Жаңалықтар

16.07.2019

ҚР Президенті бюджетті түбегейлі қайта құруды тапсырды

21

НҰР-СҰЛТАН. ҚАЗАҚПАРАТ – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік бюджеттен барлық қажетсіз бағдарламаларды аластатуды тапсырды, деп хабарлайды "Қазақпарат" ХАА.

"Сапасыз және кәсіби емес жоспарлаудың мысалдары аз емес. Бұл ретте қаражатты тиімсіз пайдаланғаны үшін мемлекеттік органдар қатардағы орындаушыларға ескерту жасаумен шектеледі, ал қолданылатын тәртіптік жазалар анықталған бұзушылықтардың көлеміне сәйкес келмейді. 2018 жылы жауапкершілікке 155 қызметкер тартылды, оның 7%-ы ғана, яғни 11 адам ғана басшылар. Үкіметке Есеп комитетімен бірлесіп, мемлекеттік және квазимемлекеттік секторда бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланғаны және жоспарлағаны үшін жауапкершілік шараларын күшейтуді тапсырамын. Аталмыш шаралар квазимемлекеттік секторды айналып өтпеуі тиіс. Бұл мәселені заңнамалық деңгейде шешу қажет. Парламент бұл бастамаларды қолдайды деп сенемін", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Үкіметке кейінге қалдырылған мемлекеттік қаражаттың әлеуметтік және экономикалық қайтарымын бақылауды күшейту жөнінде ұсыныстар енгізуді тапсырды.

Өз кезегінде қаржы министрі Әлихан Смайылов осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

"Мемлекеттік шығындарды арттыру мәселесі - біздің жұмысымыздың басым бағыттарының бірі. Өткен жылғы бюджеттің атқарылуы және Үкіметтің Парламенттегі есебінің қорытындысы бойынша біз Жол картасын қабылдадық, онда есеп комитетінің, Парламент депутаттарының барлық түсініктемелері ескерілді. Және жол картасы шеңберінде біз шаралар кешенін әзірлеп жатырмыз, бірінші кезекте, мақсатты индикаторларға қол жеткізумен нақты байланыстыра отырып, бюджет шығыстарын жоспарлау бөлігінде бюджет заңнамасына өзгерістер енгізу. Бұл мемлекеттік бағдарламалар аясында мемлекеттік қолдаудың барлық шараларын қайта қарау, бұл баға параметрлері шындыққа сәйкес келуі үшін сатып алу жөніндегі ақпараттық жүйелерге байланыстыра отырып, бюджеттік жоспарлауды автоматтандыру", - деп түсіндірді Әлихан Смайылов.

Ол сондай-ақ, күзде ведомство осы мәселелер бойынша және жауапкершілікті арттыру бойынша Парламентке баяндайтындығын мәлімдеді.

Өз кезегінде Мемлекет басшысы бюджетті толығымен қайта құруды тапсырды.

"Жақсы, сіз менің тезисім мен берген тапсырмама назар аудардыңыз ба? Бюджетті мақсаттар мен даму үшін жаппай қайта қалыптастыру. Егер қазір бюджетті мұқият қарайтын болсақ, қойылған міндеттерге сай келмейтін бағдарламалық баптар бар екендігін көреміз", - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Серік Сабеков

 

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Палымбетов Б.Ә.

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
service.pravstat.kz
www.e-gov.kz
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі