Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.
Қырғызстан мен Грузияның бизнесі үшін қазақстандық мемлекеттік жобаларға жол ашылды...
Фото: Shutterstock
Аталған елдердегі қазақстандық кәсіпкерлер де осындай мүмкіндіктерге қол жеткізеді, деп жазады Kursiv.kz.
Нұр-Сұлтанда Қырғызстан, Өзбекстан, Грузия және Қазақстан МЖӘ орталықтарының басшылары арасында "Өзара іс-қимыл туралы" Меморандумға қол қою рәсімі өтті.
Елордада мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің (МЖӘ) алғашқы инвестициялық форумы басталды. Іс-шараны ҚР Ұлттық экономика министрлігі мен "Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы" АҚ қазақстандық жобаларға инвестиция салу мен МЖӘ-ні дамытудың өзекті мәселелерін талқылау мақсатында ұйымдастырды.
Форумның ашылуына ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов қатысты. Ол экономикалық өсу үшін МЖӘ-ні дамытудың маңыздылығын атап өтті.
"МЖӘ - инвестиция, ал инвестициялар — ЖІӨ өсімі. Сондықтан, МЖӘ — бұл экономикалық өсудің тиімді, инновациялық және прогрессивті құралы десек те болады", — деді Дәленов.
Форум аясында Қырғызстан, Өзбекстан, Грузия және Қазақстан МЖӘ орталықтарының басшылары арасында "Өзара іс-қимыл туралы" Меморандумға қол қою рәсімі өтті.
Жаңа құжат қазақстандық бизнесмендерге осы елдердің әлеуметтік және мемлекеттік жобаларына қатысуға мүмкіндік береді. Көрші республикалардың кәсіпкерлері үшін де осындай мүмкіндіктер ашылады. Мемлекеттік органдар өз кезегінде заңнаманы жетілдіру және МЖӘ құралдарының тізбесін кеңейту бойынша тәжірибе алмасып, өзара іс-қимылды жалғастыра алады....
Маркова Анастасия