Халықаралық жаңалықтар

26.09.2019

Қазақстан-Ресей шекарасын кесіп өту тәртібі өзгереді...

1390

Фото ашық көздерден алынды

Қазақстан Парламенті тиісті заң жобасын мақұлдады, деп жазады Kursiv.kz.

Сенат депутаттары Қазақстан мен Ресей Федерациясының үкіметтері арасындағы шекара маңындағы аумақтардың тұрғындарының қазақстан-ресей шекарасын кесіп өту тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады.

"Құжат шекарадан өту тәртібін жеңілдетуге бағытталған. Ол жеке куәлік пен мекенжай анықтамасы бойынша шекарадан өтуге мүмкіндік береді. Бұған дейін өткізу пункттерінде жеке куәлік немесе паспорт, сондай-ақ азаматтарды тіркеу кітабынан үзінді көшірме талап етілетін еді. Біздің еліміздің шекаралас өңірлерінің көптеген тұрғындары үшін Ресейдің аудан және облыс орталықтары (географиялық орналасуы бойынша. - "Курсив") Қазақстанның аудан немесе облыс орталықтарына қарағанда жақын. Сондай-ақ туыстар, жақын адамдар мен көршілер арасындағы адами қарым-қатынасты да ұмыт қалдыруға болмайды", - деді Сыртқы істер министрінің орынбасары Марат Сыздықов.

Оның мәліметінше, бүгінде Ресеймен екі арада 51 ресми бақылау-өткізу пункті бар, олардың 30-ы автомобиль жолы, 20-сы темір жол және бір өзен арқылы өтетін су жолы бар.

Сонымен қатар, заң жобасында шекара маңындағы аймақтардың тұрғындары үшін 105 шекарадан өту орны көзделген. Вице-министрдің мәліметінше, бір тәулік ішінде аталған орындарды мыңдаған тұрғын кесіп өтеді.

Спикер 2006 жылы екі елдің шекара маңындағы аумақтары тұрғындарының қазақстан-ресей мемлекеттік шекарасын кесіп өту туралы үкіметаралық келісімге қол қойылғанын еске салды.

Алайда кейінірек, ҚР ішкі заңнамасының өзгеруіне байланысты, атап  айтқанда азаматтарды тіркеу кітабының күшін жойып, мекенжай анықтамасын енгізуге байланысты аталған келісімге өзгерістер енгізу қажеттілігі туындады....

Мадина Мамырханова

Толығырақ: https://kursiv.kz/news/vlast-i-biznes/2019-09/poryadok-peresecheniya-kazakhstansko-rossiyskoy-granicy-izmenitsya

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Нұров Қанат Ілияұлы

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі