Жаңалықтар

18.07.2019

Арыста 22 шағын және орта бизнес нысанына 60 млн теңгеден астам көмек көрсетілді

28

Фото: atameken.kz

Бүгінде Арыс елдің аумақтық бірліктерінің саны бойынша 17 секторға бөлінген.

Арыс қаласының тыныс-тіршілігі қалпына келе бастағандай. Бір сәтте босап қалған қала біртіндеп жанданып келеді, қалпына келтіру жұмыстары қарқынды басталды, ол жұмыстарға Қазақстанның барлық өңірлеріндегі бизнесмендер белсенді түрде ат салысып жатыр, деп жазады atameken.kz.

Бүгінде Арыс елдің аумақтық бірліктерінің саны бойынша 17 секторға бөлінген. Жарылыстардан зардап шеккен кәсіпкерлік нысандарында ақау актілерін құрайтын тәуелсіз бағалаушылар жұмыс істейді.

Бұл жұмыстарға бизнесмендердің құқықтарын қорғау және шындықты анықтау үшін облыстық палата қызметкерлері де қатысып жатыр, олар бірде-бір кәсіпкердің ұмыт қалмауын қадағалайды.  Кәсіпкер ақау актісіне қол қойғаннан кейін құжат жоба ұйымдарына беріледі, олар бойынша смета жасайды және содан кейін ғана құрылыс компаниялары іске қосылады.

Бүгінгі таңда Арыс қаласының 400-ден астам бизнес-нысаны қалпына келтірілуі тиіс. Естеріңізге сала кетейік, Арыс кәсіпкерлеріне қолдау көрсету үшін "Бизнес бизнеске көмектеседі" жобасы іске қосылды, оның аясында Қазақстанның 12 ірі компаниясы зардап шеккен кәсіпкерлерге қаржылай көмек көрсете бастады. Бүгін 510 млн. теңге "Менің Атамекенім" шотына түсті. Қалған ірі компаниялар зардап шеккендерді қолдау бойынша шарттар жасасу сатысында.

"Біз 472 коммерциялық нысанды анықтадық, оның 395-і залалды өтеуге мұқтаж, ал 8 нысан толығымен жойылған.  Қазір Түркістан ӨКП қызметкерлері күн сайын Арыс кәсіпкерлеріне кеңес береді, сондай-ақ олардан өтемақы төлеу үшін жылжымайтын мүлік объектілеріне және кәсіпкерлік қызметке құқық белгілейтін құжаттарды қабылдайды. Бүгінде 163 құжаттар пакеті қабылданды", - деп атап өтті Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Дінмұхамед Әбсаттаров.

6 бизнес нысаны бойынша түркістандық құрылыс компания "Алжа Құрылыс" ЖШС тартылды. Бөлшектеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Залалды өтеуге жататын 18 нысан бойынша мердігерлік құрылыс ұйымдары белгіленді.

Бүгінгі таңда Арыс қаласының 22 ШОБ нысанына 62.4 млн.теңгеге жуық көмек көрсетілді, олар жөндеу жұмыстарына және нысандарды қалпына келтіруге жұмсалады. Сонымен қатар, залалды бағалау жүргізілген объектілер жұмыс істей бастады. Осылайша, Арыс қаласында 201 коммерциялық нысан өз келушілеріне есігін ашты.

Сонымен қатар, Арыс қаласындағы "Кәсіпкерлік мектебі" ғимаратында Палата қызметкерлері жылжымайтын мүлікке меншік құқығын беретін құжаттарды қабылдайды. Сондай-ақ, шығынды өтеу, несиені өтеу мерзімін ұзарту немесе жылдық 1%-бен 5 млн теңгеге дейін жеңілдікпен несие алу бойынша кеңес береді. Бүгінде Арыс бизнесмендері 1,8 млрд. теңгеге жеңілдікпен несие алуға 368 өтінім берді. 3256 кеңес өткізіліп, электрондық үкімет порталы арқылы 2375 анықтама берілді.

Толығырақ: https://inbusiness.kz/ru/last/okazana-pomosh-22-obektam-msb-arysi-na-summu-bolee-60-mln-tenge

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Палымбетов Б.Ә.

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
service.pravstat.kz
www.e-gov.kz
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі