Табыс тарихы

06.06.2019

Аудан әкімдіктері кәсіпкерге 32 млн теңгеден астам қаржы төлейтін болды

209

Алматы облысы

Сот кәсіпорынның су тасқыны салдарын жою үшін шығарған шығынын өндіріп алу туралы шағымын қанағаттандырды, деп жазады atameken.kz.

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің Алматы облысы бойынша Өңірлік сектор аппаратының араласуынан кейін, Еңбекшіқазақ және Талғар аудандарының әкімдіктері "ДСУ-13" АҚ ірі құрылыс компаниясына ауылдық округтердегі сел мен су тасқынының салдарын жою жұмыстары үшін жұмсалған 32,6 млн теңге көлемінде қарызын төлейтін болды. Алайда, мұндай шешімге үш жылдан кейін ғана қол жеткізілді.

Іс материалдарына сәйкес, 2016 жылы Еңбекшіқазақ және Талғар аудандарының өзендеріндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты жергілікті атқарушы орган бірнеше қалалар мен ауылдарда төтенше жағдай жариялады. Ол кезде Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі "ДСУ-13" компаниясына селдің салдарын жою жұмыстары үшін техникалық құралдарды тарту қажеттілігі туралы жазбаша өтініш жасады. Компания жалпы сомасы 30 446 205 теңгеге қалпына келтіру жұмыстарын орындады.

Бұл жағдайлар құжаттармен және фотоматериалдармен расталған. Алайда құрылыс бөлімі төлем уақытын созып жіберді. Бірнеше рет жасалған өтініштер де оң нәтиже берген жоқ.

"ДСУ-13" АҚ Алматы облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жүгінгенмен, ол компанияның талап арызын қанағаттандырмады. 2018 жылдың шілдесінде Алматы облыстық сотының Азаматтық істер жөніндегі сот алқасы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды. Соттарда әкімдік келісім-шарттың жоқтығына сүйене отырып, төтенше жағдайдың салдарын жоюға жұмсалған ақша қаражатын төлеуден бас тартты.

Осыған ұқсас жағдай Талғар ауданының әкімдігінде де орын алды. Жергілікті атқарушы орган компанияға су тасқыны салдарын жою үшін жұмсаған 2 178 740 теңгені төлеуден бас тартты. 

Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасына жүгінгеннен кейін, іс Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің Өңірлік сектор аппаратының бақылауына алынды.

Материалдарды зерделеу барысында, Еңбекшіқазақ ауданының құрылыс бөлімі "ДСУ-13" АҚ-ның мекен-жайына келісім-шарт жобасын уақытылы жібермегені анықталды, бұл мемлекеттік сатып алулар туралы заңнаманы бұзу болып табылады. Сондай-ақ, сот жұмыстардың орындалғанын растайтын тапсырыс берушінің қолы қойылған құжатты ескермеген.

 "Сотқа жүгінгеннен кейін, Алматы облыстық сотының Азаматтық істер жөніндегі сот алқасы бірінші сатыдағы сот жол берген және істің нәтижесіне әсер еткен заң бұзушылықтарды анықтады. Осыған байланысты, сот алқасы талапкердің залал сомасын өндіріп алу туралы мәлімделген талаптарын қанағаттандыру туралы жаңа шешім қабылдады. Осылайша, жергілікті атқарушы орган кәсіпкерге 30 млн теңгеден астам қаражат төлеуге міндетті. Алматы облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Талғар ауданының әкімдігіне қатысты талап арызды қанағаттандыру және аудан әкімдігінен 2 млн теңгеден астам қаражат өндіріп алу туралы шешім қабылдады", - деп атап өтті Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің Өңірлік сектор аппаратының меңгерушісі Қанат Қабдиев.

Осылайша әкімдіктер кәсіпкерге 32 млн теңгеден астам қаржы төлеуге міндетті.

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Палымбетов Б.Ә.

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
service.pravstat.kz
www.e-gov.kz
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі