Жаңалықтар

04.09.2019

ЕЭО елдері импорттық тауарларды қалай қадағалайды

290

ЕЭО елдерінде тауарларды қадағалау туралы келісім бекітілді

Еуразиялық экономикалық комиссияда ЕЭО кедендік аумағына әкелінген тауарларды қадағалау механизмі қалай жұмыс істейтінін айтты, деп хабарлайды LS.

Рәсім негізінде одақтың әрбір елінде ақпараттық жүйе құру жолымен тауарларды құжаттық есепке алу мәселесі тұр.

"Жүйеде тауарды алып жүретін құжаттардан мәліметтер, оның ішінде мәміле жасау фактісі, оның қатысушылары, тауардың атауы мен көлемі туралы мәліметтер көрсетіледі. Бұл мәліметтерді ақпараттық жүйеге енгізу міндеті тауарды өткізу туралы мәміле жасайтын тұлғаға жүктеледі", - деп мәлімдеді ЕЭК.

Анықталғандай, ұлттық ақпараттық жүйелер тауарлардың қозғалысы туралы ақпаратпен алмасады. Бұл ретте бөлшек сауда келісімді қамту саласынан шығарылды.

Бақылауға жататын тауарлардың тізбесін комиссия кеңесі анықтайды.

Бұрын LS Қазақстанда Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды қадағалау тетігі туралы келісімді бекіту дайындалып жатыр деп жазған болатын. Жүйе Қазақстан аумағында "Электрондық шот-фактуралар"АЖ базасында іске асырылатын болады.

Анықтама

ЕЭО кедендік аумағына әкелінген тауарларды қадағалау тетігі туралы келісім бір мүше мемлекеттің аумағынан екінші мүше мемлекеттің аумағына тасымалдау кезінде тауарлар айналымының заңдылығын растау және кедендік және салықтық төлемдерді төлеуден жалтарудың алдын алу мақсатында әзірленді.

Алина Есеналина

Ақпарат көзі: <url> https://lsm.kz/kak-strany-eaes-budut-otslezhivat-importnye-tovary

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Жүрсінов Р.М.

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
service.pravstat.kz
www.e-gov.kz
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі