Астық жеткізуге қатысты жасалған мәміле заңды деп танылды
БҚО Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты «АгроТраст» сервистік-дайындау орталығы» ЖШС-не 23 млн. теңге қосымша есептеу бөлігіндегі МКД хабарламасын заңсыз деп таныды және күшін жойды.
Бизнес субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша атқарылған жұмыстардың оң нәтижелері туралы БҚО бойынша Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл аппаратының өңірлік кеңсесі хабарлады.
Соңғы уақытта салық органдары салық төлеушілердің салық міндеттемелерін орындауын мониторингілеу барысында бизнес субъектілері арасында нақты мәміле жасалғанына күмән келтіретіні белгілі, бұл кәсіпкерлерге өте жоғары сомаларды қосымша есептеу үшін негіз болып табылады. Әдетте, бұған контрагентте өндіріс орындарының, жұмыс күшінің, көліктің және т. б. жоқтығы да негіз болады.
«АгроТраст» ЖШС де осындай жағдайға тап болды, өз құқығы мен заңды мүдделерін қорғау үшін сотқа және БҚО Кәсіпкерлер палатасына (бұдан әрі-ӨКП) жүгінуге мәжбүр болды.
Ұсынылған материалдарды зерттеу көрсеткендей, «АгроТраст» ЖШС-де «Maskar Group» ЖШС тәуекелді кәсіпорнымен өзара есеп айырысулар болған, ол «АгроТраст» кәсіпорнына 1000 тонна бидай сатты. «Maskar Group» ЖШС-не қатысты МКД қарсы тексеруі тіркеу орны бойынша салық төлеушінің болмауына байланысты тоқтатылды.
Контрагентпен өзара есеп айырысуларға тексеру жүргізбестен және оның материалдық-техникалық базасының, мүлкінің, көлік құралдарының және т. б. болмауына сілтеме жасай отырып, МКД тараптар арасында астық жеткізу жөніндегі мәміле іс жүзінде жүргізілмеді деген тұжырым жасады және «Агротраст» ЖШС-не 13,7 млн. теңге сомасында КТС және ҚҚС - 9,6 млн. теңге қосымша есептеу жөнінде хабарлама жіберді, барлығы астық жеткізу жөніндегі мәміле бойынша 23 млн. теңгеден астам.
Сондай-ақ, қосымша есептеу үшін Департаменттің астықтың осы көлемі жеткізушіде болуы мүмкін емес деген дәлелдері негіз болды, өйткені тауар 2020 жылғы сәуірде жеткізілді, ал сатып алу 2020 жылғы мамырда, яғни айналым жасалған күннен кейін орын алды. Бұдан басқа, «Maskar Group» ЖШС БҚО МАЭС 26.11.21 жылғы шешімімен банкрот деп танылған болатын.
Сонымен қатар, кәсіпкер тексеру барысында астық қабылдау кәсіпорнында «Maskar Group» ЖШС астығының сақталуын растайтын электрондық астық қолхаттарды, оны іске асыруға бұйрықтарды, жасалған мәміле бойынша бастапқы құжаттарды (шарт, ЭШФ, жүкқұжаттар, төлем тапсырмалары және т.б.) ұсынған, дегенмен МКД оларды назарға алмады.
«Барлық мән-жайларды ескере отырып, Бизнес-омбудсмен хатшылығы сот отырысына міндетті түрде қатысу туралы шешім қабылдады. Сотта қарау шеңберінде «Агротраст» өкілімен бірлесіп хабарламаны тексеру нәтижелері бойынша МКД берген хабарламаның заңсыздығының дәлелдерін ұсыну тетігі әзірленді», - деп бөлісті БҚО бизнес-омбудсмен өкілі Мағрипа Нигишева.
Сотта «Maskar Group» ЖШС банкроттықты басқарушысы «Maskar Group» ЖШС салық есептілігінде «Агротраст» ЖШС-мен өзара есеп айырысулардың көрсетілгенін растады.
Сондай-ақ, «Тасқала Дән» ЖШС (АҚП) өкілі сотқа астықты сату кезінде «Maskar Group» ЖШС-нің бидайы астық қабылдау кәсіпорнында сақталғаны туралы дәлелдемелерді ұсынды.
Нәтижесінде, БҚО МАӘС 11.07.2022 жылғы шешімімен жоғарыда көрсетілген сомаларды қоса есептеу бөлігінде МКД хабарламасын заңсыз деп таныды және күшін жойды.
Осылайша, сотта бизнес субъектілері арасындағы азаматтық-құқықтық мәміле заңды деп танылды.