Халықаралық жаңалықтар

22.11.2019

Орынборда өткен форумда Қазақстан мен Ресейдің шекара маңы ынтымақтастығының дамуы талқыланды

1182

"Орынбор – Еуразияның жүрегі" халықаралық форумының пленарлық отырысы барысында Қазақстан мен Ресейдің өкілдері шекаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА тілшісі.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, форумға Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Белоруссия және басқа да елдерден 3000-нан астам адам қатысты.

Орынбор облысының губернаторы Денис Паслер шекаралас аймақтардағы әріптестермен тығыз өзара іс-қимыл мен жобаларды іске асыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин Қазақстан мен Ресей өңірлік интеграцияны тереңдетіп жатқанына тоқталды. Ресей Ақтөбе облысының сыртқы саудадағы ірі серіктесі болып табылады.

"Ірі бизнес саласында тығыз және өзара тиімді қатынастар жолға қойылған, ШОБ, ауыл шаруашылығы, әлеуметтік саладағы ынтымақтастық дамып келеді. 2019 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша Ақтөбе облысының Ресеймен тауар айналымы 676,3 млн долларды құрады, оның ішінде экспорт 245 млн доллар, импорт – 431,3 млн доллар. Орынбор облысымен тауар айналымы 48,2 млн долларды құрады, оның ішінде экспорттың үлесіне 18,2 млн доллар, импортқа - 29,9 млн доллар келеді. Жыл сайын ресейлік капиталдың қатысуымен ашылып жатқан өндіріс саны артып келеді, бүгінгі күні облыс аумағында жұмыс істейтін 1 084 шетелдік компанияның 534-і Ресейге тиесілі", - деді О. Оразалин.

Сонымен қатар, ынтымақтастықты одан әрі дамыту әлеуеті әлі де зор және оны іске асыру үшін өңірлер арасындағы көліктік-логистикалық байланыстарды дамыту маңызды болып тұр.

"Бұл форумда Орынбор облысының үкіметтері мен Ақтөбе облысының әкімдігі арасындағы 2020-2022 жылдарға арналған сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени және гуманитарлық ынтымақтастық туралы келісімдерді жүзеге асыру үшін "Жол картасы" өзектілендірілді. Және де осы бағдарламаны жүзеге асыру үшін өңірлік биліктің нақты жобалармен, идеялармен және бастамалармен белсенді араласуы маңызды болып тұр", - деп атап өтті Оңдасын Оразалин.

Форум барысында "Сағарчин-Жайсан" пунктінің шекара маңындағы жол учаскелерінің өткізу қабілетін арттыру бойынша бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қойылды.

Сондай-ақ, қазақстандық тараптың шекаралық ортақ өнеркәсіптік кооперацияны тереңдетуге, бірлескен кәсіпорындар құруға мүдделі екендігі атап өтілді. Оң тәжірибе ретінде трансшекаралық Весеннне-Аралчинский мырыш кен орнын, Ащысай және Новомихайлов кен орындарын игеру бойынша жобалар, Ақтөбе облысындағы Шоқаш кен орны базасында тау-кен-химиялық кешенін салу перспективасы келтірілген.

Пленарлық отырыс соңында өңірлер арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

 

Самал Ендібаева

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Жүрсінов Р.М.

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
service.pravstat.kz
www.e-gov.kz
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі