Жаңалықтар

20.08.2019

Қазақстанда инвесторлар үшін резиденттік нысаны анықталды

246

Үкімет жаңа инвестициялық заң жобасын бекітті

Қазақстанның инвесторлар үшін тартымдылығын инвесторларға барлық отбасы үшін бірнеше мәрте виза беру және салық жеңілдіктерін қамтамасыз ету арқылы арттыруды ұсынады. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов мәлім етті, деп хабарлайды LS.

Шолпанқұлов "Астана" халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) қызметін реттейтін жаңа заң жобасын таныстырды.

"Түзетулердің бірінші блогы – бүгінгі таңда әлемде кеңінен таралған инвестициялық салық резиденттігі. Халықаралық тәжірибені талдау инвестициялық резиденттік нарығы айтарлықтай өсу кезеңін бастан өткеріп жатқандығын көрсетеді. Бағдарламалар аясында әлемде $500 млн-нан $1 млрд-қа дейін инвестиция тартылады. Бүгінгі таңда 80-нен астам ұқсас бағдарламалар бар", - деді ол.

Сондықтан Қаржы министрлігі Қазақстанда инвестициялық салық резиденттігін қолдануды ұсынады. Шолпанқұлов түсіндіргендей, жаңа бағдарлама АХҚО актісімен бекітілетін болады, бірақ міндетті түрде уәкілетті мемлекеттік органдармен, атап айтқанда, Ұлттық экономика, сыртқы және ішкі істер министрліктерімен, ҰҚК-мен келісіледі.

"Айта кету керек, бағдарламада инвестиция көлемі мен құралдары, инвестициялық салық резиденттігін алу рәсімдері анықталады. Негізгі тұжырымдама - инвестор мен оның отбасы мүшелерінің Қазақстанға бірнеше мәрте келу визасын алуына жағдай жасай отырып, инвестициялар тарту. Әлеуетті инвесторлар өз қаражатын АХҚО биржасында айналысқа түсетін қаржы құралдары мен бағалы қағаздарға инвестициялайтын болады. Сондай-ақ заң жобасында ҚР шегінен тыс көздерден түскен табыстар бойынша ЖТС төлеуден босату ұсынылады. Сонымен қатар, ел ішінде түскен табыстарға салық кодексіне сәйкес салық салынады, ал шет елде түскен табыстарға салық салынбайды", - деп нақтылады Шолпанқұлов. 

Бұл шара өзінің фискалдық шығындарын оңтайландыруға ұмтылатын инвесторларға бағытталған, деп түсіндірді ол.

"Бұдан басқа, Салық кодексінде ҚҚС-нан босатылған қаржылық қызметтерді жүзеге асыру бойынша айналым тізбесі белгіленген, оған АХҚО қатысушыларының қызметтері кірмейді. Заң жобасының екінші блогы - бұл нақтылаушы нормалар. Олар АХҚО органдары еңбек қатынастары мен сатып алу рәсімдерін реттейтін актілерді қабылдауға құқылы деп болжайды", - деп түйіндеді вице-министр.

Өз кезегінде Премьер-Министр Асқар Мамин Қаржы министрлігіне АХҚО-мен бірлесіп осы заң жобасын сапалы сүйемелдеуді қамтамасыз етуді тапсырды.

"Енгізілетін барлық өзгерістер 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істеуі тиіс", - деп атап өтті ол.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қаржы министрлігі инвестициялық резиденттікті алу процесін реттейтін "АХҚО туралы" заңға түзетулер әзірлегенін хабарлаған болатын.

Құжатқа сәйкес АХҚО резиденттігін шетелдіктер де, инвестицияларды жүзеге асырған азаматтығы жоқ адамдар да ала алады. Бұл ретте олар Қазақстан азаматтары болмауы және 20 жылдан кем бұрын азаматтықтан айырылған адамдар болмауы тиіс. Сондай-ақ олар жыл сайынғы міндетті бекітілген төлемді төлегені жөн.

 

Жәмилә Кәрімова

Ақпарат көзі: <url> https://lsm.kz/nalogovoe-rezidentstvo-dlya-investorov-poyavitsya-v-kazahstane

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Жүрсінов Р.М.

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
service.pravstat.kz
www.e-gov.kz
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі