Жаңалықтар

19.07.2019

Президенттің тапсырмасы: Қазақстандықтардың борыштық жүктемесін азайту бойынша ереже бекітілді

30

НҰР-СҰЛТАН. ҚАЗАҚПАРАТ- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылдың 15 шілдесіндегі № 520 қаулысымен Қазақстан Республикасының азаматтарының борыштық жүктемесін азайтуға жұмсалатын қаржыны пайдалану ережелері бекітілді. Сәйкес құжат нормативтік құқықтық актілердің «Әділет» құқықтық-ақпараттық жүйесінде жарияланды, деп хабарлайды, «Қазақпарат» ХАА тілшісі.

"Қазақстан Республикасы азаматтарының борыштық жүктемесін азайту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 34 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: Қазақстан Республикасының Үкіметі қосымшада көрсетілген Қазақстан Республикасы азаматтарының екінші деңгейдегі банктердегі және микроқаржы ұйымдарындағы кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша борыштық жүктемесін төмендетуге, төлем қызметтерін көрсеткені үшін комиссияға төленетін ақыны, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтарының айыппұлдары мен өсімпұлдарын есептен шығару бойынша борыштық жүктемесін төмендетуге арналған қаражатты пайдалану қағидаларын бекітті» - делінген құжатта.

Қазақстан Республикасының азаматтарын әлеуметтік қолдау шеңберінде екінші деңгейдегі банктердегі және микроқаржы ұйымдарындағы берешек мынадай шарттарға сәйкес келген кезде кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша өтелуге жатады:

1) 2019 жылғы 26 маусымдағы жағдай бойынша көп балалы отбасылар, асыраушысынан айырылуына байланысты әлеуметтік көмек алатындар, мүгедек баласы бар отбасылар, 18 жастан асқан бала кезінен мүгедектер, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар; жетім балалар, кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар аталған қарыздар бойынша борышкерлер болып табылады;

2) 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша қарыз бойынша жалпы берешек 3 000 000 (үш миллион) теңгеден аспайды;

3) 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша негізгі борыш пен ол бойынша есептелген сыйақыдан тұратын өтелетін берешектің мөлшері бір қарыз алушыға 300 000 (үш жүз мың) теңгеден аспайды.

  1. Берешегі бар және осы Ереженің қолданылу аясына жататын адам қайтыс болған (қайтыс болды деп жарияланған) жағдайда оның екінші деңгейдегі банктер мен микроқаржы ұйымдары алдындағы берешегі осы Ережеде көзделген тәртіппен, мерзімінде өтеледі.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы азаматтарының екінші деңгейдегі банктерде және микроқаржы ұйымдарында кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша борыштық жүктемесін төмендетуге, төлем қызметтерін көрсеткені үшін комиссияны төлеуге арналған қаражатты пайдалану тәртібі белгіленді.

Құжатта кредиттік бюроға ұсынылатын мәліметтердің нақтылығын,  дұрыстығын және толықтығын Екінші деңгейдегі банктер мен микроқаржы ұйымдары қамтамасыз ететіндігі мәлімделген

  • жылғы 31 шілдеге дейінгі мерзімде кредиттік бюро:

1) осы Ереженің 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген әрбір тұлғаның қарыз бойынша жалпы берешегін есептейді және 3 000 000 (үш миллион) теңгеден аспайтын жалпы берешегі бар тұлғаларды айқындайды.;

2) 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша бір қарыз алушыға     300 000 (үш жүз мың) теңгеден аспайтын мөлшерде негізгі борыш және сыйақы бойынша берешекті өтеу жүзеге асырылатын борышкерлерді және олардың қарыздарын және (немесе) микрокредиттерін айқындайды.

Бірінші кезекте жылдық тиімді мөлшерлеменің ең көп мөлшері бар қарыздар және (немесе) микрокредиттер бойынша берешек өтеледі; екінші кезекте – 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша негізгі борыш және сыйақы бойынша ең көп берешегі бар қарыздар және (немесе) микрокредиттер бойынша берешек өтеледі; үшінші кезекте – 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша қарыз және (немесе) микрокредит шарты неғұрлым ерте уақытта жасалған қарыздар және (немесе) микрокредиттер өтеледі;

Қаулыда сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтарына айыппұлдар мен өсімдерді есептен шығару тәртібі жазылған.

Сонымен қатар, қаулыда проблемалық кредиттер қоры 2019 жылдың 13 қыркүйегіне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне екінші деңгейдегі банктердің және микроқаржы ұйымдарының әрбір борышкер және оның қарызы (қарыздары) бойынша берешекті өтеуді жүзеге асыруы туралы ақпаратты беруі тиіс; сондай-ақ Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қарыздары өтелген адамдардың тізімін беруі тиіс делінген.

"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қордан осы Ереженің 17-тармағында көзделген ақпаратты алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оны "Е-халық" ақпараттық жүйесіне енгізеді. Осы Ережеге сәйкес кепілсіз тұтынушылық қарызды өтеу туралы ақпарат алу үшін өтініш беруші "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталына жүгінеді, - делінген қаулыда.

Көрсетілген ережелермен порталда толық танысуға болады.

 Ақбота Күзекбай

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Палымбетов Б.Ә.

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
service.pravstat.kz
www.e-gov.kz
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі