Халықаралық жаңалықтар

07.05.2017

Мирзиёев бизнес-омбудсмен институтын құру туралы жарлыққа қол қойды

585

 Sputnik, Валерий Мельников

Бизнес-омбудсмен өз өкілеттілігін жүзеге асыру барысында мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға тәуелді болмайды, өз қызметі жайында тек ел президентіне ғана есеп беретін болады. ДУШАНБЕ, 7 мамыр - Sputnik.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі институтты бекіту туралы жарлыққа қол қойды.

«Өзбекстан Республикасы президентінің жанынан кәсіпкерлік субъектілерінің құқығы мен заңды мүдделерін қорғайтын уәкілдің институты құрылсын», - делінген құжаттың мәтінінде.

Құжатқа сәйкес, бизнес-омбудсменге мемлекеттік органдарға заңнаманы бұзуға жол бермеу турасында алдын-ала жазбаша түрде ескерту ұсыну құқығы берілген, мемлекеттік органдардың басшыларына заңбұзушылықтарды жою жөнінде және оларға ықпал ететін себептері мен жағдайлары жөнінде ескерту енгізуге, сонымен қатар кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгініп арыздар мен талаптарды ұсыну құқығы берілген.

Жарлық бойынша бизнес-омбудсмен өз өкілеттілігін мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан тәуелсіз түрде дербес жүргізе алады,  өз қызметінде ел президентіне есеп береді.

Мирзиёев, сондай-ақ өзінің аппаратына және мүдделі министрліктер мен мекемелерге екі ай ішінде «Өзбекстан Республикасы Президентінің жанынан ашылған кәсіпкерлік субъектілерінің құқығы мен заңды мүдделерін қорғайтын уәкілеттілік жөнінде»  заң жобасын әзірлеп, кейін парламентте енгізуді тапсырды.

2016 жылдың қазанында Мирзиёев, президенттің міндетін атқарушы лауазымында жүргенінде-ақ бизнес-омбудсмен институтын құруды меңзейтін «Кәсіпкерлікті жедел дамытудың қосымша шаралары туралы» заңға қол қойған еді.

Ақпарат көзі: http://ru.sputnik-tj.com/asia/20170507/1022243434/mirziyoev-podpisal-ukaz-sozdaniye-instituta-biznes-ombudsmena.html

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Нұров Қанат Ілияұлы

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі