Жаңалықтар

26.07.2021

ИИДМ Қытай мен Өзбекстан арасындағы мультимодальды дәлізге қатысты түсінік берді

182

Министрліктің өкілі бұл дәліз Қазақстан арқылы өтетін транзиттік дәлізбен бәсекелес болмайды деген пікір білдірді.

Бұл туралы бүгін ИИДМ-де өткен брифингте ИИДМ Көлік комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Тайжанов мәлімдеді. Ол шын мәнінде мұндай дәліз бар екенін, ол бүгінде құрылып та жатқанын атап өтті.

"Аталмыш дәліз жұмысын 2020 жылы бастады. Бірақ ол мультимодальдық дәліз ретінде жұмыс істейді. Яғни, жүктер Қытай мен Қырғызстан шекарасына дейін темір жол көлігімен жеткізіледі, одан әрі Қытайдың Қашқар қаласынан жүктер автокөлікпен тасымалданады және Қырғызстан арқылы одан әрі Өзбекстанға темір жол көлігімен тасымалданады", – деді Индустрия министрлігінің өкілі.

Ол өткен жылы 5 маусымда Қытай қаласынан Ташкентке алғашқы контейнерлік пойыз жіберілгенін еске салды. Маршруттың жалпы ұзындығы 4380 км құрады.

"Бүгінгі таңда бұл дәлізде үлкен көлем жоқ. Ол мультимодальды болғандықтан тау жолдары арқылы өтеді... Біздің ойымызша, ол біздің дәлізбен бәсекелесе алмайды, өйткені біршама уақыт алады және ол дәліз арқылы тасымалдау қымбатқа түседі", – деп түйіндеді Жәнібек Тайжанов.

 

Майра Медеубаева

 

Дереккөз: https://inbusiness.kz/ru/news/v-miir-prokommentirovali-perevozki-iz-kitaya-v-uzbekistan-minuya-kazahstan

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Жүрсінов Р.М.

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
service.pravstat.kz
www.e-gov.kz
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі