Халықаралық жаңалықтар

28.04.2021

Ресейлік жеткізуші қазақстандық кәсіпкерге сатып алған тауарын жеткізіп берді

1105

Фото: ашық дереккөздерден

Алматы өңірлік кәсіпкерлер палатасына "Жас кәсіпкер" бағдарламасының қатысушысы, жеке кәсіпкер Жақсылық Нұрболат Жанарбекұлы ресейлік жеткізушінің әрекетіне шағым айтып жүгінді.

Қазақстандық сатып алушы жүз пайыздық алдын ала төлем жасағанына қарамастан, ресейлік өнім беруші сауда автоматын жеткізу шарты бойынша міндеттемелерді орындамаған.

Жеткізуші, яғни "Зарядные технологии" ЖШҚ келісімшартқа сәйкес тауарларды жеткізбеген. Сонымен қатар, жеткізуші сатып алушымен байланысты тоқтатты және сотқа дейінгі шағымға да жауап бермеді.

Осыған орай, бизнес-омбудсменнің кеңсесі Санкт-Петербургтегі Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Александр Абросимовқа көмек көрсетуді сұрап өтініш жолдады.

Санкт-Петербургтегі бизнес-омбудсмен аппаратының қызметкерлері «Зарядные технологии» ЖШҚ-мен байланысып, қазақстандық сатып алушыға төленген тауардың жедел жеткізілетіні туралы хабарлады.

Біраз уақыттан кейін "ZHAKSYLYK" ЖК өз тауарын алғанын айтып, көмек көрсеткенімізге алғысын білдірді.

"Жеткізілген тауар сомасы 68 000 мың рубльді немесе 500 000 теңгені құрады", - деп хабарлады бизнес-омбудсменнің Алматыдағы өкілі Салтанат Лесбаева.

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Жүрсінов Р.М.

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
service.pravstat.kz
www.e-gov.kz
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі