Халықаралық жаңалықтар

26.04.2018

Қазақстан мен Франция ғарыш саласында ынтымақтастық орнатуға ниетті

465

BNEWS

Жалпы, «Франция-Қазақстан» сауда-өнеркәсіптік палатасының деректеріне сүйенсек, француз инвесторлары біздің елімізге 13 млрд  доллар инвестиция салды.

ҚР Инвестиция және жаму министрлігінің Инвестиция бойынша комитетінің төрағасы Ерлан Хаиров бірнеше француз компаниясы біздің елімізде серіктестікті кеңейтуге ниет білдіргендігі туралы мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Бөлшек сауда секторын қоса алғанда, түрлі салаларда жұмыс істейтін үш жаңа компания ұсынылды. Сондай-ақ, көлік секторынан бір компания Қазақстан Республикасының өңірлерінде жұмыс атқаруға қызығушылық танытып отыр. Сондықтан да, бүгінде бизнес пен Үкімет арасында қандай жобаларды бірлесе отырып, іске асыруға болады деген ашық әңгіме жүріп жатыр. Мысалы, «Еврокоптер» ынтымақтастықтың үш бағытын атап көрсетті, соның ішінде тікұшақтарды басқару бойынша оқыту бағдарламалары, әскери қорғаныс өнеркәсібіндегі ынтымақтастыққа ерекше тоқталып өтті және аталған үшінші жоба - ғарыш саласындағы ғылыми әріптестікті тереңдету», - деді Ерлан Хаиров «Франция мен Қазақстан: стратегиялық әріптестікке 10 жыл» тақырыбында өткен дөңгелек үстел аясында берген сұхбатында.

Бөлшек сауда секторында жұмыс атқарып жатқан екі компания – «Decathlon» және «Leroy Merlin» жаңа сауда орталықтарын салуға ниет білдіріп отыр, оның ішінде әлемдік брендтер бар. Бір компания тасымалдау саласына қызығушылық танытып отырғандығын және ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екендігін ашық жеткізді. Қазақстанда жұмыс атқарып жатқан компаниялар, оның ішінде Total жаңартылатын энергетиканы, оның ішінде күн энергетикасын дамытуға мүдделі», - деді инвестициялар бойынша комитеттің басшысы.

«Франция-Қазақстан» сауда-өнеркәсіптік палатасының директоры Мүнира Артықбаева бұл палата екі жыл бойы қызмет атқарып жатқандығын айтып өтті.

«Франция-Қазақстан» сауда-өнеркәсіптік палатасы 120 елдің ішінде 90 елде бар Халықаралық сауда палатасының мүшесі болып табылады, соның ішінде Қазақстанда. Бүгінгі кездесу француз бизнесі мен Үкімет арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарды дамыту бойынша, білім беру саласына бизнестің қатысуы бойынша және цифрлық Қазақстан бағдарламасына қатысу бойынша  жұмыстың айшықты үлгісі болды. Француз компаниялары Қазақстанда адал қызмет атқаруда, олар Қазақстан тұрғындарымен кәсіби, адамгершілік, қоғамдық тұрғыдағы тәжірибелерімен шын жүректен бөлісуде», - деді Артықбаева.

Жалпы, француз инвесторлары Қазақстанға 13 миллиард доллар инвестиция салды.

Сурет: Ашық көздерден

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Нұров Қанат Ілияұлы

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі