Халықаралық жаңалықтар

30.09.2021

Қазақстан мен Ресейдің бизнес-омбудсмендері екі елде кәсіпкерліктің даму ерекшеліктерін талқылады

1237

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов ресейлік әріптесі Борис Титовпен кездесті. Бизнес-омбудсмендер екі елдегі әкімшілік реттеудің ерекшеліктерін, сондай-ақ ЕурАзЭҚ шеңберіндегі кәсіпкерлердің экономикалық ынтымақтастығының перспективаларын талқылады.

Рустам Жүрсінов Қазақстанда пандемия басталысымен тексерулерге енгізілген мораторий 2023 жылға дейін жалғасатынын айтты: "Содан кейін "таза парақтан реттеу" жобасы аясында жаңа тәсілдерді енгізу жоспарланып отыр. Ескі нормативтік талаптар толығымен алынып тасталады, ал жаңалары билік пен бизнес арасында төреші ретінде қызмет ететін сарапшылардың қатысуымен жасалады".

Ол сондай-ақ Қазақстанда 1 шілдеден бастап күшіне енген жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекске сәйкес, мемлекет пен кәсіпкер арасында дау туындаған жағдайда, кәсіпкер ақталуға тиіс емес, керісінше, мемлекет кәсіпкердің бұзушылыққа жол бергенін дәлелдеуі тиіс екенін хабарлады.

Өз кезегінде Борис Титов Ресейде реттеуші гильотина бойынша көптеген топ жұмыс істеп жатқанына қарамастан, еңбек заңнамасындағы, фитосанитариялық бақылаудағы және басқа да құжаттардағы ескірген талаптардың бір бөлігі әлі де сақталғанын айтты. Сонымен қатар, Ресейлік сот жүйесіне жасанды интеллектті енгізу мәселесі жолға қойылды.

- Жасанды интеллектті енгізу шаруашылық шарттарды жасауға және тексеруге жұмсалатын еңбек шығындарын үнемдеу есебінен бизнестің шығындарын төмендетеді. Шарттарда заңдарға сілтеме жасалады, ақпараттық жүйе оларды тексереді және бұл тексеру заңды мәнге ие болады. Ішінара автоматтандыру арқасында сот жүйесі жеңілдейді, онда ең маңызды және күрделі істер үшін ресурстар босатылады, - деді Борис Титов.

Титов реттеуші гильотина үшін де барлық нормативтік-құқықтық актілерді цифрлық талдау үшін жарамды стандартталған түрге ауыстыру қажет екенін атап өтті.

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Нұров Қанат Ілияұлы

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі