Жаңалықтар

10.07.2019

Үндістан инвестицияны салық жеңілдіктеріне айырбастайтындығын мәлімдеді

175

Үндістан Үкіметі ел өнеркәсібіне шетелдік инвестиция тартуға ниетті, деп жазады Bloomberg.   

Өткен аптада елдің қаржы министрі жаһандық технологиялық компанияларға табыс және салық жеңілдіктерін жасауға дайын екендігін хабарлады. Оларға зауыттар ашуды ұсынды, онда жартылай өткізгіштерден күн панеліне дейін өндірілетін болады.

Айта кету керек, инвестиция тарту – Премьер-министр Нарендра Модидің "Үндістанда жасалған" атты бағдарламасындағы басты тармақ. Атап айтқанда, ол жұмыс орындарын ұлғайтуға бағытталған. Сонымен қатар, Нью-Дели өз алдына ел экономикасындағы өнеркәсіптің үлесін 2020 жылға қарай 25%-ға дейін арттыру мақсатын қойды. Қазір бұл көрсеткіш 15%-ға тең. Сонымен қатар, 2024 жылға қарай бұл салаға 1,5 трлн доллар көлемінде қаржы салынады деп күтіліп отыр.

Жақын болашаққа деген өршіл мақсаттарға қарамастан, бүгінгі жағдай мәз емес. Үндістан, көлемі жағынан Азиядағы үшінші экономика, дегенмен шет елдерден тікелей инвестицияларды тарту бойынша бірқатар мемлекеттерден артта қалып отыр. Мысалы, бұл көрсеткіш 2017 жылы бір жарым пайызды құрады, ал Малайзияда – екі есе көп, ал Вьетнамда – 6%-дан жоғары. Мұндай мәліметтерді Дүниежүзілік банк ұсынды. Сарапшылардың пікірінше, инвесторлар Үндістанға қызығушылық танытпайды, өйткені онда Азияның оңтүстік-шығысына қарағанда бизнес ашу қиын.

Бұдан басқа, Үндістан бірқатар мемлекеттерге салымдар бойынша басқа да себептерге байланысты жол береді: көлік инфрақұрылымы, салық құрылымы, жер және еңбек нормалары қажетті деңгейде дамымаған. Джонс Хопкинс университеті профессорының болжамы бойынша, технологиялық компанияларға ұсынылатын салықтық жеңілдіктер республикаға шетелден қаражат тартуға көмектесе алады. Алайда, оның пікірінше, инвестициялық ахуалды жақсарту мәселесі әлдеқайда маңызды.

 

Айсәуле Байғазина

Толығырақ: https://inbusiness.kz/ru/last/indiya-predlagaet-nalogovye-lgoty-v-obmen-na-investicii

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Палымбетов Б.Ә.

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
service.pravstat.kz
www.e-gov.kz
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі