Бизнес-омбудсменнің хаттары

16.04.2026

Энергетика министрлігіне «Фирма Ада Ойл» ЖШС-нің өтініші бойынша (16.04.2026 ж.)

Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі

Қазақстан Республикасы кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің атына «Фирма Ада Ойл» ЖШС-дан Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің (бұдан әрі Министрлік) 2013 жылғы 23 сәуірдегі №3907 келісімшарт (бұдан әрі Келісімшарт) шеңберінде ішкі нарыққа мұнай жеткізу кестелерін қалыптастыру кезіндегі әрекеттеріне қатысты өтініш келіп түсті.

Өтініш берушінің дәлелдеріне сәйкес, 2024 жылдан бастап Министрлік мұнайды жеткізу кестесін қалыптастыру арқылы серіктестіктің өндірілетін мұнайының 70%-на дейін Павлодар мұнай-химия зауыты мен PetroKazakhstan Oil Products зауытында серіктестік берген қайта өңдеу туралы өтінімдерге қарамастан, Атырау мұнай өңдеу зауытына қайта өңдеуге жіберіледі.

Бұл ретте, Келісімшарт талаптары өндірудің шамамен 30%-ын ішкі нарыққа жеткізуді көздейді. Өтініш берушінің ақпараты бойынша, көлемдердің көрсетілген бөлінуі шығындардың едәуір өсуіне, кәсіпорынның қаржылық жағдайының нашарлауына әкеледі және Келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындамау тәуекелдерін туғызады.

Министрліктің жауабын зерделеп, мұнайды жеткізу кестесін қалыптастыру оның құзыреті шеңберінде жүзеге асырылатыны анықталды. Ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету басымдық болып табылады, ал көлемдерді бөлу, егер бұл кәсіпкердің құқығын бұзса да, нарық балансын, техникалық мүмкіндіктер мен мемлекеттік мүдделерді ескере отырып жүргізіледі. Бұл ретте кәсіпкер іс жүзінде мұнай өнімінің меншік иесі болып табылады, алайда оның пікірі ескерілмейді.

Министрлік оның іс-әрекеттері заңнаманың талаптарына сәйкес келеді деп бекітеді, бұнымен өтініш беруші келіспейді және өз құқықтарын қорғау жөнінде шаралар қабылдауды сұрайды, өйткені Ақтөбе облысында осыған ұқсас әкімшілік шектеулер қолданылмайтын өзге де кәсіпкерлер (компания саны – 25) бар.

Өтініш беруші мұнай жеткізу кестесін қалыптастыру қағидаларының 3-тармағын жер қойнауын пайдаланушылардың өтінімдерін есепке алу, сондай-ақ бәсекелестікке кемсітушілік жағдайлар мен шектеулер жасауға жол бермей, Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 6-бабында бекітілген кәсіпкерлік субъектілерінің теңдік қағидатын сақтау бөлігінде сақтау қажеттігіне назар аударады, өтініш берушінің пікірінше, бұл талаптар Министрлік тарапынан сақталмай отыр.

Өтініш авторының бұрын Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мұнайды жеткізу кестесін қалыптастыру кезінде бұзушылықтарды анықтағанын және осы уақытқа дейін орындалмаған және тиісті бақылаусыз қалдырылған заң бұзушылықтарды жою туралы тиісті ұйғарым енгізгенін атап өткеніне назар аударамыз. Нәтижесінде бұзушылықтар жойылмады және орын алуды жалғастыруда, ал кәсіпкердің шығынға ұшырауы жалғасуда.

Осыған байланысты, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мақсатында ішкі нарыққа мұнай жеткізу кестесін қалыптастыру кезінде кәсіпкерлік субъектілерінің теңдігі қағидаттарын сақтай отырып, кәсіпкердің өтінішін қайта қарауды сұраймыз.

Қарау нәтижелері туралы өтініш авторын және Қазақстан Республикасы кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілді заңнамада белгіленген мерзімдерде хабардар етуді сұраймыз.

Қазақстан кәсіпкерлерінің
құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл
Қ. Нұров

Файлды жүктеп алу:

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Нұров Қанат Ілияұлы

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі