Жаңалықтар

26.07.2021

Қостанай облысының Кәсіпкерлер палатасы мониторингтік топ рейдінің заңдылығын тексеруге қатысты мәлімет ұсынды

216

Қостанай облысы

Енді кәсіпкер мониторингтік топ мүшелерінен тексеру актісін талап ете алады және QR-кодтың көмегімен оның infokazakhstan.kz.-те тіркелген-тіркелмегенін анықтай алады.  Егер тіркелмеген болса - тексеру заңсыз, және бизнесменнің тексерушілерді өз объекісіне жібермеуге толық құқығы бар.

"Мониторингтік топтар тексерілетін объект, рейд жүргізу мерзімі, мониторинг үшін негіз және т.б. туралы мәліметтерді көрсете отырып, тексеруді тіркеуі тиіс. Әрі қарай мониторингтің электронды актісі қалыптастырылады, онда QR-код болуы міндетті. Аяқталғаннан кейін 24 сағат ішінде тексерушілер тексеру нәтижесі туралы ақпаратты енгізуі тиіс. Мониторингтік топтардың рейдтерін міндетті түрде тіркеу туралы шешімді тексерушілер тарапынан заңсыз әрекеттерге жол бермеу мақсатында ведомствоаралық комиссия 1 шілдеде қабылдады", - деп хабарлады Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының бөлім бастығы Ренат Дәулетбаев.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Қостанай облысының кәсіпкерлер палатасына келіп түскен барлық өтініштердің 20%-ға жуығы мониторингтік топтардың әрекеттеріне қатысты болған. Бизнесмендер ретсіз тексерулерге шағымданған еді, кейбір объектілерге күніне бірнеше рет келіп, ешқандай құжат ұсынбастан тексеру жүргізген жағдайлар да орын алған.

Тексерушілердің өкілеттіктеріне қатысты даулар жиі туындаған еді. Кәсіпкерлер палатасында мониторингтік топтар бұзушылықтарды тек бес санитарлық талап бойынша ғана тіркей алатынын еске салады:

- жұмыс тәртібі;

- отбасылық, еске алу іс-шараларын (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу) және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуді шектеуге қойылатын талаптар;

- әлеуметтік қашықтықты сақтау;

- бетперде режимі;

- келушілер санының лимиттен асуы.

Қолғаптардың, дезинфекциялау кілемшелерінің және тоннельдердің бар-жоғын мониторингтік топтар тексермейді.

 

Дереккөз: https://atameken.kz/ru/news/44204-kak-proverit-zakonnost-rejda-monitoringovoj-gruppy-rasskazali-v-palate-predprinimatelej-kostanajskoj-oblasti

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Жүрсінов Р.М.

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
service.pravstat.kz
www.e-gov.kz
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі