Халықаралық жаңалықтар

18.11.2019

Қазақстан мен Өзбекстан ауыл шаруашылығындағы ынтымақтастықты жандандыру жөніндегі Жол картасын қабылдады

1190

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Өзбекстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі (АШМ) Жамшид Ходжаев бастаған делегацияны қабылдады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.

"Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевтің күш-жігерінің арқасында екі елдің арасындағы ынтымақтастық жаңа сапалы деңгейге көтерілді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанмен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту бойынша жұмыстарды барынша жалғастыруда", - деді А. Мамин.

Премьер-Министр агроөнеркәсіптік кешен өнімдерін өзара жеткізуді арттыру, инвестициялық жобаларды бірлесіп іске асыру және үшінші елдердің нарығына шығу үшін елеулі әлеуеттің бар екенін атап өтті.

Ағымдағы жылдың 9 айында Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы ауылшаруашылық өнімдері мен ауылшаруашылық шикізаты тауарларының айналымы 770 млн. АҚШ долларын құрады. Қазақстанның Өзбекстанға шығаратын экспортының негізгі көлемі бидай мен меслинге, бидай немесе бидай-қара бидай ұнына, күнбағыс тұқымына,қантқа, ірі қара малға, бидай қалдықтарына тиесілі. Ал Өзбекстан Қазақстанға негізінен шие мен қызыл шие, жаңа піскен жүзім, өрік, қызанақ, шабдалы, құрма мен көкөніс экспорттайды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша Үкімет басшысының қатысуымен екі елдің ауыл шаруашылығы министрлері орта мерзімді перспективаға арналған ҚР мен ӨР арасындағы ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты жандандыру жөніндегі Жол картасына қол қойды.

Құжат 2019-2024 жылдары ауыл шаруашылығы ғылымы, өндіріс, сертификаттау, сауда, цифрландыру, ветеринария және мал шаруашылығы, өсімдіктер карантині салаларындағы өзара іс-қимылды дамыту шараларын қамтиды.

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Жүрсінов Р.М.

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
service.pravstat.kz
www.e-gov.kz
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі