БАҚ омбудсмен туралы

12.05.2021

ҚР-да кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеуші саясатты енгізу мәселелері

663

НҰР-СҰЛТАН. ҚАЗАҚПАРАТ - ҚР Ұлттық экономика министрлігінде "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызмет саласындағы жаңа реттеу саясатын енгізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңына қандай жаңалық енгізілгенін түсіндірді. Ведомствода заң жобасымен Қазақстандағы кәсіпкерлік саласына жаңа реттеуші саясатты енгізу көзделіп отырғанын атап өтті, деп хабарлайды Қазақпарат.

"ҚР-да кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты енгізу мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасы ҚР Президентінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 483 "Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты енгізу жөніндегі шаралар туралы" Жарлығын орындау мақсатында әзірленді.

Заң жобасы ҚР-да кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеу саясатын енгізуді көздейді. Заң жобасын іске асыру аясында ҚР-дағы кәсіпкерлік қызмет саласындағы жаңа реттеушілік саясаттың мақсаттары, міндеттері, базалық қағидаттары мен жаңа тәсілдері заңнамалық түрде айқындалатын болады.

Заң жобасына келесі басты қосымшаны енгізу көзделіп отыр:

  1. Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара қарым-қатынас қағидаттарын жетілдіру.
  2. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің жаңа мақсаттары мен міндеттерін айқындау.
  3. Реттегіш құралдарды қалыптастыру шарттарын айқындау.

"Кәсіпкерлік кодексте реттегіш құралдарды қалыптастыру шарттарын айқындайтын жаңа бап көзделеді. Реттегіш құралдарды, оның ішінде талаптарды қалыптастырудың негізгі шарты азаматтардың денсаулығын, экологияны, мемлекеттің қорғанысы мен қауіпсіздігін қорғау болып табылады. Осылайша, бизнес үшін мемлекет енгізетін кез келген талап азаматтардың денсаулығын, экологияны, мемлекеттің қорғанысы мен қауіпсіздігін қорғауға бағытталуы тиіс", - деп түсіндірді ҚР Ұлттық экономика министрлігінде.

  1. "1 in 2 out" қағидатын енгізу бір жаңа талапты енгізу кезінде қолданыстағы екі талапты алып тастауды көздейді.
  2. Реттеуші апелляция институтын енгізу.

"Бизнес-омбудсмен мемлекеттік органдардың талаптарын қайта қарау бойынша барлық шағымдар мен ұсыныстардың жиынтығын қалыптастыратын болады. Бұл ұсыныстарды Ұлттық экономика министрлігі қарап жатыр. Министрлік осы ұсыныстарды қарау қорытындысы бойынша реттегіш құралды жою немесе оны РӘТ рәсімін жүргізу арқылы қайта қарау мәселесін сараптамалық топтың немесе кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның талқылауына шығарады", - деп толықтырды ведомствода.

  1. Эксперименттік құқықтық режимді енгізу. Яғни, жаңа реттеуді іс жүзінде сынақтан өткізу немесе қолданыстағыларын алып тастау үшін эксперименттік құқықтық режимді немесе "реттеуші құмсалғыш" деп аталатын тетікті енгізу көзделеді. Мұндай шара жаңа реттегіш құралды енгізудің, қолданыстағыны жоюдың немесе өзгертудің экономикалық және өзге де әсерін қосымша зерделеу мақсатында енгізіледі.
  2. Кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптардың тізілімін енгізу. Тізілім нормативтік-құқықтық актілер мен нормативтік-техникалық құжаттардың, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптардың дерекқоры болатынын айта кеткен жөн.

Тізілімге жаңа реттеушілік саясатқа сәйкес келетін талаптар ғана енгізіледі. Бұдан басқа, Тізілімде нормативтік құқықтық актілердің жаңа реттеушілік саясатқа сәйкестігін қарау мерзімдері айқындалатын болады. Сәйкес келмеген жағдайда құқықтық актілер қайта қаралуға немесе жойылуға тиіс.

Осылайша, Тізілім кәсіпкерлер үшін кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері бөлінісінде кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты қолданылатын талаптардың барлық жиынтығының саны, құрамы, қолданылу мерзімі және өзара байланысы туралы толық көріністі қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ал тұтынушылар үшін кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын қолданыстағы талаптар туралы ақпараттың жеңілдігі мен қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

  1. Мемлекеттік бақылау жүйесін жетілдіру. Жаңа тәсіл тек рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеруді және нақты фактілер мен мән-жайлар бойынша тағайындалатын жоспардан тыс тексерулерді көздейді. Ал тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін тексерулер жойылады.

Бұл ретте осы салаларда қадағалау функциясын қолдану арқылы профилактикалық бақылауды күшейту, яғни әкімшілік іс қозғамай жедел ден қою шараларын қолдану (қауіпті қызметті тоқтата тұру, қауіпті өнімді алып қою және т.б.) ұсынылады.

Сондай-ақ, бақылаудың жаңа нысанын - кәсіпкерлік субъектілерін заңсыз жауапкершілікке тартудың алдын алатын, заңнаманы нақты бұзушыларды анықтауға мүмкіндік беретін тергеуді енгізу көзделіп отыр.

  1. Кәсіпкерлік субъектілерінің есептіліктерін автоматтандыру және есептілікті ұсыну Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде тікелей көзделген жағдайларда ғана енгізіледі деген талапты бекіту.
  2. Жаңа міндеттер жүктейтін, олардың жауапкершілігін белгілейтін, күшейтетін немесе жағдайын нашарлататын НҚА-ның кері күшін қолдану мүмкіндігін болдырмау.
  3. Халықаралық шарттар жасалған жағдайда кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері мен ҰКП-ның сараптамалық қорытындыларын алу қажеттілігі туралы талапты енгізу.

Заң жобасын іске асыру жөніндегі барлық жұмыс тексеруге енгізілген мораторийдің қолданылу мерзімі ішінде жүргізілетін болады. Заң жобасын қабылдау микро және шағын бизнесті тексеруге мораторийдің қолданылу мерзімі ішінде мемлекеттік реттеудің бүкіл ауқымын түбегейлі қайта қарау арқылы отандық бизнес-реттеу реформасын жүргізуге мүмкіндік береді.

Осылайша, 2024 жылдан бастап жұмыс істейтін кәсіпкерлік қызметінің түбегейлі жаңа нормативтік құқықтық базасы қалыптастырылмақ. Жаңа реттеушілік саясатқа сәйкес келмейтін талаптардың күші жойылады. Кәсіпкерлер міндетті талаптар тізіліміне сәйкес жаңа ереже бойынша жұмыс істейтін болады. Сондай-ақ, аталған тәсілдер 2021 жылғы 21 сәуірде ҚР Президенті жанындағы реформалар жөніндегі Жоғары кеңестің отырысында мақұлданғанын атап өту қажет.

 

Авторы Арайлым Мұрат

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Жүрсінов Р.М.

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
service.pravstat.kz
www.e-gov.kz
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі