Халықаралық жаңалықтар

24.04.2018

Қандай компаниялардың болашағы бар?

1167

Капитал

Цифрландыру: қазақстандық бизнестің жаңа мүмкіндіктері

Сандық технология қазіргі заманда адамның ажырамас бөлігіне айналды. Технологиялық прогрестің өкілдерін бүгінде барлық жерден кездестіруге болады – бұлттық деректер қоймасынан бастап, кәдімгі смартфонға дейін. Бизнесті жүргізу тәсілдеріне де өзгерістер енгізіліп жатыр. Инновациялық шешімдердің арқасында кез-келген компания операциялық қызметті оңтайландыруға, өндірістік шығындарды азайтуға және тұтынушылардың нақты қажеттіліктерін объективті бағалауға қол жеткізе алады. Және сәйкесінше, бизнесті басқару мүмкіндігін барынша тиімді ете алады.

Дегенмен, бұл барлық бизнес-үрдістерді және жұмысқа деген көзқарасты шолу арқылы кәсіпорынның толық «цифрландырылуын» талап етеді. «Сименс» компаниясының президенті Aудрис Барцявичюс Қазақстандағы ақпараттық технологиялар орталығының тілшісіне берген сұхбатында сандық технологиялардың компанияның ДНК құрамына енуі туралы және қазіргі заманда цифрландырудың маңыздылығы туралы айтып берді.

- Цифрландыру - сән үрдісі ме, әлде қажетті шындық па? Неліктен қазіргі заманғы компаниялар үшін технологиялық үрдісте болу мен технология бағдарына ілесу маңызды?

- Адамдар қазірдің өзінде өздері қаласа да, қаламаса да қандай да бір шамада цифрландыру кезеңінде өмір сүріп жатыр. Біз бұлттарда суреттерді, контактілерді және тіпті құжаттарды сақтаймыз. Күнделікті деректер зеттабайттар түрінде- газ турбинасы, жоғары жылдамдықтағы пойыз немесе ас үйдегі жаңа тоңазытқыш болсын түрлендіріледі. Цифрландыру барлық жерде: жеке құрылғылардан бастап кешенді өндірістік жүйелерге дейін.

Миллиардтаған механизмдер нақты және виртуалды әлемдерді байланыстыратын үлкен көлемдегі деректерді жасайды. Цифрлық трансформация әсеріне түспеген қазіргі заманғы компанияны елестету мүмкін емес. Бүгінгі таңда трендте боласың ба, жоқ па, ол маңызды емес, маңыздысы – цифрлық технологиялардың көмегімен ашылатын мүмкіндіктерді жіберіп алмау. Мәселе осы толқыннан қалып, қандай әлеуеттен айрылып қалатындығыңда болып тұр. Компания үшін бұл бәсекеге қабілеттілікті жоғалту, демек нарықты жоғалту дегенді білдіреді.

Цифрландыру біртіндеп елдің өнеркәсібі мен экономикасының маңызды бағыттарына бет бұрды: отын-энергетикалық кешен, темір жол көлігі және қалалық орта. Бұл бағыттардың болашағы зор деп сеніммен айтуға болады. Қазіргі уақытта бұл салаларды цифрлық технологияларсыз елестету қиын, себебі олар техникалық жетістіктерге қол жеткізе алады және бәсекелестікте артықшылықтарды қамтамасыз етеді. Көптеген сарапшылар келешекте цифрлық трансформацияға салынатын инвестициялар тек қана өсу үстінде болады, соның ішінде, Қазақстанда да өседі деген сенімде.

- «Сименс»- бағдарламалық жасақтама шешімдерінің көмегімен нақты және цифрлық әлемдерді біріктіре алатын аз ғана компаниялардың бірі. Әмбебап цифрландыру дәуірінде, сіз, Қазақстанда қандай перспективаларды көре аласыз?

- Қазақстанда да бүкіл әлемдегідей, бұл нарық әлі де қалыптасып жатыр, бірақ менің ойымша, ол жақын арада барынша дамиды. Өйткені, бұл тақырып өте маңызды және цифрландыру бойынша курсты мемлекет белсенді  түрде қолдап отыр. Елде цифрлық технологияларды пайдалану және ең озық техникалық шешімдерді енгізу үшін көптеген салалар бар. Өндірісті жаңа деңгейге шығаруға қабілетті цифрлық технологияларға өнеркәсіп кәсіпорындары қызығушылық танытып отыр. Олардың көпшілігі өздерінің стратегиялық басымдықтарында цифрландыруды жүзеге асырады және осы бағытты бақылайтын барлық бөлімшелерді құрады.

Біз қазақстандық компаниялар тарапынан біздің әртүрлі талдауларымызға деген қызығушылығын көріп отырмыз және ол көп жағдайда бүкіл әлемде іске асырылып жатқан жобалардың нәтижелерімен байланысты. Біздің шешімдеріміздің ауқымы кеңейтілетін болады, ол түрлі салаларда мамандандырылған компанияларға трансформациямен байланысты мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Цифрлық технологиялардың мұндай интеграциясы жаңа өнімдерді тезірек нарыққа шығаруға көмектеседі және оларды дербес, клиентке бағдарланған етеді.

- Цифрлық технологиялар бәсекеге қабілеттілікті және бизнестің тиімділігін қалай жақсарта алады?

- Болашақ толығымен цифрлық өндірістерді құруға байланысты болады, жаңа өнім жасаудың бүкіл тізбегінде инновациялық технологияларды қолданатындар нарықтың көшбасшысы болады. Бұлай болмаса, технологиялық жетістікке жету мүмкін емес. Сандық технологиялар өндірістік процестердің тиімділігі мен сенімділігін арттыруға көмектеседі. Жекелеген цифрлық шешімдердің көмегімен әр түрлі салалардағы кез келген көлемдегі компаниялар өздерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыра алады. Бұл жаңа өнімдерді нарыққа шығару үшін шығын мен уақытты үнемдеу туралы. Бұл «цифрлық ұқсастықтардың» арқасында мүмкін болады.

Мысалы, Амберг қаласында «Сименстің» электроника өндіретін мекемесі бар, онда сандық прототиптер жобалау кезеңінде орын алады және объектінің барлық өмірлік циклінде жаңарып отырады. Сандық трансформация нәтижесінде зауыт шығаратын өнімнің сапасы 99,9% -ға дейін өсті. Бұл платформа толығымен автоматтандырылған: машиналар мен компьютерлер бүкіл өндіріс тізбегінің 75% құрайды.

Дегенмен, жобалау, жоспарлау кезінде немесе күтпеген жағдайлар туындаған кезде адамдарды алмастыру мүмкін емес. Машиналар жақын арада адамның орнын басатынын елестету әрине қиын, өйткені бір нәрсені ойлап табу үшін адамның миы мен еңбегі қажет. Кез-келген жаңалықты тек адам ғана енгізе алады. Сондықтан бүгінгі таңда индустрияны қайта құруды ескере отырып, қызметкерлер мен білікті кадрларды даярлауға ерекше назар аудару маңызды.

- Сіздің пікіріңізше, қазақстандық компаниялар цифрлық технологиялардың бизнеске әсерін түсіне ме және олар сандық кәсіпорын құруға дайын ба?

- Қазақстандық бизнесмендер әлемді аралап, шетелдік серіктестермен тәжірибе алмасады, және олар цифрландырудың бизнеске әсерін ғана емес, сонымен қатар, оны жүзеге асыру қажеттілігін толық түсінеді деп ойлаймын. Әрбір кәсіпкер өндірілетін өнімнің сапасын жақсартуға, материалдық және еңбек шығындарын азайтуға, экспортқа шығаруға немесе қызмет көрсетудің жаңа деңгейіне жетуге мүмкіндік беретін әлеуетті мүмкіндіктерді іздейді. Цифрландыру қолданыстағы және жаңа өндірістер үшін де маңызды. Бұл тақырып Қазақстандағы бизнес-қауымдастықпен белсенді түрде талқылануда. Бірақ, әрине, цифрлық жүйелерді енгізу кешенді тәсілмен сипатталуы керек және кәсіпорынға жаңа перспективаларды анықтауға мүмкіндік беруі тиіс.

- Отандық бизнес үшін бүгін қандай инновациялық шешімдерді ұсынар едіңіз? Осы және басқа да тәсілдерді экономиканың қандай секторларында қолдануға болады?

- «Сименс» компаниясында цифрландыру бойынша бірқатар шешімдер бар және қазірдің өзінде бүкіл әлемде ұқсас жобаларды жүзеге асыруда. Қытай мен Израильде цифрлық инновацияларға баса назар аудара отырып, жаңа технологияларды өңдеу орталықтары ашылды. Компания стартаптарды қолдау үшін 1 млрд еуроны құрайтын қор ашты. Бұл бағыт бойынша алғашқы жобаны қазірдің өзінде Ресейде «Сименс» компаниясы жүзеге асыруда. Біздің MindSphere жүйесі «Индустрия 4.0» платформасының негізіне түсірілді, ол  «4.0 RU» деген атаумен де белгілі, және биылғы жылдан бастап цифрландыру бойынша неміс-ресей бастамасы қызмет атқаруда (GRID. Сандық трансформацияланудан Қазақстан да шет қалмайды. Біздің шешімдер іс жүзінде экономиканың барлық негізгі салаларында қолданылады: мұнай-газ, тау-кен, энергетика және медицина.

Мысалы, өткен жылы біз серіктесімізбен бірге «ақылды қала» - концепциясының  «Алматыны жарықтандыру» жобасын аяқтадық. Жоба шеңберінде біз SCADA, WinCC OA басқару үшін интеллектуалды жүйелерді қолдандық. Олар бір уақытта энергияны тұтынуды өлшеуге, талдауға және азайтуға мүмкіндік берді. Сыртқы жарықтандыру жүйесін жаңғырту энергиялық және пайдалану шығындарын 30% -дан 50% -ға дейін төмендетуге, сондай-ақ ресурстарды тиімді пайдалану проблемасын шешуге нақты үлес қосты.

Жақында біз Алматы қаласының даму орталығымен зияткерлік жол қозғалысын басқару жүйелеріне қатысты келіссөз жүргіздік. Олар көлік және жаяу жүргіншілер ағындарын автоматтандырылған басқару үшін арналған. Басқаша айтқанда, бұл орталық бақылау нүктесі бар бірыңғай желіге біріктірілген перифериялық құрылғылардың жиынтығы және Алматыда мұндай әлі болған емес. Әзірге талдау жүргізілуде, ал ең бастысы - әкімдіктер тарапынан «ақылды қала» (Smart city) жайлы түсінік бар, ол қазіргі уақытта болмаса да, жақын болашақта іске асады. Компания, сондай-ақ, мұнай-газ секторында, тау-кен және тамақ өнеркәсібінде, сонымен қатар, бірқатар инфрақұрылымдық жобаларда белгілі бір бастамаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

- Сандық трансформацияны қабылдауды жөн көрген компаниялар қандай проблемаларға тап болуы мүмкін?

- Цифрландыру нақты және виртуалды әлемдерді біріктіру дегенді білдіреді. Цифрлық трансформацияға бет бұрған компания физикалық инфрақұрылымды және құрылғыны бір-бірімен байланыстыратын бағдарламалық жасақтаманы енгізу қажет екенін көрсетуі керек. Деректерді жинау, сақтау және өңдеу көлемін бағалау да маңызды. Яғни, әрбір компания жүйенің немесе өнімнің бүкіл өмірлік циклінің нақты қайда сақталатындығын түсінуі тиіс. Бұл сенімді ме, және оларды кім талдайды.

Киберқауіпсіздік – қазіргі уақыттағы басты сын және барлық клиенттердің бізден сұрайтын негізгі мәселесі. Тәуекелдерді барынша азайту кешенді қорғау тетіктерін пайдалануды, сондай-ақ өнімнің өмірлік циклі бойынша қауіпсіздік шараларын біріктіруді қамтиды. Бұл аспектілер өңдеу мен жобалау процесінде, сондай-ақ пайдалану және қызмет көрсету кезінде ескерілуі керек.

- Ганновердегі көрме - әлемнің ең маңызды және күтілетін технологиялық оқиғасының бірі. «Сименс» компаниясы Жоғары технологиялар және өнеркәсіптік автоматтандыру халықаралық көрмесінде қандай инновациялармен таныстырады?

- Ганновердегі көрмеде «Сименс» компаниясы түрлі салалар бойынша сандық кәсіпорын шешімдерін іске асырудың тәжірибелік мысалдарымен таныстырады. Аэроғарыш, автомобиль, тамақ өнеркәсібі, электроника және машина жасау, химиялық, целлюлоза және мұнай-газ өнеркәсібі мысалында жеке сандық шешімдерді пайдаланып бәсекеге қабілеттілікті қалай арттыруға болатындығын көрсетеді.

Жеке павильонда MindSphere Version 3 платформасы және MindSphere World жаңа халықаралық пайдалануға арналған ұйымның нақты үлгілері ұсынылады. Сондай-ақ, «Сименс» стендінде MindApps көмегімен зияткерлік энергияны басқаруға баса назар аудара отырып, электр энергетикасы саласындағы өнеркәсіптік кәсіпорындар мен инфрақұрылымдық жобалар үшін интеграцияланған шешімдер ұсынылады.

Ганновердегі «Сименстің» негізгі тақырыптарының бірі интеллектуалды қуатпен қамтамасыз ету болады. Заманауи технологиялар энергияны тұтынуды басқару үшін қажетті энергия ашықтығын қамтамасыз етеді. Сандық қолданбалар арқасында компания зияткерлік аналитикалық құралдарды ұсынады. MindApp Energy Efficiency Analytics қосымшасы энергия сұранысын есептейді, жүктемені төмендету шараларын ұсынады және компанияның жалпы энергия тұтынуын азайту үшін, өндіріс құралдары мен процестерді оңтайландыру үшін нақты уақыт режимінде көп нүктелі деректерді түсіндіруді қолданады.

Бұдан басқа, компания өнімнің өмірлік циклін басқарудың (PLM) бағдарламалық қамтамасыз ету портфелін көрсететін болады. «Сименс» электромобиль саласындағы өз жетістіктерін көрсетеді: келушілер электромобильдерді қуаттау инфрақұрылымының кешенді шешімдерін және тағы басқаларды көреді.

- Қазақстанда «Сименс» компаиясы үшін 2017 жыл қаншалықты сәтті болды? Қандай жобаларды іске асырдыңыздар?

- Жалпы айтқанда, өткен жыл компания үшін өте табысты болды. Нарықтың потенциалы жаңа жолмен ашылды, біз ағымдағы жылға және болашаққа сеніммен қараймыз. 2017 жылы біз Астанада өткен «ЭКСПО-2017» әлемдік көрмесіне қатыстық. Корпоративтік павильонда өз стендімізде «Сименс» компаниясының шешімдерін және жаңа технологияларын көрсеттік. Қазақстанда біз бірқатар жобаларды жүзеге асырдық, олардың бірі EXPO-2017 көрме кешенінің аумағында Smart Green Solutions «ақылды» смарт желілерін енгізу болды.

Осындай жоба Қазақстанның және ТМД-ның тарату желілерінде бірінші рет жүзеге асырылғандығын атап өткен жөн. Алдыңғы технологияларды қолдану арқылы көрме павильондарын үздіксіз қамтамасыз ету энергия шығындарын және өзге де шығындарды азайтуға мүмкіндік берді. Егер бұрын оператор немесе ауысым бастығы тікелей жұмыс орнында отыруға және барлық нәрсені бақылауға тиіс болса, енді мұндай шешімді енгізу арқылы ол электр желісін қашықтан басқара алады. Мысалы, өшірілген белгілі бір нысанды айналдыру немесе қуаттандыру.

- «Сименс» компаниясы Қазақстанда цифрлық трансформацияны жүзеге асыруда қандай бастамалар қабылдайды?

- Қазақстанда «Сименс», потенциалды талқылау үшін алаң құруда, ол «ақылды қаланы», өнеркәсіптік өндіріс пен жалпы бизнес үшін цифрландыруды қамтиды. Бірінші кезең – Қазақстанның төрт қаласында өтетін «Сименс» цифрландыру күні»: Астанада, Атырауда, Алматыда және Қызылордада. Бұл іс-шара цифрлық технологияларды жаңғырту және енгізу мәселелерін талқылау мақсатында мемлекеттік және жеке сектор өкілдерінің қатысуымен өтеді. Біздің мақсатымыз – Қазақстандағы цифрландырудың нақты потенциалын анықтау, мүдделі тараптарды біздің шешімдерімізбен таныстыру, сондай-ақ, Қазақстанның экономикасы үшін тартымды болатын өзіміз іске асырған жобалар жөнінде айту.

Айта кету керек, маусым айында Қытайда халықаралық Belt and Road Summit 2018 өтеді, ол One belt, one road бастамаларына тікелей әсер етеді. Бұл ҚХР-дың Еуропа, Азия және Африканың кеңістігінде 30-40 жылда енгізіп, дамыту перспективалары бойынша жүзеге асыратын ауқымды жобасы. Саммитке 20-дан астам елдің өкілдері қатысады. Саммитте бірқатар панельдік сессиялар, бизнес-семинарлар және іскерлік кездесулер өткізіледі. Сонымен қатар, «Сименс» компаниясының барлық инновациялық шешімдерімен таныса аласыз, және де әлемдегі жетекші компаниялардың ең жақсы бизнес жетістіктері мен ұсыныстарының көрмесі жұмыс істейді.

Авторы: Индира Мальтиева

фото: ашық көздерден алынды

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Нұров Қанат Ілияұлы

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі