Халықаралық жаңалықтар

13.02.2019

Қазақстан, Иран және Ресей бидай саудасы бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

946

Бұл жөнінде Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлайды.

Аталмыш құжат өткен жылы қол қойылған Еуразиялық экономикалық одақ пен Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда аймағы туралы Келісімді толықтырады.

Қазақстан Республикасы тарапынан құжатқа Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева қол қойды. Ол соңғы жылдары Иран Ислам Республикасы өзін-өзі қамтамасыз етуге байланысты басқа елдерден бидай әкелуге тыйым салғандығын атап өтті. Иран 12 млн. тонна астық өндіреді, осы көлемдегі астық елдің ішкі қажеттілігін жабады. Бірақ, сонымен қатар, Иран бизнесі Қазақстан мен Ресей бидайын одан әрі өңдеу және Иранға шекаралас елдерге экспорттау үшін импорттауға мүдделі, ал бұл бүкіл әлемдік ұн тұтынудың 70%-нан астамын құрайды.

Иран делегациясының құрамында қол қоюға: Иранның Ауыл шаруашылығы джихад министрінің орынбасары - Али Акбар Мехрфард, SLAL ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алушы мемлекеттік компанияның өкілдері - Али Акбар Мирлохи, Махан Седагат және астықты қайта өңдеушілер - Иранның тамақ өнеркәсібі қауымдастығы орталығының Бас хатшысы - Кавех Зарган, Иранның ұн өндірушілер қауымдастығының президенті - Сейед Мохаммадреза Мортазави қатысты.

Иран бизнес-топтары делегациясының жоғары мәртебесі олардың қазақстандық және ресейлік бидайды сатып алуға қаншалықты қызығушылық танытып отырғандығын көрсетеді. Сондай-ақ қол қою рәсіміне ЕЭК министрі - Вероника Никишина қатысты, ол ЕЭО мен Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда аймағы туралы келісім бойынша келіссөздер процесін басқарды.

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Нұров Қанат Ілияұлы

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
service.pravstat.kz
www.e-gov.kz
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі