Бизнес-омбудсменнің хаттары

11.02.2026

Қаржы вице-министріне «Жаикмунай» ЖШС-нің өтініші бойынша (11.02.2026)

Қазақстан Республикасы
Қаржы вице-министрі
Е.Е. Б
іржановқа 

Құрметті Ержан Ерікұлы!

Маған «Жаикмунай» ЖШС-нен (бұдан әрі – «Компания») Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті тарапынан, өтініш берушінің пікірінше, заңсыз жүргізілген салықтық тексеру мәселесіне қатысты өтініш келіп түсті.

Аталған өтініш бойынша Компания өкілдерімен және шетелдік инвестор болып табылатын Nostrum Oil & Gas компаниялар тобының өкілдерімен жұмыс кездесуі өткізілді. Кездесу барысында мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің салық заңнамасын ықтимал бұзуына байланысты мәселелер талқыланды.

Кездесу барысында Компанияның өтінішінде баяндалған салықтық тексерулер нәтижелеріне қатысты мән-жайлар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыру кезінде Компания тап болған елеулі құқықтық және практикалық қиындықтар жан-жақты қаралды.

Қазақстан Республикасы мен Нидерланд Корольдігі арасындағы табыс пен капиталға қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтарудың алдын алу туралы Конвенция шеңберінде уәкілетті орган өзара келісу рәсімін бастағанын ескере отырып, қаралып отырған мәселенің маңыздылығының жоғары екенін атап өтеміз.

Осыған байланысты өтініш берушілер 2018-2019 жылдар кезеңі бойынша салықтық тексеру нәтижелеріне дау айту туралы шағымды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Апелляциялық комиссиясына жолдады, қазіргі уақытта аталған шағым қаралу үстінде.

Қалыптасқан жағдайдың Қазақстан Республикасының инвестициялық ахуалына ықтимал әсерін ескере отырып, көрсетілген мәселені қарау кезінде Компанияның Апелляциялық комиссияға жолдаған шағымында келтірілген барлық дәлелдерді жан-жақты әрі объективті зерделеуді қамтамасыз етуді және қарау қорытындысы бойынша заңды, негізді әрі теңгерімді шешім қабылдауды сұраймыз.

Қарау нәтижелері туралы өтініш авторын, сондай-ақ Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Аппаратын хабардар етуді сұраймыз. 

Қосымша: «Жаикмунай» ЖШС-нің өтініші және оған қоса берілген материалдар. 

Қазақстан кәсіпкерлерінің
құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл
Қ. Нұров

Файлды жүктеп алу:

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Нұров Қанат Ілияұлы

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі