Табыс тарихы

17.11.2020

Шағым толығымен бизнестің пайдасына шешілді

248

Бұл туралы Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов Фейсбук желісіндегі өзінің жеке парақшасында жазды.

"CSGKZ (Си Эс Джи КЗ)" ЖШС-нен Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің әрекетіне қатысты шағым түсті. Кәсіпкер кедендік заңнаманың бұзылғанын анықтау үшін жүргізілген камералдық кедендік тексеру актісіне шағымдануды сұрады. Кәсіпкерлік субъектісіне 1 494 908 теңге мөлшерінде кедендік баж, салық және өсімпұл негізсіз есептелген.

"CSGKZ" ЖШС ұзақ мерзімді келісімшарт шеңберінде ҚХР-дан құрылыс материалдарын әкелуді жүзеге асырады. Тауарларға арналған үш декларацияда (ТД) мәлімделген мәліметтерді тексеру кезінде тәуекелдің құндық бейіні іске қосылды.

Осыған байланысты МКД қосымша құжаттарды талап ете отырып, қосымша тексеру жүргізу туралы шешім қабылдайды.

МКД жүргізген тексеру нәтижелері бойынша декларацияланатын тауарлар бойынша кедендік құн төмендетілген деп тапқан. МҚД ұйғарымы бойынша ЖШС бағаны түзеткен. Серіктестік барлық сұралған құжаттарды ұсынды. Сондықтан тауарлардың кедендік құны туралы мәлімделген ақпараттың дұрыс немесе бұрыстығын анықтау орынсыз.

МКД тексеру барысында бірдей тауарлармен жасалған мәміле құны бойынша (2-әдіс) және біртекті тауарлармен жасалған мәміле құны бойынша (3-әдіс) әдістерді қолдану бойынша түбегейлі шаралар қабылданбағанын атап өту қажет. Шешімде МКД-де бірдей және біртекті тауарлардың параметрлері бойынша мәліметтердің болмауы себебінен бұл әдістер қолданылмағандығы ғана көрсетілген.

Сондай-ақ, тексеру барысында бағалық ақпараттың жоқтығына ешқандай дәлел келтірілмеген және Серіктестікпен консультациялар жүргізілмеген, МКД қаралатын жағдайда 2 және 3-әдістерді қолданудың мүмкін еместігіне сенімді дәлел келтірмеген.

Осылайша, МКД тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану бірізділігі қағидатын бұзды.

Сонымен қатар, 2020 жылдың 27 ақпанынан бастап МКД тауарларды шығарғаннан кейін кедендік құны түзетілген сол ТД қатысты камералдық кедендік тексеру басталды.

Камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша тексерушілер кедендік төлемдер мен салықтарды есептеуге әсер еткен кедендік құнды анықтау әдісінің дұрыс таңдалмағанын алға тартты, ал Серіктестік МКД-ның бұрын қабылдаған шешімдері шеңберінде әрекет еткен. Серіктестік тауардың кедендік құнын дұрыс мәлімдемеді деу қисынсыз, оның кінәсі жоқ. Ал анықталған шығындар мен бюджетке түсуі тиіс қаражаттың түспей қалуы Мемлекеттік кірістер департаментінің келісілмеген әрекеттері нәтижесінде пайда болды.

«Атамекен» ҚР ҰКП апелляциялық комиссиясының мүшесі Дина Мамашеваның ұстанымын ескере отырып, 2020 жылы 5 қарашада өткен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің апелляциялық комиссиясының отырысы аясында аталған шағымды қарау нәтижелері бойынша көрсетілген шағым "CSGКZ" ЖШС-нің пайдасына шешілді.

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Жүрсінов Р.М.

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
service.pravstat.kz
www.e-gov.kz
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі