Табыс тарихы

09.07.2019

БҚО мен Орынбор бизнес-омбудсмендері квест-сессия форматында кездесті

216

сурет: atameken.kz

Көршілес Орынборлықтармен Батыс Қазақстан облысының тату серіктестігі жемісті жалғасуда. Осы бағыттағы әрбір қадам жаңа жобалармен, бірлескен іс-шаралармен және нақты нәтижелермен бекітіліп жатыр. Шекара маңы ынтымақтастығы тарихындағы табысты бірлесудің нәтижелері де жеткілікті.

Сонымен қатар, Орал қаласындағы кездесуде тараптар биылғы жылғы бірлескен жұмыс пен қарым-қатынастың жаңа жолдарын талқылады, онда 6 маусым күні бизнес-миссиямен Орынбор қаласынан делегация келген болатын. Кездесудің қорытындысы бойынша Қазақстан-Ресей кәсіпорындары арасындағы ынтымақтастық туралы екі меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ, Батыс Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасы мен "Орынбор облысының Сауда-өнеркәсіп палатасы" Одағы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Соңғы құжат өте маңызды, өйткені ол шекара маңындағы өңірлердің бүкіл бизнес-қауымдастығының мүдделерін қозғайды. Кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласында ынтымақтаса отырып, тараптар осы бағыттағы мониторингті жүзеге асыратын, ынтымақтастық аумағында әрекет ететін кәсіпкерлердің бұзылған құқықтары туралы ақпарат алмасуды жүргізетін болады. Алынған фактілерді бизнес субъектілерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдер дереу жоғары тұрған органдарға жеткізеді.

Бүгінде жоғарыда аталған меморандум аясында Орынбор кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің қабылдауында 7 бизнес субъектісі болды.

Ағымдағы жылдың ішінде өңірдің бизнес-омбудсменіне кәсіпкерлерден 10 ауызша және жазбаша өтініш келіп түсті, тараптар тағы бір кездесу өткізбек болып шешті, ол кездесу РФ-ның Орынбор облысында өтті.

Бұған дейінгі талқылаулардан туындайтын іскерлік қатынастарды дамытудағы келесі қадам "Шекаралас ынтымақтастықтан Еуразиялық бірлесуге дейін" атты квест-сессиясы болды, аталмыш сессия 28 маусым күні Орынбор облысындағы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің ұйымдастыруымен Первомай ауданындағы муниципалдық құрылым аумағында өтті.

Ресей тарапында өткен сессияға БҚО Кәсіпкерлер палатасының құқықтық блогының өкілдері мен бизнес өкілдері "сұрақ-жауап" форматында қатысты, онда сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру кезіндегі әкімшілік кедергілерге байланысты проблемалар талқыланды.

Екі тараптың бизнесмендері Ресей Федерациясының мемлекеттік органдарының өкілдеріне сұрақтар қойды. Батыс Қазақстан кәсіпкерлері арасында "Желаевский КХП", "Стекло-сервис", "Батыспродукт" және басқалар болды.

Аталған іс-шараның мақсаты – кәсіпкерлер шекаралық аумақта қызметті жүзеге асыру барысында туындайтын әкімшілік шектеулер мен кедергілерді анықтау, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, бизнесті құқықтық қамтамасыз ету мен ақпараттық сүйемелдеуде көмек көрсету.

Квест-сессияның ұйымдастырушылары Мемлекеттік органдардың басшы қызметкерлерін, олардың ішінде ІІМ, жол қадағалау, Россельхознадзор, кеден, экономикалық даму, өнеркәсіп және сауда саясаты, ветеринария және ауыл шаруашылығы, прокуратура өкілдерін және Орынбор облысының кәсіпкерлерін шақырды.

Кездесу оң сипатта өтті. Жемісті жұмыс, пікір және ұсыныстармен белсенді алмасу нәтижесінде квест-сессия жоспарланған "100 минут" шеңберінен асып кетті. Ол аяқталғаннан кейін де, Орынбор облысының мемлекеттік органдарының өкілдері ұзақ уақыт бойы кәсіпкерлермен жеке кездесу барысында проблемалық мәселелерді шешті.

Кездесу қорытындысы бойынша Орынбор және Батыс Қазақстан облыстарының Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдері арасындағы өзара іс-қимыл туралы бұрын жасалған меморандумды орындау аясында халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы шешім қабылданды. Квест-сессия форматындағы кездесулер жалғаса бермек.

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Палымбетов Б.Ә.

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
service.pravstat.kz
www.e-gov.kz
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі