Баспасөз хабарламалары

22.07.2016

Болат Палымбетов Әсет Исекешевпен Астананың іскерлік ахуалын талқыға салды

4148

Астана қаласының әкімімен кездесуде өңірдің «Іскерлік климат» рейтингіндегі орны айтылды. Зерттеулер елорданың жағымды бизнес-орта жасақтау жөнінен көшбасшылардың бірі болып табылатынын куәландырады, онда кәсіпкерлер қалыптасқан бизнес-ортаға 68%-ға қанағаттанады. Ол қаржылық ресурстар жөнінен екінші орында тұрса, әкімшілік реттеу және мемлекеттік қолдау деңгейі бойынша – бірінші орында. Жылжымайтын мүлік нарығы мен инфрақұрылымның даму дәрежесі бойынша да өңір алғашқы жайғасымда.

«Атамекен» ҰКП-ның қала әкімдігімен және мемлекеттік органдармен әрекеттестік жасау барысында серіктестік қатынастар орнатылды, бизнес пен билік арасында сындарлы сұхбат қалыптасты.

Кәсіпкерлер бүгінгі таңда елорданың барлық дерлік басты консультативтік-кеңесу органдарының құрамына кірген – Астана қаласының Қоғамдық кеңесінде, жер комиссиясында, индустриялық-инновациялық даму мәселелері жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінде, қала прокуратурасы жанындағы қоғамдық кеңесте, мүлікті жекешелендіру жөніндегі комиссияларда, салықтық әкімшілік ету комиссиясында және т.б.

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Жүрсінов Р.М.

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
service.pravstat.kz
www.e-gov.kz
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі