Халықаралық жаңалықтар

18.12.2019

Бизнесті дамытудағы басым міндеттер: сараптама және жоспар

1387

Ташкентте 16-17 желтоқсанда "Бизнестегі парасаттылық, халықаралық стандарттар, өңірлік мәселелер және әрі қарайғы қадамдар" атты халықаралық конференция өтті.

Іс-шараны еліміздің сауда-өнеркәсіп палатасы "Өзбекстанның жеке секторында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға жәрдемдесу" жобасын іске асыру аясында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен (ЕҚЫҰ) бірлесе отырып ұйымдастырды.

Аталған жобаның мақсаты республикадағы кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша халықаралық машықтар мен тәжірибені енгізу, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу саласындағы ұлттық заңнама талаптарын тиімді дамытуға және іске асыруға жәрдемдесу болып табылады.

Іс-шарада кәсіпкерлік субъектілеріне бизнес-саладағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік саясаттың мәні мен маңызы туралы ақпарат ұсынылды. Кәсіпкерлердің заңды ұстануын қамтамасыз ету үшін Сауда-өнеркәсіп палатасының қоғамдық бақылауды жүзеге асыру құқығы жөнінде сөз қозғалды. Палатаның бұл бағыттағы қызметі бірінші кезекте кәсіпкерлердің заңды мүдделерінің бұзылуын анықтау және мемлекеттік қызметшілер тарапынан заңсыз іс-әрекеттер орын алған жағдайда олардың құқықтарын қорғау болып табылады.

Бұл ретте, қолданыстағы заңнамаға сәйкес сауда-өнеркәсіп палатасы нормативтік-құқықтық құжаттардың жобаларына қоғамдық сараптама жүргізіп, сыбайлас жемқорлық нормаларын анықтауға ерекше назар аудару қажет. Мысалы, тек биылғы жылы заң актілерінің 868 жобасына қоғамдық сараптама жүргізілді, олардың 506-на теріс қорытынды берілді.

Сонымен қатар, ЕҚЫҰ жобаларының Өзбекстандағы үйлестірушісі Джон МакГрегор бизнес-жемқорлықты кәсіпкерліктің дамуы мен тұрақтылығына төнетін елеулі қауіп ретінде қарастыру қажет екендігін атап өтті. Оның болуы бизнесті жүргізу үшін тең жағдайлар жасау бойынша мемлекеттің іс-қимылына деген сенімге нұқсан келтіреді және мемлекеттің инвестициялық тартымдылығына да зиян келтіруі мүмкін.

Конференция бизнес-саладағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатын жүзеге асыру бойынша елімізде жүргізіліп жатқан жұмыстарды талдау, тәжірибе алмасу және осы бағыттағы бірлескен жұмысты жетілдіру бойынша бірлескен ұсыныстар әзірлеу үшін мүмкіндік туғызғандықтан маңыздылыққа ие болды.

Конференция барысында бизнестің парасаттылығын қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік стратегияларды іске асыру, жеке сектордағы корпоративтік басқару және тұтастық тетіктері, мемлекеттік кәсіпорындарда ашықтық пен тұтастықты қамтамасыз ету, бизнесті жүргізу және нормаларды сақтау әдістері сияқты мәселелер талқыланды.

Саидмурод РАХИМОВ, УзА тілшісі

Ақпарат көзі: http://www.uza.uz/ru/society/prioritetnye-zadachi-po-razvitiyu-biznesa-analiz-i-plany-17-12-2019

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Нұров Қанат Ілияұлы

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі