Жаңалықтар

04.10.2021

Шымкенттегі жылыжай иелері субсидияны қайтармайтын болды

216

Шымкенттің ауданаралық экономикалық арнайы соты ауыл шаруашылығы басқармасының кәсіпкерлерге қатысты енгізген 1,8 млрд теңге мемлекеттік субсидияны қайтару туралы талап-арызын қараусыз қалдырды, деп хабарлайды Inbusiness.kz тілшісі.

Осы жұмысқа тартылған мемлекеттік аудиторлардың қорытындысы субсидияларды қайтаруға негіз болған еді.

Естеріңізге сала кетейік, тамыз айында ведомство мегаполистің жеті шаруа қожалығының басшыларын сотқа беріп, олардан ілгеріде берілген субсидияларды қайтаруды талап еткен болатын. Мәселе бірнеше жыл бойы субсидия түрінде несиеге берілген 1 млрд 800 млн теңге туралы болып тұр, оны кәсіпкерлер Аграрлық несие корпорациясынан өнеркәсіптік жылыжайларға арналған жабдықты сатып алу үшін алған еді.

Сотқа өндірістік жылыжайы бар барлық жеті шаруа қожалығының басшылары шақырылды, Шымкентте бар-жоғы сол жеті жылыжай ғана. Олар: «Taza onim» ШҚ, «IGM-corporation» ЖШС, "А. В. Колесников" ШҚ, «Agropark» KZ ШҚ, «Arman agro" ШҚ, "Зәуре" ШҚ, "Шәріпов" ЖК, әрқайсысы әртүрлі көлемде субсидия алған. Жылыжай иелері Шымкент қаласының "Атамекен" ҰКП-на және "Атамекен" ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаевқа өздерін қорғауды сұрап жүгінді.

«Орын алған мәселені шешу үшін жұмысқа Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов қосылды. Ол осы мәселе бойынша ҚР Бас прокуроры Ғ. Нұрдәулетовке жүгінді. Бас прокуратура бизнес-омбудсмен кеңсесімен бірлесіп, қалыптасқан жағдайға талдау жүргізді, субсидиялаудың әрбір жағдайын жеке-жеке қарап шықты. Қадағалау актісі бойынша бұзушылықтардың бір бөлігі жойылғаны анықталды – құжаттама заңнама талаптарын ескере отырып ретке келтірілді. Мұндай жағдайлар бойынша субсидияларды қайтару орынсыз деген қорытындыға келдік. Негізсіз субсидия беру фактілері бойынша атқарылған жұмыс нәтижелері бойынша және талдау негізінде Бас прокуратура аумақтық прокуратураларға жергілікті атқарушы органдарға енгізілген бұзушылықтарды жою туралы ұсыныстарды кері қайтарып алу туралы тапсырма берді", – деп түсіндірді Шымкент қаласының "Атамекен" ҰКП-да.

 

Мира Бақытова, Шымкент

Толығырақ:  https://inbusiness.kz/ru/last/shymkentskie-teplichniki-ne-budut-vozvrashat-1-8-mlrd-tenge-subsidij

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Жүрсінов Р.М.

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
service.pravstat.kz
www.e-gov.kz
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі