Жаңалықтар

17.07.2019

Астанада МЖӘ жобаларына сараптама жасалады

18

НҰР-СҰЛТАН. ҚАЗАҚПАРАТ – Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов МЖӘ жобаларына бюджет пен әлеуметтік-экономикалық тиімділік үшін қаржылық мақсатқа сәйкестілігіне қатысты сараптама жасауды тапсырды, деп хабарлайды «Қазақпарат» тілшісі.

         "Мемлекет басшысы отандық бизнестің дамуына кедергі келтіргені үшін жауапкершілікті қылмыстық қудалауға дейін қатаңдатуға үндеу тастады. Сонымен қатар, Президент кейбір МЖӘ-жобаларын жүзеге асыруға қатысты сын айтты, онда құнның 90%-дан астамын мемлекеттің міндеттемелері құрайды", - деді Алтай Көлгінов ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша қала активімен кездесу барысында.

Қала басшысы МЖӘ идеясының беделі түсіп кеткендігін атап өтті.

"Бүгінде әкімдік 12 жоба бойынша 9 келісім-шарт жасасты, оның ішінде 9 жоба бойынша 37,5 млрд. теңге сомаға міндеттемелер қабылдады, бұл әкімдікке белгіленген мемлекеттік міндеттемелер лимиттерінің 27%-ын құрайды. Аталған жобалар бойынша тартылған инвестицияның жалпы көлемі 27,2 млрд. теңгені құрайды", - деді Алтай Көлгінов.

Осыған байланысты ол астана әкімінің орынбасары Асқар Әмринге барлық МЖӘ-жобаларын қаржылық мақсатқа сәйкестігі тұрғысынан талдауды тапсырды.

"Асқар Кемеңгерұлы, барлық МЖӘ жобаларын бюджет пен әлеуметтік-экономикалық тиімділік үшін оларды қаржылық сәйкестілік тұрғысынан тағы да талдауды тапсырамын", - деді өз орынбасарына Алтай Көлгінов.

 

Серік Сабеков

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Палымбетов Б.Ә.

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
service.pravstat.kz
www.e-gov.kz
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі