Жаңалықтар

03.09.2019

Президент бизнесті несиелендіру мәселесін шешуді тапсырды...

194

Фото: Shutterstock

Бес жыл ішінде кәсіпкерлікті несиелендіру көлемі 13 пайызға төмендеді

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйекте Ұлттық банк пен Үкіметке еліміздегі шағын және орта бизнеске несие беру мәселесін шешу тетіктерін әзірлеуді тапсырды.

"Ақша-несие саясатының жеткіліксіз тиімділігі елдің экономикалық дамуының тежеуіштерінің біріне айналып отыр, Екінші деңгейдегі банктердің бизнесті қолайлы шарттармен және ұзақ мерзімге несиелендіруін қамтамасыз ету қажет", - деді Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында.

Ол қазақстандық экономиканы несиелендіру көлемінің жеткіліксіздігі оның ең басты проблемаларының біріне айналғанын атап өтті. Президенттің мәліметінше, соңғы бес жылда заңды тұлғаларды, сондай-ақ ШОБ-ті несиелендірудің жалпы көлемі 13%-ға қысқарған.

"Банктер жақсы қарыз алушылардың жетіспеушілігіне сілтеме жасап, несие қаражатының құнына шамадан тыс үлкен жүктеме салады. Сапалы қарыз алушыларға қатысты проблема әрине, бар, бірақ жауапкершілікті өзгеге арту арқылы жеңіл жолмен жүруге де болмайды ғой. Мен Үкімет пен Ұлттық Банктің осы мәселеге қатысты үйлесімді, әрі тиімді жұмысын күтіп отырмын", - деді Мемлекет басшысы.

Тағы бір проблема қазақстандық қарыз алушылардың, әсіресе халықтың әлеуметтік осал жіктерінің несиелендірілуі, ол шұғыл шаралар қабылдау қажеттігіне алып келді.

"Бұл мәселе әлеуметтік және саяси шиеленіске алып келді, сондықтан Үкімет пен Ұлттық Банкке екі ай ішінде осындай жағдайдың қайталануына жол бермейтін тетіктерді енгізу үшін дайындауды тапсырамын", - деді Тоқаев.

Ол сондай-ақ Ұлттық Банкке жыл соңына дейін екінші деңгейлі банктер активтерінің сапасын тәуелсіз бағалауды аяқтау қажет екенін еске салды....

Дмитрий Покидаев

Толығырақ: https://kursiv.kz/news/vlast-i-biznes/2019-09/prezident-kazakhstana-poruchil-reshit-problemu-kreditovaniya-biznesa

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Жүрсінов Р.М.

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
service.pravstat.kz
www.e-gov.kz
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі