Баспасөз хабарламалары

30.09.2016

Қазақстан мен Ресей кәсіпкерлері құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы

3799

29-30 қыркүйек күндері Атырау қаласында «Атырау инвест-2016» ІІІ халықаралық форумы өтті.

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетов аталмыш форум аясында «Қазақстан мен Ресей кәсіпкерлері құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастық. Омбудсмен институты» панельдік сессиясын өткізді.

Сессия жұмысына РФ Волгоград облысы кәсіпкерлерінің құқығын қорғау жөніндегі уәкілі Ольга Устинова, сонымен қатар Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау облыстары өңірлік палаталарының өкілдері қатысты.

Қазақстан мен Ресей бір-бірімен белсенді ынтымақтастық қарым-қатынаста. Ынтымақтастық орнаған жылдар ішінде 6 мың қазақстандық-ресейлік бірлескен кәсіпорын құрылған.

2016 жылғы 10 маусымда Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетов РФ бизнес-омбудсмені Борис Титовтың шақыруымен Мәскеуде өткен Ресей бизнес-омбудсмендерінің VІІ Бүкілресейлік конференциясына қатысқан болатын. Олардың арасында экономикалық мәселелер бойынша, екі ел кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау төңірегінде байыпты әңгіме орын алды. Қазақстан мен Ресей бизнес-омбудсмені арасында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша өзара көмек жайлы меморандумға қол қойылды.

Қазіргі уақытта Ресейдің барлық бизнес-омбудсмендерімен жұмыс жүргізіліп жатыр. Бірлескен жұмыс нәтижелері де жоқ емес. Алтай өлкесі, Свердлов облысы, Ставрополь өлкесі мен Татарстан Республикасы бизнес-омбудсмендерінің арқасында бірқатар қазақстандық кәсіпкерлердің мәселелері шешімін тапты.

РФ Волгоград облысы Кәсіпкерлерінің құқығын қорғау жөніндегі уәкілі Ольга Устинова өз кезегінде қазақстандық кәсіпкерлердің ешбір өтініші олардың тарапынан назардан тыс қалмайтынын атап өтті.

«Арамызда өте тиімді меморандум жасалып отыр, оның аясында кез-келген мәселені жоғары деңгейде шеше аламыз. Біздің кәсіпкерлердің құқықтарын табыспен қорғап жүрген қазақстандық бизнес-омбудсменнің жұмысын атап өткім келеді. Мұндай қолдаумен қазақстандық және ресейлік кәсіпкерлер құқықтарының қысым көруіне жол бермейміз. Бұл олардың бизнесінің кедергісіз дамуына жағдай жасайды деп ойлаймын», - деді өз сөзінде Ольга Устинова.

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетовтың айтуынша, меморандумның арқасында қазақстандық кәсіпкерлер өз құқықтарының Ресейде, ал ресейлік бизнес мүддесі Қазақстанда қорғалып жүргенін білетін болады. Бұл бизнестің дамуына жағымды әсерін тигізіп, оған қоса екі жақты ынтымақтастықты нығайтады.

«Бірлесе күш сала отырып, Қазақстанда да, Ресейде де, бизнестің дамуына бөгет болатын кез-келген тосқауылдарды жоюымыз қажет. Екі жақты қатынастың ойдағыдай дамуына өңіраралық және шекара маңы ынтымақтастығы сеп болады, - деп, қорытты Қазақстанның бизнес-омбудсмені.

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Жүрсінов Р.М.

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
service.pravstat.kz
www.e-gov.kz
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі