Жаңалықтар

12.07.2019

Қазақстанда жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың саны артып келеді

42

Бір жыл ішінде кәсіпорындар саны 9% - ға артты.

Қазақстанда жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар саны артты, деп хабарлайды LS статистика комитетіне сілтеме жасай отырып.

2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың саны 294,8 мыңды құрайды. Осылайша, Қазақстанда жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың саны бір жыл ішінде 9,3%-ға өсті.

Өңірлер бөлінісінде ең көп өсім Шымкентте  (+16%, 14,8 мыңға дейін), Нұр-сұлтан (+13,3%, 48,1 мыңға дейін), Алматы облысында (+13,1%, 15,1 мыңға дейін) және Ақтөбе облысында (+9,7%, 12,8 мыңға дейін) байқалады.

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың ең көп саны Алматыда тіркелген – 71,8 мың бірлік, бір жылдағы өсім 9%.

Тіркелген кәсіпорындарға келетін болсақ, 2019 жылдың 1 шілдесінде олардың саны 437,6 мың бірлікке жетті.

 

Әліби САРУАР

 Ақпарат көзі:  https://lsm.kz/v-kazahstane-stalo-bol-she-predpriyatij

© LS

 

 

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Палымбетов Б.Ә.

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
service.pravstat.kz
www.e-gov.kz
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі