Бизнестің 268,4 млн теңгеге мүліктік құқығы қорғалды
Бизнес-омбудсменнің БҚО-дағы өңірлік кеңсесі салық органдарының бизнеске қатысты заңсыз әрекеттері туралы хабарлайды.
Атап айтқанда, БҚО Кәсіпкерлер палатасына «Белес-Агро» ЖШС басшысы М.У. Жақыбаев жүгінді, ол БҚО Бәйтерек ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының Т.Жұмалиев ШҚ және Х.К.Айсағалиев ШҚ-мен жасалған мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы талап арызы бойынша сотта компанияның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды сұрады.
Мемлекеттік кірістер басқармасы Айсағалиев ШҚ бойынша 2020 жылғы 01-31.12 аралығындағы кезеңде бидайды өткізу жөніндегі жалпы сомасы 24 млн теңгеден астам соманы құрайтын мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы мәселені, ал Жұмалиев ШҚ бойынша 2019 жылғы 01-31.12 аралығындағы кезеңде бидайды сату бойынша жалпы сомасы 79,8 млн теңгеден астам соманы құрайтын мәмілені жарамсыз деп тану туралы мәселені көтерді.
Құқықтық бөлімнің сарапшылары ұсынылған материалдарды зерделеп шықты, нәтижесінде «Белес-Агро» ЖШС-де көрсетілген контрагенттермен мәмілелер жасалғанын растайтын, олардың шындығына күмән келтірмейтін барлық бастапқы құжаттар бар екені анықталды. Соған қарамастан, Мемлкеттік кірістер басқармасы оларды ескеруден бас тартты. Сонымен қатар, Жұмалиев ШҚ-мен жасалған мәмілелер бойынша талап арыз беру үшін 3 жылдық талап арыз беру мерзімі өтіп кеткен.
«Баяндалған мән-жайларды ескере отырып, ӨКП «Белес-Агро» ЖШС-не қатысты Мемлекеттік кірістер басқармасынан түскен талап арызды сотта қарау кезінде толық құқықтық сүйемелдеу көрсетті. Сондай-ақ, мәмілелердің нақты жасалғанын растайтын құжаттардың қажетті тізбесін және ЖШС өкілінің сот процесінде сөйлеген сөзінің жобасын дайындау және сотқа жіберу кезінде құқықтық көмек көрсетілді. Көрсетілген құқықтық көмек нәтижесінде БҚО МАЭС-ның 24.01.23 жылғы шешімімен Бәйтерек ауданы бойынша Мемлкеттік кірістер басқармасының Жұмалиев ШҚ және Айсағалиев ШҚ-мен 268.4 млн теңгеге жасалған мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы талап арызын қанағаттандырудан бас тартылды, осылайша, аталған сомаға бизнес субъектісінің мүліктік құқығы қорғалды», - деді БҚО бойынша бизнес-омбудсменнің өкілі Мағрипа Нигишева.
«ПоймаМайКомбинаты» ЖШС-нің өтініші бойынша осыған ұқсас жұмыс жүргізілді. ЖШС БҚО Теректі ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының 182 млн теңгеден астам сомаға Айсалиев ШҚ-мен жасалған мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы талап-арызы бойынша сотта олардың құқықтарын қорғауға жәрдемдесуді өтінді.
Істі қарау қорытындысы бойынша БҚО МАЭС Теректі ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқамасының талап арызын қанағаттандырудан бас тартты.
Соңғы уақытта мемлекеттік кірістер органдары экономикалық соттарға мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы талап арызбен жүгіну бойынша жұмысты жандандырды. Экономикалық қызметті жүзеге асыру үшін материалдық-техникалық ресурстардың қажетті көлемінің болмауы, тауардың шығу тегіне күмәндану, контрагенттердің бухгалтерлік есебін тиісінше жүргізбеуі талап арыз беру үшін негіз болып отыр.