Бизнес-омбудсменнің хаттары

19.11.2025

Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне мұнай өнімдеріне қосымша акциз мөлшерлемесі туралы (19.11.2025)

Қазақстан Республикасының
Премьер-
Министрі
О.А.
Бектеновке 

Мұнай өнімдеріне қосымша акциздің мөлшерлемесіне қатысты 

Құрметті Олжас Абайұлы! 

Сізге Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті жүргізу жағдайларын жақсартуда сындарлы ынтымақтастық пен кәсіпкерлік қоғамдастықты қолдағаныңыз үшін ризашылығымды білдіремін. Осыған байланысты, Сіздің назарыңызды келесі сұраққа аударғым келеді.

Маған «PetroMining ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті С.М. Боранбеков жүгінді. Қауымдастық 40-тан астам тәуелсіз жер қойнауын пайдаланушы мұнай өндіруші ұйымдардың (бұдан әрі – МӨҰ) мүдделерін білдіреді және мұнай өнімдеріне акциздер мөлшерлемелерін заңсыз және пропорционалды емес ұлғайту мүмкіндігімен айналысады.

Өтініште «Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 8 мамырдағы № 542 Жарлығын іске асыру шеңберінде көзделген, бензин мен дизель отынына бағаны мемлекеттік реттеуді жою жөніндегі шаралар нарықтың бәсекелестік моделін құру және мұнай өндіру секторының тиімділігін арттыру жөніндегі маңызды қадам болып табылатыны көрсетіледі.

Сонымен қатар, Энергетикалық кеңестің 2024 жылғы 18 қарашадағы хаттамасына сәйкес, бағаларды ырықтандыру салдарынан туындаған маржиналдылық өсімін, оның ішінде отынды көтерме саудада өткізуге акциздер мөлшерлемелерін ұлғайту арқылы алу тәсілдері қаралады.

Қауымдастықтың ұсынылған есептеулеріне сәйкес, жаңа Салық кодексінің нормаларымен бірге жоспарланған 50% деңгейінде акциздердің қосымша ставкаларын енгізу салаға салық жүктемесінің ағымдағы 58%-дан 65%-ға дейін ұлғаюына әкеледі. Бұл ретте қосымша пайданы нақты алып қою 79%-ға дейін құрауы мүмкін, бұл мұнай өндіруші ұйымдар қызметінің рентабельділігін төмендету, инвестициялық бағдарламаларды, геологиялық барлау жұмыстарын қысқарту тәуекелдерін қалыптастырады және жұмыс орындарының сақталуына теріс әсер етеді.

Сонымен қатар, Қауымдастық қосымша акциздің мөлшерін 25% деңгейінде белгілеуді ұсынады. Бұл ретте жиынтық салық жүктемесі шамамен 58,5%-ды құрайды, бұл бұрын қолданыста болған параметрлерге сәйкес келеді және саланың тұрақтылығын сақтай отырып, мемлекет пен бизнес мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Кен орындарын дамытуға, өңірлердің әлеуметтік инфрақұрылымына және геологиялық барлауға қосымша кірістің бір бөлігін міндетті түрде бағыттауды көздейтін жер қойнауын пайдалануға арналған үлгілік келісімшарттарға жобаланатын өзгерістерге қосымша назар аударамыз. Келісімшарттар бойынша жоғары акциздер мен алып қоюларды бір мезгілде қолданған жағдайда, кірістерді жиынтық алып қою жер қойнауын пайдаланушылар табыстарының 100%-дан асуы мүмкін, бұл баға белгілеудіераықтандырудан оң әсерді толығымен теңестіреді.

Баяндалғандарды ескере отырып, сондай-ақ Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан» жолдауында айтылған салық режимінің тұрақтылығын қамтамасыз ету, инвестициялық белсенділікті қорғау және экономикаға тікелей инвестициялардың төмендеуіне жол бермеу бөлігіндегі тапсырмаларына байланысты, МӨҰ ұстанымын қолдау мүмкіндігін және мұнай өнімдеріне қосымша акциздің мөлшерлемесін 25%-дан аспайтын деңгейде белгілеудің орындылығын қарауды сұраймын.

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл ретінде мен бизнестің заңды мүдделерін сақтау мемлекеттің мүдделеріне сәйкес келетініне және мұнай өндіру саласының орнықты дамуын қолдауға, бәсекелестік ортаны қамтамасыз етуге және жер қойнауын пайдаланушылардың әлеуметтік міндеттемелерін орындауға ықпал ететініне сенімдімін.

Құрметпен, 
Қ. Нұров

Файлды жүктеп алу:

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Нұров Қанат Ілияұлы

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі