Бизнес-омбудсменнің хаттары

14.04.2026

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасына «L-Capital» АҚ-ның өтініші бойынша (14.04.2026 ж.)

Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын реттеу және
д
амыту агенттігінің
т
өрағасы
М.Е. Әбілқасымоваға
 

Құрметті Мәдина Ерасылқызы!

Маған «L-Capital» АҚ бас директоры Л.С. Қадыровадан (бұдан әрі – Қоғам) қоғамның мүлкінен, сондай-ақ оның 4000-нан астам акционерінің мүлкінен тыйым салуды алып тастауға жәрдемдесу мәселесі бойынша өтініш келіп түсті.

Алматы қаласы Бостандық ауданының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы №2 аудандық сотының үкімі негізінде ұзақ уақыт бойы тиым салынған 100-ден астам автокөлік және арнайы техника туралы сөз қозғап отырмыз. Аталған үкіммен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 217 және 262-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар (қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және басқару, сондай-ақ ұйымдасқан топ пен қылмыстық ұйымды құру және басқару) жасағаны үшін 6 адам әртүрлі бас бостандығынан айыру мерзімдеріне сотталды.

Өтініш берушіден 2020 жылғы 22 маусымдағы № ЭТД-Ш-003/4695 Шымкент қаласының Экономикалық тергеу департаментінің (бұдан әрі – Шымкент қ. ЭТД) сұрау салуына жауап ретінде жолданған Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – ҚНРДА) 2020 жылғы 03 шілдедегі № 05-0-08/45дсп хаты негізінде қылмыстық іс қозғауға бастамашылық жасалғаны туралы түсіндірмелер бар өтініш келіп түсті.

ҚНРДА көрсетілген хатында бірқатар ұйымдардың, оның ішінде  «Индиго» ЖШС, «L-Capital» АҚ, «L-Capital Finance» ЖШС, «R.O.I» ПК, «World Business Consulting», «B2B Jewelry», «Unique Finance», «GB Capital» ЖШС, «World Trend Strategies», «Confidence World Group», «HUBB», «Riviera Imperial», «Asteco», «Qnet», «New Millennium Centre Ltd» қызметі туралы талдамалық анықтама ұсынылған.

Бұл ретте, көрсетілген талдамалық анықтамада «L-Capital» АҚ қызметінде қаржы пирамидасы белгілерінің болуын растайтын мәліметтер жоқ.

Баяндалғанға байланысты, өтініш беруші жол берілген бұзушылықтар туралы мәліметтерді, сондай-ақ қоғам қызметіндегі қаржы пирамидасының белгілерін қамтымайтын ҚНРДА хатының негізінде қылмыстық іс қозғалғанын негізді түрде көрсетеді.

Осыған байланысты өтініш беруші адвокатпен бірлесіп, ҚНРДА-ға бірнеше рет аталған белгілердің болуына қатысты түсіндірме беру туралы өтініш жолдады. Алайда қойылған сұрақтардың мәні бойынша жауаптар ұсынылмаған. Бұл ретте адвокатқа құқық қорғау органдарына жүгіну қажеттігі туралы түсіндірілді, өйткені қаржы пирамидасының белгілерін белгілеу ҚНРДА құзыретіне кірмейді.

ҚНРДА хатының негізінде қылмыстық іс қозғау фактісі тергеушінің өтінішхатын қарау нәтижелері бойынша шығарылған № 217514031000304 сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде «L-Capital» АҚ және «L-Capital Finance» ЖШС мүлкіне тыйым салуды санкциялау туралы Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2021 жылғы 19 ақпандағы қаулысымен расталады. Аталған қаулыда 2020 жылғы 03 шілдедегі ҚНРДА аналитикалық ақпаратына сәйкес «L-Capital» АҚ, «L-Capital Finance» ЖШС, сондай-ақ «Bai Quat» ЖШС қызметінде қаржы пирамидасын ұйымдастырудың белгілері байқалатыны нақты көрсетілген.

Баяндалғанды ескере отырып, Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 309-бабы 7-тармағының негізінде 2026 жылғы 27 сәуірден кешіктірілмейтін мерзімде мынадай ақпаратты беруді сұраймын:

  • «L-Capital» АҚ қызметінде қаржы пирамидасын ұйымдастырудың анықталған белгілері туралы мәліметтер;
  • қылмыстық іс қозғауға негіз болған Шымкент қ. ЭТД мекенжайына жіберілген хаттың көшірмесі.

Қазіргі уақытта «AllTrans» көлік компаниясы» ЖШС мүлкіне тыйым салуға байланысты мәселе қаралып жатқанын қосымша хабарлаймын. Өтініш берушінің ақпараты бойынша, аталған заңды тұлға қылмыстық қудалау орбитасына оған іс бойынша процестік мәртебе бермей тартылған, бұл ретте компанияның мүлкіне (100 бірліктен астам техника) тыйым салынған.

Осыған байланысты «AllTrans» көлік компаниясы» ЖШС-ға қатысты жүргізілген тексеру іс-шаралары туралы, сондай-ақ олардың нәтижелері туралы ақпарат беруді сұраймын.

Құрметпен,
Қазақстан кәсіпкерлерінің
құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл
Қ. Нұров

Файлды жүктеп алу:

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Нұров Қанат Ілияұлы

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі