсіпкерді қорғаған жағдайы 1%-ға да жетпейді. Салыстыру үшін, дауды Қаржы министрлігінің апелляциялық комиссиясы қараған кезде ол даулардың 32%-да бизнесті қолдайды", - деді ол.

Бұл ретте салық органдарында мәмілелердің тиімділігін анықтаудың нақты әдістемесі жоқ, деп жалғастырды депутат.

"Олар кәсіпкерде келісім-шартты орындау үшін актив жеткіліксіз болатын жағдайды тауып алып, әрі қарай тізбек бойынша тіпті олардың қалыпты айналымы бар контрагенттеріне де қосымша салық салуға тырысады. Мұндай тәсіл Салық кодексінде емес, Жоғарғы соттың 2017 жылғы 29 шілдедегі № 4 қаулысында бар. Құжатқа сәйкес, салық төлеушілерге мәмілелерді өз қалауы бойынша жарамсыз деп тану құқығы берілген. Нәтижесінде, кәсіпкер салынған ғимараттар мен жолдар, жеткізілген тауар түрінде дәлелдер келтірсе де, салық қызметкерлері оларды елемейді", - деді Барлыбаев.

Ол мұндай тәсіл бүгінде нақты жағдайдарда ғана техника мен қызметшілерді тартып, үнемдеуге мәжбүр болып отырған шағын және орта бизнеске қарсы бағытталған деген пікірде.

"Сонымен қатар бұл құрал бизнестен қорқытып алу үшін ыңғайлы әдіске айналды, кәсіпкерлер де осыны айтуда. Біз мемлекеттік органдардың қылмыстық схемалардың жолын кесуге және алаяқтарды жазалауға деген ұмтылысын түсінеміз. Бірақ адал бизнесті қорғап, әрбір осындай наразылықтың экономикалық сипатын қарауды қамтамасыз ету қажет деп есептейміз. Өйткені бүгінде көп жылдар бойы табысты жұмыс істеп келе жатқан және жұмыс орындарын ашып келген кәсіпорындарға қысым түсіп жатыр", - деді мәжілісмен.

Ол жүздеген адамдарды жұмыспен қамтамасыз етіп, бюджетке миллиондаған теңге төлеп келген кәсіпорындарды мақсатты түрде кедейлендіру шынымен мемлекетке тиімді ме деген сұрақ қойды.

"Мемлекеттік кіріс комитетіне мәмілелердің тиімділігі критерийлерін әзірлегенге дейін осындай талап-арыздарды сот органдарына беруді тоқтатуды немесе оларды Қаржы министрлігінің апелляциялық комиссиясының қарауына жіберуді тапсыруды сұраймыз. Бас прокуратураны сот шешімдері бойынша кәсіпкерлерді қорғауға наразылық енгізу мүмкіндігін зерделеуді сұраймыз", - деп түйіндеді ол.

Ілгеріде Қазақстанда бюджетке түсетін салық түсімдерінің мөлшері төмендеді деп хабарланған болатын. Сонымен қатар, Ұлттық экономика министрлігі жаңа салықтық өзгерістер бойынша ұсыныстарды таныстырды.

 

Жәмилә Кәрімова

Ақпарат көзі:  https://lsm.kz/mazhilismeny-prosyat-priostanovit-spory-predprinimatelej-po-fiktivnym-sdelkam
© LS

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Нұров Қанат Ілияұлы

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі