Жаңалықтар

28.05.2026

Бизнес-омбудсмен кәсіпкердің заңсыз ұсталған мүлкін қайтаруға қол жеткізді

69

Бизнес-омбудсмен «Казтеплоэнергомонтаж» ЖШС құрылтайшысы А.К. Исмагуловтың заңсыз ұсталған мүлкін қайтаруға қол жеткізді.

Бірнеше жыл бойы (2022 жылдан бастап) жергілікті мемлекеттік монополист – «Aqtobe-su-energy group» АҚ (Жылу желілері) кәсіпкердің арнайы техникасы мен құрал-саймандарын заңсыз ұстап келген.

Бұл ретте ашық «қитұрқы әрекетке» жол берілген: алдымен монополист сот орындаушысының шын мәнінде болмаған құжатына сілтеме жасаған (кейінірек анықталғандай, ол құжат тек бір айдан кейін шығарылып, небәрі 3 күн ғана күшінде болған), кейін компания басшылығы заң талаптарын мүлдем елемей, бөтен мүлікті қайтармай қойған.

Нәтижесінде жеке кәсіпорынның қызметі толықтай тоқтап қалған. Ұзаққа созылған бұл іске Бизнес-омбудсмен Аппаратының араласуы нүкте қойды. Құқық қорғау институтының өтінішхаты негізінде Ақтөбе прокуратурасы қылмыстық істі тоқтату туралы кезекті шешімнің күшін жойып, жан-жақты тергеу әрекеттерін жүргізу жөнінде нұсқау берген.

Осыдан кейін ғана жергілікті полиция ресми түрде алып қою жұмыстарын жүргізіп, автокран, 2 тиегіш, 4 құрылыс вагоны және құбыр элементтерін Жылу желілерінің аумағынан шығарып, заңды иесіне қайтарды.

Осылайша меншік құқығы толық қалпына келтіріліп, бизнестің қызметін қайта жандандыруға мүмкіндік туды.

Қылмыс фактісі 2025 жылдың соңында полицияның алып қою әрекеттері барысында тіркелгеніне қарамастан, 2026 жылы Ақтөбе тергеушілері қалалық прокуратураның келісімімен Қылмыстық кодекстің «Өз бетінше билік ету» (ҚР ҚК 389-бабы) бойынша қозғалған қылмыстық істі «қылмыс құрамы болмауына байланысты» кезекті рет тоқтатқан.

Бұл ретте Исмагулов А.К. аталған қаулымен таныстырылмаған, бұл ҚР Қылмыстық-процестік кодексі нормаларының өрескел бұзылуы болып табылады.

Жергілікті деңгейде істің қаралу барысымен түбегейлі келіспеген Бизнес-омбудсмен мәселені республикалық деңгейге шығарып, тікелей ҚР Бас прокурорына жүгінді. Ол өз өтінішінде Ақтөбе құқық қорғау органдары тарапынан жүйелі созбалаңға салу мен формалды көзқарас бар екенін атап өтіп, жәбірленуші тараптан жасырын түрде қылмыстық істі тоқтату және бұл ретте айғақтардың толық болуы тек бір жайтты — жергілікті полиция мен прокуратура тарапынан Жылу желілері басшылығына ашық түрде қолдау көрсетілу белгілерін білдіруі мүмкін екенін көрсетті.

Қанат Нұров Бас прокурордан істің материалдарын Астанаға алдыруды, толық әрі объективті тергеуді қайта жандандыруды, сондай-ақ Ақтөбе полициясы мен прокуратурасының лауазымды тұлғаларына қатысты қызметтік тексеру жүргізуді тапсыруды сұрады.

Бизнес-омбудсмен Аппаратының хабарлауынша, Уәкіл түпкілікті заңды процестік шешім қабылданғанға дейін бұл мәселені ерекше бақылауда ұстап отыр. 

Хатқа сілтеме:
www.ombudsmanbiz.kz

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Нұров Қанат Ілияұлы

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі