Ақтөбелік кәсіпкерлердің жағдайы жайында

Былтырғы жылдың өзінде Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасына 340 шағым түсіп, оның үштен екісі кәсіпкерлердің пайдасына шешілді.

Ұйымдасқан жұмыстың арқасында, 2016 жылы Ақтөбе облысының өңірлік (ӨКП) кәсіпкерлер палатасына 340 өтініш келіп түсті, оның ішінде 66% бизнесмендердің пайдасына шешілді. Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, 2015 жылы түскен 270 шағымның 167-сі, яғни 61% шешілген. Мұндай ақпаратты өңірлік палата өткен жылдағы өз жұмысының қорытындысында айтып өтті.

Жалпы алғанда, 2014 жылдан бастап кәсіпкерлердің құқығын қорғау желісі бойынша Ақтөбе облысының ӨКП-на 783 шағым түсті, оның 60% кәсіпкерлердің пайдасына шешілді.Осы кезеңде кәсіпкерлердің қорғалған мүліктік құқығының жалпы сомасы 6,4 млрд теңгені құрады, оның ішінде, 1,1 млрд теңгеден астамы 2016 жылғы.

Өткен жылы бизнестің 79 жүйелік мәселелері анықталды (жергілікті деңгейдегі – 44, республикалық деңгейдегі  - 35). 44 мәселе шешілді. Келіп түскен шағымдарға жасалған сараптаманың қорытындысы бойынша негізгі мәселелер анықталды, мұны ӨКП жүйелік деп атайды.

Бұл құрылыс, сәулет, жер мәселесі, салық салу, мемлекеттік сатып алу, ауыл шаруашылығы секторындағы субсидиялар, коммуналдық қызметтерге тарифтер (олардың қымбаттауы), көлік мәселелері.

«Жер мәселесіне келсек. Бизнеске жер учаскелері жетіспейді. Заң - жер аукцион арқылы сатылуы керек дейді. Ал әкімшілікте аукцион өткізу үшін құжаттарды дайындауға қаражаттың жоқтығын алға тартады. Біз 2016 жылдың ақпан айында қала әкімін көндірдік, қала бюджетінен 30 млн теңге бөлінді. Осы қаржыға қажетті құжаттарды рәсімдеп, аукцион өткіздік. Нәтижесінде 2016 жылы 5 аукцион өткізілді. 46 жер телімі сатылды. Қалалық бюджетке 97 млн теңге түсті, яғни 3 есе көп. Әсері көзге көрінді. Биыл қала әкімшілігі 3 аукцион өткізіп, жалпы сомасы 113 млн теңгеге 29 жер телімін сатты.

Алдағы уақытта бұл мәселені жүйелі түрде шешу үшін біз «Атамекен» ҰКП-на жергілікті атқарушы органдарды жер учаскелерін аукционда сату үшін тұрақты түрде қаржы бөлуді міндеттеуді сұрап ұсыныс жасадық. Бизнес-омбудсмен Болат Палымбетов бұл бастаманы қолдады. Осы мәселе биылғы жылы нормативтік-құқықтық акті деңгейінде өз шешімін табады деген үміттеміз», – деді Ақтөбе облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлыбек Мұқанов.

Заңды мүдде...

Бизнестің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау - палата қызметінің басты бағыттарының бірі болып табылады. Өткен жылы ӨКП облыстық әкімдікпен, прокуратурамен, сондай-ақ басқа да уәкілетті органдармен меморандумға қол қойды. Ақтөбе облыстық прокуратурасының алаңында жұмыс істейтін кәсіпкерлерді қорғау Штабы мен ӨКП алаңында жұмыс істейтін кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі Кеңесті кәсіпкерлердің құқығын қорғаудағы тиімді құрал деуге болады.   

«Біз тәжірибелі заңгерлер  мен облыстық адвокаттар Алқасының білікті адвокаттарының қатысуымен заңгерлер клубын құрдық. Міне, осының бәрі кәсіпкерлердің құқығын қорғауда шара қолдануға толық мүмкіндік береді», – деді Мұқанов мырза.

...салық ауыртпалығы

Салық мәселесіне байланысты дауларды шешу мақсатында Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасы облыстың мемлекеттік кірістер басқармасымен бірлесіп нақты мәселелерді қарап, талқылау бойынша сараптау тобын құрды. Салық кодексіндегі өзгертулер мен толықтыруларды түсіндіру мақсатында Бухгалтерлер клубы құрылды.

2015 жылы 491 қылмыстық іс тіркелсе, 2016 жылы бас прокуратураның араласуынан кейін облыстық әкімшілікпен, прокуратурамен және Палатамен  бірлесе отырып «Шектеусіз кәсіпкерлік» атты жол картасын жасап шығарғаннан кейін, тіркелген қылмыстық іс мөлшері 240-қа дейін түсті, яғни 2 есеге аз. Олардың біраз бөлігі негізсіз болғандықтан, прокуратураның ықпал етуімен тоқтатылды деп хабарлайды ӨКП. Нәтижесінде 240 қылмыстық істің 50-і ғана айыптау қорытындысымен сотқа жөнелтілді. 17 қылмыстық іс бойынша кәсіпкерлердің құжатын алуға берілген санкцияларға жоқ делінді. Және де оларға салықтық тексеру жүргізуден бас тартты.

«Салық кодексін әзірлеуге қатысты Елбасы нақты тапсырмалар берді. Осыған байланысты барлық кәсіпкерлерден Салық кодексін жеңілдету мен жақсартуға қатысты ұсыныстары мен пайымдарын жіберулерін өтінемін»,- деді ақтөбелік бизнесмендерге өңірлік кәсіпкерлер Палатасының директоры өзінің үндеуінде.

Өнімді жыл

Ақтөбе ӨКП өткен жылды өте нәтижелі болды деп санайды.  Басты жетістіктерінің бірі – ауыл кәсіпкерлеріне шағын несиелендіру бағдарламасын іске қосу болды. АЛМЕКС компаниялар тобы бұл шараға 300 млн теңге бөлді. «Атамекен» палатасының бұл бастамасын Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры да қолдап 300 млн теңгеден қаржы бөлді. Нәтижесінде несие қоржынының көлемі 900 млн теңгені құрады. Осы қаражат есебінен 225 жоба қаржыландырылып, іске қосылды.

 Фермерлердің құзіретін жақсарту мақсатында «Атамекен» ҚР ҰКП жанынан Агрокомпетенция орталығы құрылды. Осының арқасында Ақтөбе облысында базалық шаруашылықта ет-сүт өндіру шаруашылығы, мал шаруашылығы, жылқы шаруашылығы, балық өсіру, ет өңдеу және бордақылауға байланысты 12 семинар өткізілді. Семинарға Ақтөбе облысының 180 фермері қатысты.

Жергілікті өнімді өткізу

ӨКП облыс әкімдігімен бірлесе отырып жергілікті өндірушілердің өніміне мониторинг жасау мен сатып алу жөніндегі мемлекеттік органдарға өткізу мақсатында Қомиссия құрды. Нәтижесінде медициналық мекемелер жергілікті өндірушілерден шамамен 100 млн теңгеге азық-түлік өнімдерін сатып алды.

«Айс-плюс» ЖШС, «Рамазан» ЖШС, «Мәртөк сүт» ЖШС, «Кіші-құм» ШҚ, «Наурыз-сим» ЖШС, «Молочные истории» ЖШС, «Тандем W» ЖШС-мен жасалған келісімшарттар сатып алудың үштен бір бөлігін құрады.

«Нұрлы жол» бағдарламасының жобасы шеңберінде жергілікті және отандық өндірушілерден 1,9 млрд теңгеге өнім сатып алынды. «АЗНТ» ЖШС шыны пластикалық құбырлар жеткізіп берсе, «Актобестройхиммонтаж» ЖШС полиэтилен құбырларды, «Стройдеталь» ЖШС мен «ЖБИ-25» ЖШС темір бетон бұйымдарды, «Ерке-Нұр» ЖШС жапқыш арматураны, «ДинарТоргМаш» ЖШС кабельдік  өнімді, «Алагеум Электрик» ЖШС электр жабдықтарын сатты.

Квазимемлекеттік сектор саласында 250 млн теңгеге жергілікті  өндірушілердің өнімі өткізілді.

Кәсіпкерлер палатасының жұмысы арқасында Ақтөбе облысының жергілікті өндірушілері «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-мен 791 млн теңгеге азық-түлік жеткізіп беруге шарт жасасуға қол жеткізді.

Кері байланыс

Кәсіпкерлер Палатасының жұмысы шын мәнінде тиімді екенін Ақтөбе облысының кәсіпкерлері растайды.

«Кәсіпкер ретінде мен жеке сот орындаушысының мүлікке тиым салу сияқты заңсыз іс-әрекеттеріне куә болдым. Мен барлық заңды толық білмегендіктен ӨКП -на көмек сұрап бардым Ол жерде мені мұқият тыңдап, барлық құжаттармен танысып шықты. Менің мәселем екі апта ішінде шешілді»,- деген Күләш Бакишева өз ЖК -нің тарихын айтып берді.

«Былтыр көктемде мен қалалық әкімдікке қолданыстағы өндіріс объектісіне жапсарлас құрылыс жұмысын жүргізу үшін жер телімін сұрап өтініш жазған едім. Екі рет меселімді қайтарды. Осыдан кейін мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасына шағымдандым. Ол жерде менің мәселемді егжей-тегжейлі қарап, комиссияда жер телімін алуыма көмектесті», - деп, жеке кәсіпкер Асылхан Шаймардинов жалғыз өзі шеше алмаған мәселесімен бөлісті.

«Мен жағармай шығаратын зауыт «Hill Corporation» ЖШС-нде жұмыс істеймін (Шымкент қаласы). 2016 жылы біздің компания «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ техникалық майларды көп мөлшерде сатып алуға байланысты өткізген конкурке қатысқан еді. Кәсіпкерлер палатасы мен Ақтөбе облысының әкімшілігінің араласуымен біз өңірдегі аса ірі жер қойнауын пайдаланушы компаниямен келімішарт жасасуға мүмкіндік алдық. Біз бұл келісімге бес жыл бойына қол жеткізе алмай келген едік. «Атамекен» ҚР ҰКП отандық өндірушіні қолдайтын пәрменді мекеме», - деп, атап өтті Мұрат Насыров.

«Атамекен» ҚР ҰКП құрылғанына небәрі 3 жыл ғана болды, осы уақыт ішінде жұмысты бір жүйеге келтіріп, бизнесмендердің пайдасына қызмет істеуде. Ең бастысы – біздің палата кәсіпкерлердің сеніміне ие болды», - деді Мұқанов мырза.

Толығырақ: http://abctv.kz/ru/news/aktyubinskim-predprinimatelyam-dali-volyu