Жаңалықтар

20.05.2019

Қазақстан Премьер-Министрі мен Армения Президенті сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту келешегін талқылады

179

Фото primeminister.kz сайтынан алынды

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Асқар Мамин XII Астана экономикалық форумына қатысу үшін Нұр-сұлтан қаласына келген Армения Республикасының Президенті Армен Саркисянмен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Әңгіме барысында экономикалық саладағы қазақстан-армян қарым-қатынастарының өзекті мәселелері, өзара тиімді ынтымақтастықты, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ынтымақтастықты кеңейту мен тереңдету перспективалары талқыланды.

Тараптар атап өткендей, өзара қарым-қатынасқа сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның жұмысын күшейту айтарлықтай серпін береді. Елдердің нарықтарын талдау химия өнеркәсібі, машина жасау және ауыл шаруашылығы салаларындағы өзара сауда-саттықты әрі қарай кеңейту және ұлғайту үшін үлкен әлеует бар екендігін көрсетті.

Армения Президенті Армен Саркисян жасанды интеллект, энергетика, логистика, авиация, ғарыш саласы, агроөнеркәсіп кешені, қоршаған ортаны қорғау, білім беру және туризмді дамыту тұрғысынан цифрландыру салалары екіжақты қарым-қатынастарды тереңдетуге қызығушылықты тудырғанын айтып өтті.

Өз кезегінде, ҚР Үкіметінің басшысы А. Мамин экономикалық қатынастардың толыққанды форматын дамытуға, тауар айналымы мен инвестициялық ынтымақтастық көлемін арттыруға мүдделі екендігін білдірді.

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Нұров Қанат Ілияұлы

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
service.pravstat.kz
www.e-gov.kz
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі