БАҚ омбудсмен туралы

02.09.2017

ҚР бизнес-омбудсменіне қандай мәселелер бойынша жиі жүгінеді?

462

Бизнес-омбудсмен жұмыс атқарып жатқан уақыт ішінде бізге 10 000-нан астам өтініш келіп түсті

I Форум барысында Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл аппаратының басшысы, «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Рүстем Жүрсінов Қазақстанда кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мен әкімшілік кедергілерді жою бойынша қабылданған шаралар туралы айтып өтті.

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл – бизнес-омбудсмен институты Қазақстанда бір жарым жылдан астам уақыт жұмыс атқарып жатыр. «ҚР Ұлттық палатасы туралы» заңға сәйкес бизнес-омбудсмен қызметін Ұлттық палата қамтамасыз етеді. Аппарат «Атамекеннің» қызметкерлерінен, қоғамдық қайраткерлерден, танымал заңгерлерден – барлығы 300-ден астам жоғары білікті мамандардан құрылды.

«Бизнес-омбудсмен жұмыс атқарып жатқан уақыт ішінде бізге 10 000-нан астам өтініш келіп түсті. Шағымның басым бөлігі салық мәселелері, жер қатынастары, құрылыс пен сатып алулар бойынша түседі. Келіп түскен өтініштердің 41%-ы оң шешімін тапты, қорғалған мүліктік құқық 65,3 млрд теңгені құрады. Біз барлық мәселелерді жинап, мәселелер тізілімінде ашық түрде қолжетімді етіп жариялаймыз. «Атамекен» қызмет етіп жатқан уақытта біз осындай 540 мәселені анықтадық, оның 351-і немесе 65%-ы шешілді», - деп, атап өтті Жүрсінов.

Сондай-ақ, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл аппаратының басшысы ағымдағы жылы сыбайлас жемқорлық себептерін анықтау бойынша 5 салада – салық, кеден, жер, құрылыс және сатып алуда әлеуметтік зерттеулер жүргізілгенін айтып өтті.

«Заңнаманы ізгілендіру мақсатында бизнеске түсетін әкімшілік жүктемені азайту бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды. Заң жобасы аясында Ұлттық палатаның 75 тұжырымдамалық ұсынысы қабылданды, дегенмен кәсіпкерлер үшін маңызды бірқатар мәселелер әлі де бар. Мысалы, бизнесте айтарлықтай мәселе туындататын кедендік заңбұзушылықтарға қатысты тәркілеу. Біз бұл мәселені тез арада шешу керек деп ойлаймыз, өйткені ол Елбасының меншік құқығын қорғау жөніндегі жолдауымен толық үндеседі. 2016 жылы біздің бастамамыз бойынша рақымшылық жасалды, оның ішінде экономикалық қылмыстар бойынша 400-ден астам бизнесмен босатылды», - деп, атап өтті Рүстем Жүрсінов.

Бас прокуратурамен бірлесе отырып қылмыстық заңнаманы ізгілендіру бойынша жұмыстар жүргізілді.

«Адал кәсіпкерлердің жалған кәсіпкерлікпен қарым-қатынасына келер болсақ, бұл жерде Салық кодексі шеңберінде жұмыс істеу керек. Біз ұжымдық адвокат ретінде сөйлегіміз келіп тұрған жоқ. Дегенмен егер бизнес барлық салықты толығымен төлесе, біздің ойымызша айыппұл мен өсімпұлдан босату дұрыс болар еді. Лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін арттыру мәселесі айрықша көңіл бөлуді қажет етеді», - деді спикер.

Рүстем Жүрсінов тәжірибеге сүйене отырып бизнестің ісіне заңсыз араласқан тұлғалар іс жүзінде ешқандай жауапкершілікті мойындарына алмайтындығын айтып өтті.

«Біз Мемлекеттік қызмет істері агенттігі қарастырып жатқан бірталай елеулі өзгерістерді ұсындық. Жалпы алғанда, бизнес-омбудсменнің жұмысының нәтижесі Үкіметтің және барлық мемлекеттік органдардың сындарлы позициясы мен көмегінсіз мүмкін болмас еді», - деп, түйіндеді Жүрсінов.

Толығырақ: www.atameken.kz

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Палымбетов Б.Ә.

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
service.pravstat.kz
www.e-gov.kz
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі