БАҚ омбудсмен туралы

22.06.2017

Жарнамадағы аласапыран жағдай

1441

Интернет-портал ABCTV.kz

Мәжілісте жарнаманың егжей-тегжейін реттеуде шатасып қалды.

Мәжіліс депутаттары жарнама саласында болып жатқан өзгерістерді анықтау үшін бір сағаттан астам уақыт жұмсады. Жарнамаға қатысты заңнамадағы кемшіліктерлі жою үшін өзгерістер енгізбек болған белсенді ел қалаулыларын одан әрі шатастырды.

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов, депутаттарға заң жобасын ұсына отырып, аталмыш салада бірқатар мәселелердің барлығын айтып өтті. Атап айтқанда, «нақты мемлекеттік реттеу жоқ, заңнаманың толық жетілдірілмегендігін алға тартып жергілікті атқару органдары әртүрлі құқық қолдану тәжірибесін қолдануда, рұқсат беру жүйесі де бір жүйеге келтірілмеген, жарнаманы орналастыру мен тарату үшін бюджетке төленетін қаржыны әкімшілендіруде біршама сұрақтар туындап тұр».

Бағытталған түзетулер оларды жоюға негізделген. Осылайша Ұлттық экономика министрлігі уәкілетті орган, ал Ақпарат және коммуникация министрлігі, Даму және инсветициялар министрлігі, Ішкі істер министрлігі және Денсаулық сақтау министрлігі  реттеуші орган болғандығы анықталды.

«Уәкілетті орган жарнама саласында басшылық етумен және жарнама бойынша салааралық үйлестіруді және сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру кезінде үлгілік қағидаларды бекітумен айналысатын болады.

Реттеуші органдар жарнама саласындағы жарнамалық қызмет іске асырылатын жекелеген салаларда басшылықты жүзеге асыратын болады (бұқаралық ақпарат құралдары, автомобиль жолдары, жол қозғалысы қауіпсіздігі, дәрілік, биологиялық белсенді қоспалар және медициналық жабдықтар)», – деп, түсіндірді Сүлейменов мырза.

«Сыртқы (көрнекі) жарнама» түсінігі енгізілетін болады, бұл ретте жарнаманың өзін және сыртқы жарнаманы реттеу де іске қосылатын болады. Осылайша сыртқы жарнама «Жарнама туралы» заңымен және сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру ережелерімен реттелетін болады. Сыртқы жарнама объектілері Жер кодексімен және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, автомобиль жолдары және жол жүрісі туралы заңнамамен реттелін болады.

Жарнама саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін қосымша жауапкершілік те енгізілетін болады. Қолданыстағы заңнамада 15 тыйым салу бар, соның ішінде электронды казино мен интернет-казиноны жарнамалауға тыйым салынады, қаржылық (инвестициялық) пирамида қызметін жарнамалауға, жөнсіз жарнамаға, үлттық аза тұту күндерінде теле-, және радиоарналарда жарнама көрсетілімдеріне тыйым салынады және басқалары. Қазақстан Республикасы аумағында таратылатын тауарды жарнамалау кезінде оның  құнын ұлттық валютада көрсетпеген болса әкімшілік жауапкершілік енгізу ұсынылуда. Сонымен қатар, жосықсыз, дәйексіз, әдепсіз және жасырын жарнамаға, сондай-ақ ұлттық аза тұту күндерінде жарнама беруге тйым салынады.

«Алкоголь мен темекіні жасырын жарнамалауға жол бермес үшін, жарнамаға әртүрлі алкоголь мен темекі өнімдеріне деген сұраныс пен қызығушылықты оятатын әртүрлі шаралар өткізуге, соның ішінде лотерея, сыйлықтар ойнату тәрізді шараларға жауапкершілік енгізілген. Сонымен қатар кәсіпкерлерге түсетін қаржылық ауыртпалықты ұлғайтпас үшін ӘҚБТҚ-нің белгіленген санкцияларының мөлшері қайта қаралған жоқ», - деп, толықтырды Сүлейменов мырза.

Тағы бір жаңалық әлеуметтік жарнаманы теле-, радиоарналар арқылы таратуға қатысты. 15 теле-, радиоарналар эфирінде сағат 06:00 ден 24:00 ге дейін әлеуметтік жарнаманың күнделікті көлемін белгілеу ұсынылады, ол кемінде 10 көрсетілім болуы тиіс. Бұл ретте прайм-тайм кезінде міндетті түрде эфирге екі рет шығуы тиіс. Мұндай жарнама тегін орналастырылады.

Бір қызығы, аталған кемшіліктерді жоюды мақсат еткеніне қарамастан, заң жобасы барлығын түгел қамти алмай отыр. Мәселен, депутаттар сыртқы жарнаманы автожолдарда орналастыру үшін рұқсатты мемлекеттік орган емес, автожолдарды басқару жөніндегі ұлттық оператор «Қазавтожол» АҚ беретініне назар аударды. Бұл мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулинді таңқалдырмай қоймады.

 «Сіздер мұнда қалай тап болдыңыздар? Бұл не сонда – эскиздерді бекіту ме? Сіздер климаттық жағдайда жол салып үлгеруді ойласаңыздар болар еді. Мен комитет төрағасы Гүлнәр Мұстахымқызынан сұрағанымда, ол маған сіздердің облыстық бөлімшелеріңіздің бұйрықтар папкасын алып келді. Кім не істесе де өз еркі. Эскиздерді бекітеді. Міне, сондықтан да бізде «Берлога» тәрізді билбордтар пайда болады және аудан орталығына апаратын жолдағы бұрылыста «Сауна» деген жазу бадырайып тұр. Мұның бәрін кім бекітіп жатыр? «Қазавтожол» ма? Бұл сіздерге неге керек?» – деп, түсінбей сұрады ол.

Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр бұл шешім бірнеше жыл бұрын «Қазавтожолдың» өңірлік филиалдарын ашу кезінде шығарылғанын айтып түсіндірді. Дегенмен кемшілік бар, бұл функция жол салушыларға тіптен керек емес, сондықтан да шенеуніктер бұл кемшілікті жойып, өкілеттілікті жергілікті атқарушы органдарға беруге келісті.

«Қадағалу органдары  бұл норманы енгізіп, бекіткендерге және бұны бірнеше жыл бойына орындап келгендерге қатысты билікті қолданса да болар еді. Әркім өз ісімен айналысуы тиіс», - деп, жауап берді Нығматулин мырза қатаң дауыспен.

Депутаттарды әлеуметтік жарнамаларды орналастыруға деген көзқарас та қызықтырды: роликтерді дайындаумен кімдер айналысатын болады, және де бұған отандық телеарналар дайын ба. Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Алан Әжібаев олар дайын, және олар бәрін де өздері, өз еріктерімен жасайды деп сендірді.

«Қазір сенімді түрде теледидарда жаңа трендтер пайда болуда деп айтуға болады, өйткені әлеуметтік роликтер тек қана мемлекеттік телеарналарда ғана емес, жеке арналарда да туындап жатыр. Сонымен қатар министрлік те бұған өз үлесін қосуда. Және де мемлекеттік ақпараттық тапсырыс шеңберінде қосымша сапалы әлеуметтік роликтер легі қосылады және бұл роликтер барлық міндетті телеарналардың эфиріне шығады деген үміттеміз», - деді ол.

Телеарналардағы ықтимал шығындар жөнінде сөз қозғалған кезде, вице-министр ешқандай шығынның болмайтындығы жөнінде сенімді түрде айтты.

«Бұл мемлекеттік және жеке арналардың коммерциялық құрамына еш әсер етпейді, өйткені бір сағаттағы жарнаманың 20% олардың эфирінде қалады, ал әлеуметтік роликтер арналардағы жарнаманың тек қосымшасы болып қалады.  Сондықтан да бұл оң фактор болады деп ойлаймыз, адамдар коммерциялық жарнамамен қатар әлеуметтік жарнаманы да көре алады. Оған қоса прайм-тайм кезінде тек екі ролик қана көрсетілетін болады», - деп, түйіндеді ол.

Іс жүзінде заң жобасында әрбір ұсынылған норма қарқынды пікірталас тудырды. Нәтижесінде палата спикері шектеу қойды.

«Аталмыш заң жобасының сипаты мен талқылануы қаралып отырған мәселенің маңыздылығын көрсетеді. Шын мәнінде, сыртқы жарнаманың ағымдағы жағдайын аласапыран дегеннен басқаша атауға келмейді. Мойындау керек, бүгінгі таңда бізде жарнама нарығын реттейтін бірыңғай саясат жоқ, жарнамалық қызметті реттейтін бірыңғай саясат та жоқ. Бұл өз кезегінде мемлекет үшін де, осы салада еңбектеніп жатқан бизнес субъектілері үшін де айтарлықтай қиындықтар тудырады», – деді Нұрлан Нығматулин.

Ол мысал ретінде LED-экрандар мен билбордтардың айырмашылығын ажыратып жатпай-ақ бірдей көлемде ақы алатын салық қызметтерін келтіріп өтті. Бұл жағдайда мемлекеттік органдар шарасыз: біреулер олар үшін бұл ережелерді жасап шығарды, олар осы ереже бойынша жұмыс істеп жатыр, ал енді біреулері бұл ережелерді түзетуге уәде бергендерімен асығар емес.

«Бізге әртүрлі өңірлердегі жарнамаға, экрандарға, билбордтарға,  ақы төлеу бойынша, бірыңғай құқық қолдану тәжірибесін енгізу керек. Жалпы, жұмысқа бірыңғай ережелер орнату керек, және де мемлекет тарапынан жарнама бизнесінің өкілдеріне бірыңғай ережелер енгізу қажет. Сонда түсінікті болады. Бұлай болмаған жағдайда біз артық әңгіме мен келеңсіз заңбұзушылықтарға және басқасына жол береміз. Сонымен қатар осы салада қызмет атқарып жатқан бизнес өкілдері депутаттарға жүгінеді деп естіп жатамыз.  Оларды да түсінуге болады, өйткені мұндағы ережелер әртүрлі және үнемі өзгеріп тұрады. Сондықтан да осы салада тәртіп орнатып, екінші оқылымға дейін біз, депутаттар, әзірлеушілермен тығыз жұмыс істей отырып, жарнама бизнесі үшін барлық құқықтық кепілдіктерді жасап шығаруымыз керек. Сонымен қатар, осы саланы мемлекеттік реттеу үшін байыпты, нақты, анық және түсінікті жағдай қалыптастырумыз керек», - деді мәжіліс төрағасы.

Ирина Севостьянова

Толығырақ: http://abctv.kz/ru/news/reklamnyj-haos

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Жүрсінов Р.М.

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
service.pravstat.kz
www.e-gov.kz
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі