Табыс тарихы

31.05.2019

Шенеунік тәртіптік жауапкершілікке тартылды

179

Атырау облысы

Атырауда шенеунік кәсіпкерлерді заңсыз тексергені үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды

Атырау облысының кәсіпкерлер палатасына Атырау қаласының жалпы білім беретін мекемелерінде ыстық тамақты қамтамасыз етумен айналысатын бизнес субъектілерінен ұжымдық өтініш түсті. Өтініште қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары бастаған тұлғалар тобы кәсіпкерлер жалға алған мектеп асханаларына тексеру жүргізді делінген. Және де олар тексеру жүргізілетіндігі жөнінде хабарлама алмаған.

Кейін анықталғандай, аталған тексерулер мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобасы бойынша одан әрі пайдалану үшін үй-жайлардың жай-күйін талдау мақсатында жүргізілген болып шықты.

Алайда, кәсіпкерлердің өздерінің айтуы бойынша, топ мүшелері балаларға арналған тағамдарды дайын үлестіру түріндегі тікелей өндірілген өнімді тексерген, барлық шкафтарды ашып қараған, оның ішінде қызметкерлердің жеке заттары орналасқан шкафтар да ашылған, дөрекі түрде ескерту жасап, барлық іс-әрекеттерін фото және бейне түсірумен сүйемелдеген. Бизнес субъектілері жоғарыда аталған барлық іс-әрекеттерді олардың қатысуынсыз тиісті құжаттары мен рұқсаттары жоқ адамдардың жүргізгеніне наразы болды, бұл ретте халат, бахил және санитарлық кітапшаның болуы сияқты қарапайым санитарлық нормалар сақталмаған.

"Атырау облысының бизнес-омбудсмен аппараты сол күні қалалық білім бөліміне осы тексерістерді жүргізудің заңдылығы туралы ақпарат беруді өтінді. Біз қазіргі уақытта облыста "Мектептерде тамақтануды ұсыну және ұйымдастыру бойынша халықаралық стандарттарды енгізу" МЖӘ жобасын іске асыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр деген жауап алдық. Жүргізілуі тиіс іс-шаралардың бірі - жоспарланған инвестициялардың құнын анықтау үшін мектеп асханаларының жай-күйіне талдау жүргізу. Осыған байланысты қаланың 10 мектебінің асханаларын тексеру үшін топ жіберілген, онда МЖӘ-нің пилоттық жобасын енгізу жоспарланып отыр",-деп түсіндірді қалалық бөлімде. Алайда, қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары жоспарланған іс-шаралар туралы мектеп басшылығын хабардар етпеуіне және жоғарыда көрсетілген бұзушылықтарға жол бергеніне байланысты оған тәртіптік жаза қолданылды", - деді өңірлік палатаның құқықтық қорғау бөлімінің сарапшысы Құралай Жұбанова.

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Палымбетов Б.Ә.

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
service.pravstat.kz
www.e-gov.kz
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі