Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.
Қазақстан шикізаттық емес тауарлардың экспортын арттыруды жоспарлап отыр
Қазақстан сауданы жақсарту үшін бірқатар шаралар қабылдады
2025 жылға қарай Қазақстанның шикізаттық емес экспорты екі есе артады. Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агентттік осындай болжам жасады, деп хабарлайды LS.
Ведомствоның ақпаратына сәйкес бес жылда өңдеуші өнеркәсіп пен АӨК 41 млрд сомаға экспортқа тауар шығарады. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда екі есе көп.
Бұл үшін өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы саласында жаһандық желілерге кезең-кезеңімен интеграциялай отырып, қосылған құнның өңірлік тізбектері жолға қойылатын болады.
Сондай-ақ ЕЭО, ТМД мен өзге де халықаралық және өңірлік экономикалық бірлестіктерде Қазақстанның мүддесін қорғау да жалғасын табады. Атап айтқанда, ЕЭО-дағы қазақстандық экспорттаушылар үшін кедергілер жойылады, одақтың ішкі нарығында алып қоюлар мен шектеулер қысқартылады.
Бұдан басқа, 2025 жылы ЕЭО-да Қазақстан тарапынан белгілі бір дайындықты талап ететін газ, мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтары, энергетика және қаржы нарықтары іске қосылатын болады.
Сонымен бірге, Одақпен бірлесіп, Вьетнаммен және Иранмен қолданыстағы келісімдердің үлгісі бойынша еркін сауда туралы келісімдер есебінен қазақстандық тауарлардың үшінші елдер нарықтарына преференциялық қолжетімділігі үшін жұмыс жүргізілетін болады. Сингапурмен және басқа елдермен келіссөздер жалғасады.
Халықаралық сауда рәсімдерін жеңілдету үшін мемлекеттік шекара периметрі бойынша автомобиль, теміржол бекеттері мен өткізу пункттерін жаңғырту және қайта құрылымдау жалғастырылатын болады. Олар сыртқы нарықтарда отандық тауарларды ілгерілетуге ықпал етуге тиіс.
ЭЫДҰ стандарттары мен практикасы Қазақстанда 2025 жылға дейін енгізілетін болады. Сондай-ақ өңірлік экономикалық бірлестіктермен (Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы, Еуропалық одақ, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінің қауымдастығы және т.б.) ынтымақтастық күшейтілетін болады.
Дереккөз: https://lsm.kz/nesyr-evoj-eksport-iz-kazahstana-vyrastet-do-41-mlrd